Smart rus

Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Ноябрь 2021 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

Критериалды бағалаудың өзекті мәселелері талқыланды

«Өрлеу» - Жамбыл жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне курстан кейінгі қолдау көрсету жұмысын жалғастыруда. Филиал тренері Жанар Хайрушева Тараз қаласындағы мектептердің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында критериалды бағалау жүйесін қолданудың ерекшеліктері» тақырыбында семинар ұйымдастырып, өткізді.
Іс-шара барысында критериалды бағалау жүйесін тәжірибеде қолдану мәселелері, қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу жолдары және оларды орыс тілі мен әдебиеті пәнінде орындау ерекшеліктері қарастырылды.
Айта кету керек, семинардың тақырыбы өткен оқу жылында жүргізілген қашықтықтан оқытудың анықталған проблемаларының нәтижелері бойынша мұғалімдердің өздерінің өтініштерін ескере отырып құрастырылды. Расында да іс-шараға қатысқан мұғалімдер бағалау, сараланған тапсырмаларды құрастыру қиындықтары туралы айтып, критериалды бағалауды қолданудың жалпы мәселелерін талқылады. Семинар мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуымен аяқталды.
 
Эльмира Мирзалиева, ЖжГПОӘ кафедрасының меңгерушісі
 
 
Подробнее ...

Lesson study: фокус тобы құрылды

«Өрлеу» - Жамбыл филиалының  аға оқытушысы, филология магистрі Карымбаева Сағадат Тараз қаласындағы №54 орта мектебінің базасында бірлескен кәсіби дамуды қолдау мақсатында фокус тобын құрды.
Сағадат Мейрамбаевна №54 орта мектебінде құрылған «Ұшқын» фокус тобының модераторы болып бекітілді және топ мүшелері анықталып, хатшы, сарапшы және бақылаушылар тағайындалды
Өткізілген алғашқы отырыста фокус тобының зерттеу тақырыбын анықтау үшін кіріспе сабақтарын белгілеу және сынып оқушыларының деңгейлерін анықтау мақсаты қойылды. Осы мақсатта топ отырысына қатысқан мектеп психологының сараптамасы талқыланып, кіріспесабақтарының кестесі, сарапшы мен бақылаушылардың қызметі жоспарланды. Сонымен қатар, мектеп әкімшілігі тарапынан қолдау мақсатында арнайы сынып аудиториясы мен ата-аналармен тиімді байланыс орнату мәселесі ұйымдастырылды. Келесі қадам – кіріспе сабақтарын өткізу.
 
Айша Тулекова, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы
 
 
 
 
Подробнее ...

Тұрақты даму мақсаттары аясында білім беру: оқу міндеттері

«Өрлеу» - Жамбыл кафедра меңгерушісі, PhD  философия докторы Мирзалиева Эльмира Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан бойынша аймақтық бюросы ұйымдастырған «Қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы тұрақты даму үшін білім беруді енгізу» белсенді тренингіне қатысты. Жинақталған тәжірибені тарату мақсатында «Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде білім беру: оқу міндеттері» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Жұмыс барысында қатысушылар Тараз қаласының С.К.Нурмагамбетов атындағы № 10 орта мектебінің мұғалімдері Кайдаулова Раушан, Айткожаева Шолпан,  Алматы қаласының  №189 ОМ  Сарсекеева Инкар, Кудайбергенова Жамиля  және Тараз қаласының Төле би атындағы мектеп-гимназиясынан Жумабекова Гульмира №13 ТДМ-ның   өдерінің стратегияларын, жоспарын және бағдарламаларын ұсынды, оның ішінде эко-клубты  құрастыру бойынша  халықтың экомәдениетін мен экосауаттылық қалыптастыруды қарастырды.             
                       
  Гаухар Таджибаева, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы
 
 
Подробнее ...

Mentimeter арқылы тәжірибелік жұмыстар жүргізілді

«Өрлеу» - Жамбыл филиалының фейсбук парақшасында «Қашықтан оқытуда Mentimeter қосымшасын кері байланыс құралы ретінде пайдалану» тақырыбында шебер-сынып өтті.
Филиалдың аға оқытушысы Избасаров Ербол Mentimeter онлайн-сервисі арқылы тегін, қарапайым стильде нақты уақытта, сауалнама мен дауыс беруге, интерактивті презентацияны жасауға және дайын мысалды пайдалана отырып презентациямен интерактивті сұрақтар тақтасын мобильді құрылғылармен аудиторияда диалог арқылы сөйлесуге, дауыс беру, викториналық сұрақтарды қоюға болатындығы көрсетілді. Іс-шара барысында дайын жобаның веб-сайты - https://www.menti.com/ және берілген код арқылы кіру арқылы  аудиториямен жедел кері байланысты  қамтамасыз ету мүмкіндіктерін іс жүзінде көрсету мақсатында  тәжірибелік жұмыстар жүргізді.
 
Тайтөлеу Бегаулов, PR-SMM-маманы
Подробнее ...

Республика педагогтері іс-тәжірибелерімен бөлісті

«ҚР орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы еркекшеліктері» туралы әдістемелік нұсқау хатындағы ерекшеліктердің бірі үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізуді жетілдіру мәселесі.
Осы құжат аясында «Өрлеу» - Жамбыл аға оқытушысы Тулекова Айша «Үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты ұйымдастыру және жоспарлау» тақырыбында республикалық  онлайн семинар өткізді.
Іс-шара барысында Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қуанышбаева Әйгерім, Түркістан облысы  Ы.Алтынсарин атындағы №1 қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Тұрысбекова Жадыра, Жамбыл облысы Бауыржан Момышұлы атындағы №45 мектеп гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Шыныбаева Индира, биология пәнінің мұғалімі Жанбыршиева Назгул, Павлодар облысы, №3 Успенов жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шакирова Жансая оқушының оқу үлгерімін жақсарту және оның оқуға қызығушылығын арттыру туралы өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, білім алушының артта қалуының себебін зерделеді.
 
Дина Сейданова, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы
 
 
Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926ЛУЧШИЙ РАБОТНИК МЕСЯЦА
Кошкимбаева Ж.С.
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ