Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Январь 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

Филиал АО НЦПК Өрлеу ИПК ПР по Жамбылской области

Адрес сайта:

«Рухани жаңғыру» және гендерлік теңдік

22 қаңтар күні «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының ұйымдастыруымен «Гендерлік теңдік» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел отбасындағы гендерлік теңдікке қол жеткізу, отбасындағы тәрбиенің рөлін күшейту, мемлекет және қоғам тарапынан гендерлік теңдікті қолдау мәселелерін талқылау мақсатын көздеді.

Іс-шараға филиал және Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің оқытушылары қатысты. Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының тренері Биби Скакова іс-шараны модератор ретінде жүргізіп отырды.

Дөңгелек үстел барысында «Гендерлік тәрбие беруде ата-ана мен мұғалімнің рөлі», «Мектеп пен отбасындағы ұл бала мен қыз баланың тәрбиесі», «Қазіргі таңда оқушыларды  отбасылық өмірге дайындаудың өзектілігі», «Оқушыларды отбасылық өмірге дайындауда мектеп пен отбасының рөлі» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел барысында іс-шараға қатысушылар тарапынан әйелдердiң саяси құқықтарын жүзеге асыру шаралары  жөнiнде көптеген сұрақтар қойылып, өзара пікір алмасу жасалып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілгендей, заманауи жанұя құру,  ұлттық құндылықтарды бойына  сіңіре отырып ел болашағы - ұрпақты  тәрбиелеу, гендерлік тәрбие берудегі  ата-ана мен мұғалімнің рөлін нақтылау туралы  қорытынды шығарылды.

            

Кунсулу Таукебаева, т.ғ.к., қауым,профессор ББПППС кафедрасының меңгерушісі 

Жаңартылған білім беру мазмұны – заман талабы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Қазақстан Республикасындағы орта білім мазмұнын жаңарту аясында ағылшын тілін оқытудың мазмұны мен әдістемесі» тақырыбында Жамбыл облысының ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды.

Біліктілікті арттыру курсы педагогтердің пән бойынша оқу бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізуде педагогикалық шеберлігін жетілдіруге бағытталған.

Сонымен қатар, аудиторияда жаңартылған білім мазмұнын, тиімді оқыту мен оқытуды,  жаңа модельді жоспарлау сабақтарын, инновациялық технологияларды қолдана отырып, балалармен жұмыс істеуде олардың дағдыларын дамыту сияқты мәселелер қарастырады. Қызықты мысалдарды оқып үйрену, тәжірибе алмасу арқылы  мұғалімдер сабақ жоспарларын жасай алады. 

Карлыгаш Бектурганова, ББППС  кафедрасының аға оқытушысы

Инклюзивті білім берудің тактикасы мен практикасы

 
21 қаңтар күні Жамбыл – «Өрлеу» филиалы Тараз сервис және технология колледжінің оқытушыларымен «Инклюзивті білім берудің тактикасы мен практикасы» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинарды «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және инклюзивті білім беру кафедрасының оқытушысы Салтанат Курманова мен білім беру процесін педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу кафедарасының аға оқытушысы Парида Каркабаева жүргізді.
Семинар барысында П.Каркабаева инклюзивті білім беруді дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздеріне тоқталып өтті. Аға оқытушы С.Курманова семинар қатысушыларына білім алушылармен, олардың ата-аналарымен және педагогтермен жүргізілетін жұмыстың белсенді әдістерімен таныстырды.
Қатысушылар үшін семинар мазмұны қызықты болды және инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің барлық бағыттарын қамтылды.
Семинар соңында оқытушылар өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті.
 
Зере Смаилова, ББПППС кафедрасының аға оқытушысы
 
 

Инклюзивті білім беру: жеке білім траекториясын құру ерекшеліктері

 

17 қаңтар күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ  оқытушыларына өз білімдерін жетілдіру бойынша «Инклюзивті білім беру: жеке білім траекториясын құру ерекшеліктері» тақырыбында семинары өтті. Семинарды «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және инклюзивті білім беру» кафедрасының оқытушылары Салтанат Курманова мен Айгуль Абилова жүргізді.
Семинар барысында  филиал оқытушылары инклюзивті білім беруде оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды үй жағдайында және инклюзивті сыныпта оқыту процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар жүйесін қарастырып, оқу бағдарламаларын қысқарту, жеке оқу бағдарламаларын әзірлеу бойынша ұсыныстарды талқылады.
Іс-шара соңында филиал оқытушыларына барлық білім беру деңгейіндегі ұйымдардың педагогтері білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, инклюзивті сынып мұғалімдеріне кез-келген жағдайды шешуге көмектесу үшін анықтау мен түзету жұмысын ұйымдастыру жолдары  ұсынылды.
 
Мадина Садибекова, МДТжИББ  кафедрасының аға оқытушысы
 

Шеберлікті шыңдау – білім беру курсында

 
Қаңтар айының 13-і мен 24-і аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ  базысында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту» тақырыбында  біліктілікті арттыру курсы басталды.
72-сағаттық оқу-тақырыптық жоспар бойынша ұйымдастырылған білім беру курсының мақсаты – бағдарламаның мазмұнын, құрылымын, негізгі идеяларын тану, мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыруға жағдай жасау.
Курс барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша білім беру үдерісін жобалау, пәндерді оқытудағы белсенді әдіс-тәсілдер, оқу жетістіктерін критериалды бағалау және қысқа мерзімді сабақ жоспарын тиімді жоспарлау  қарастырылуда. Білім беру үдерісі оқытудың интерактивті әдістері, пікірталас,  «миға шабуыл», іскерлік ойындар, тренингтер, жоба әдісі, бейнефильмдерді талқылау, мәселені бірлесіп талқылау және т.б.арқылы жүзеге асырылуда.
Курсқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!!!
 
Гүлхан Аманова, ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы
 

Электрондық және цифрлық білім беру қорлары

 

15 қаңтар күні Жамбыл – «Өрлеу» институтының инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Ербол Избасаров цифрлық білім беру ресурстары бойынша іс-тәжірибе алмасу және тарату мақсатында, «Сандық білім беру ресурстарын және виртуалды зертханаларды пайдалану (BilimLand (BilimLand)»  тақырыбында филиал аға оқытушыларының қатысуымен семинар өткізді.
Семинар барысында жалпы орта білім берудегі сандық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері, ақпараттық ресурстардың қолжетімділігі мен олардың мазмұны талқыланды. Сонымен қатар әлеуметтік желілермен жұмыс істеудің проблемалары мен тиімділігі туралы сөз қозғалды. Семинар қорытындысында қатысушылар «Жамбыл-Өрлеу» институтының IT-саласындағы көкейтесті мәселелерді көтеріп отырғандығын атай отырып, өз алғыстарын білдірді.
 
Гульбакира Байтенова, ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы
 
 

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

 

Жамбыл-«Өрлеу» 6-17 қаңтар  аралығында   Қордай ауданының мұғалімдеріне «Инклюзивті білім беру аясында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды үйде оқытуда мұғалімінің  кәсіби құзыреттілігін  дамыту» тақырыбында 72 сағаттық курс өтуде.
Курс барысында тыңдаушылар ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жеке білім беру бағдарламасын құру тәсілдерін меңгеру, түзете-дамыта оқыту, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу технологияларын қолдану біліктері мен дағдыларын қалыптастыру жолдарын меңгеруде.
Сонымен қатар осы курс аясында №51 орта мектебінің 5 «б» сыныбында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жеке қолдау көрсету мен оқу процесіне қатыстырудың әдістерін тәжірибеде қолдану бойынша бірлескен шебер сынып ұйымдастырылды.
Тыңдаушылар өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, жұмыс барысында кездесетін қиындықтар мен кемшіліктердің алдын алу  мәселелері мен шешімдері бойынша сұрақтар талқыланып, бірнеше ұсыныстар бойынша алдағы уақытта тығыз қарым-қатынаста бірлесіп жұмыс атқаруды жоспарлады.   
Курс ерекше білім беруді қажет ететін  балалармен жұмыс бағытын, әдіс-тәсілдерін анықтау арқылы әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды. 
 
Салтанат Курманова, МДТжИББ кафедрасының аға оқытушысы
 
 

РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМДІ ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ ЖОЛДАРЫ

 

15 қаңтар күні Жамбыл - «Өрлеу» тренерлері Назира Абдикеримова мен Фарида Кулен  «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын тұтастай педагогикалық үдерісте интеграциялау бойынша пилоттық ұйым Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде семинар өтті.
Семинар барысында рухани-адамгершілік білімді тәрбие процесіне интеграциялау мәселелері қарастырылды. Колледж ұжымына  оқудан тыс іс-шараларға жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялаудың  жолдары туралы түсіндіріліп, алдағы уақыттта атқарылатын барлық іс-шараларды «Еріктілер» жылымен байланыстыра отырып өткізуге болатындығы жайында айтылып, бірнеше  мысал келтірілді.
Семинар барысы жоғары деңгейде өткізілді, қатысушылар арасынан туындаған сұрақтарға тренерлер тарапынан оң жауаптар берілді, сонымен қатар, осы бағытта атқарылатын барлық іс-шараларда әріптестік байланыста жұмыстар атқарамыз деп өзара сенім білдірді.
 
Кунсулу Таукебаева, т.ғ.к., қаум. Профессор, ББПППС кафедрасының меңгерушісі
 
 
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ