Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Май 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

Абай мұрасы әлемдік руханият кеңістігінде

Жамбыл – «Өрлеу» филиалының инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі Сағадат Қарымбаева   4 мамыр күні Қайнар академиясы тілдер және журналистика кафедрасы ұйымдастырған ұлы ақын, философ, аудармашы, композитор, қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай мұрасы әлемдік руханият кеңістігінде» атты Халықаралық онлайн-конференцияға қатысты. Онлайн-конференцияның мақсаты – әлем мойындаған дана ұстаз, адамзаттың ақыны, ұлы ойшылдың шығармашылық мұрасын дәріптеу. Абайдың асыл мұрасы мен даналық сөздері бүкіләлемдік қазынаға қосылған алтын қор екенін дәлелдеу. Вебинар жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізілді. Конференция жұмысына Франция, Түркия, Нидерланд, Греция, Польша және Қазақстан елдерінің ғалымдары қатысты. Ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференцияда Қарымбаева Сағадат Абайдың әлемдік деңгейде тұлғалық бейнесіне берілген жоғары бағасына куә болды және ұлы жазушының ұрпағы Әуезова Зифа Мұратқызының «Қазақ әдебиетінің мәңгілік оты» тақырыбындағы ғылыми еңбегімен танысты.

Қайнар академиясы тілдер және журналистика кафедрасы ұйымдастырған Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық онлайн-конференция ҚР Президенті Қ-Ж.Тоқаевтың Семейде ақынның жерлестерімен кездесуде айтқан: «Абай, шын мәнінде, қазақ болмысының айнасы. Ақынның дара тұлғасы – халқымыздың руханиятын әлемге танытатын теңдесі жоқ құндылық. Дүниежүзі әдебиетінде Абай сияқты ақын, ағартушы, ойшыл, сыншы кемде-кем. Абай, шын мәнінде, қазақтың біртуар перзенті», - деген сөзінің дәлелі болды. Бүгінде Абай мұралары әлемдік деңгейде талқыланып, өзінің биік бағасын алып жатыр. Ұлы ақынның шығармалары бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпағандығының дәлелі. Абайдың ой-тұжырымдары адамзат баласына қашанда рухани азық болған және солай болып қала береді.

Эльмира Мирзалиева, ИББжАТ кафедрасының меңгерушісі

Подробнее ...

Kahоot бағдарламасының көмегімен саралау тапсырмаларын ұсыну

4  мамыр күні  Жамбыл – «Өрлеу» аға оқытушылары  Баян Байхадамова мен Жұлдыз  Көлбаева «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында саралауды ұйымдастыру және қашықтықтан оқытуға бағыттау» тақырыбында жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдеріне арналған  онлайн-семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – оқу үдерісінде саралауды ұйымдастыру, саралау тапсырмаларын әзірлеу мен  оқушыларға қашықтықтан ұсынудың тәсілдері бойынша әдістемелік көмек беру.

Іс-шара барысында қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері саралау тапсырмаларын әзірлеудің   жолдарын,  деңгейлік пен саралаудың айырмашылығын, оқушыларға қолдау көрсетудің тәсілдерін меңгерді және  тапсырмаларды  оқушыларға  қашықтықтан ұсынудың    Kahоot бағдарламасымен  жұмыс жасаудың алгоритмімен де танысты.

Семинар  тікелей эфирде біздің YouTube каналымызда https://us04web.zoom.us/j/76632985525?pwd=a3hvR1VCRTZ6RlgwVmo2MC9SZGphQT09

сілтемесі арқылы көрсетілді.

Жамбыл – «Өрлеумен» біліктіліктеріңізді арттырыңыздар!

#өздеріңізді_және_жақындарыңызды_сақтаңыздар #біз_біргеміз

Кунсулу Таукебаева, ББПППС кафедрасының меңгерушісі

Подробнее ...

Развитие критического мышления учащихся через вопрос

Жамбыл  – «Өрлеу» приглашает педагогов организаций среднего образования 5 мая в 15.00 ч. (время Нур-Султана) принять участие в рефлексивном семинаре на тему «Развитие критического мышления учащихся через вопрос». Семинар проводит тренер Жамбыл – «Өрлеу» Таджибаева Гаухар в Facebook (https://www.facebook.com/profile.php?id=100009463133231). В ходе семинара будут рассмотрены разграничение вопросов, соответствующих уровням навыков мышления, используемых методов и путей развития критического мышления учащихся через заданные вопросы.

Подробнее ...

Сұрақ қою арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамыту

Жамбыл – «Өрлеу» Сіздерді 5 мамыр күні сағат 15.00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен) орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне «Сұрақ қою арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамыту» тақырыбында өтетін рефлексивтi семинарға қатысуға шақырады. Жамбыл – «Өрлеу»  тренері Таджибаева Гаухар Сіздерге Facebook-те (https://www.facebook.com/profile.php?id=100009463133231) өткізеді. Семинар сұрақ қою арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамыту жолдарын және қолданылатын әдістерін, ойлау дағдысының деңгейлеріне сәйкес сұрақтарды ажыратуды қарастыратын болады.

Жамбыл – «Өрлеу» Сіздерді әрқашан қолдайды! #үйде болыңыз #біз біргеміз

Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ