Smart rus

Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Ноябрь 2021 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

Сабақ жоспарының ерекшеліктеріне назар аударылды

«Өрлеу»  – Жамбыл аға оқытушысы Көшербаева Жулдыз 24 қараша күні бастауыш сынып мұғалімдеріне «Жаңа үлгіде сабақты жоспарлаудың ерекшеліктері» тақырыбында тренер сағатын өткізді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі №472 бұйрығымен бекітілген сабақ жоспарының ерекшеліктеріне назар аударылды. Смарт форматта сабақ мақсаттарын дұрыс құрастырудың оңтайлы жолдары қарастырылды. Педагог қызметін дұрыс ұйымдастыруға, белсенді әдістерді тиімді пайдалануға, оқушыға дескрипторларды түсінуге ерекше көңіл бөлінді. Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделетін іс-әрекет екеніне көз жеткізді. Ал, рефлексия мақсаты – еске түсіру, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру екенін түсінді.
Қорытындылай келе, қатысушылар тренерге сабақ жоспарының ерекшеліктерін  анықтау бойынша тәжірибесімен алмасуға мүмкіндік бергеніне алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта бірлескен жұмыс жалғасын табады деген ұсыныс жасады.
 
 Мадина Садибекова, ӘжПИ кафедрасының аға оқытушысы
 
 
Подробнее ...

Қосымша білім беру ұйымындағы кездесу

Жамбыл – «Өрлеу» тренерлері Тайганбекова Шынармен Смаилова Зере мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың ұйымдастыруымен өткен «Жаңартылған білім беру жағдайында психологиялық қызметті ұйымдастыру» тақырыбындағы облыстық семинарда өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Пленарлық отырыста Зере Өсербайқызы  «Білім беру мекемесіндегі психологиялық қызмет жүйесінде рәсімделетін құжаттар» тақырыбында  педагог-психолог қызметінің маңызы мен оның жұмысындағы құжаттарды рәсімдеуге байланысты жаңалықтармен бөлісті. Тәжірибелік бөлімде п.ғ.к. қауымд. профессор Шынар Малимбаевна «Қорқынышпен би» тренингібарысында педагог-психологтарға тұлғаның бойындағы қорқынышынан арылуға көмектесетін жаттығуларды орындау тәсілін көрсетті
Сонымен қатар  іс-шарабарысында оқушылардың психологиялық саулығын, білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ететін және рухани-адамгершілік тәрбиені дамытуға бағытталған қауіпсіз білім беру ортасын құруға мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдер тәжірибе жүзінде жүргізілді.  
Семинар соңында белсенділер марапатталып, екі ұйым арасындағы ынтымақтастықтың жалғасатындығы туралы  айтылды.
 
Кунсулу Таукебаева, ӘжПИ кафедрасының меңгерушісі
 
 
Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926ЛУЧШИЙ РАБОТНИК МЕСЯЦА
Кошкимбаева Ж.С.
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ