Smart rus

Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Май 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

Оқушылардың ғылыми ізденушілікке қызығушылығын қалыптастыру

28 мамыр күні  Жамбыл – «Өрлеу» филиалының инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының апталығы аясында Zoom платформасы арқылы «Ғылыми-зерттеушілік жұмыстарды ұйымдастыру, ШЖМ сабақтарында оқушылардың зерттеушілік құзіреттіліктерін дамыту» тақырыбында on-line семинар өтті. Семинарға облыс бойынша орта білім беру ұйымдары басшылары мен мұғалімдері қатысты.

Семинарды кафедраның аға оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі Райымбекқызы Ақжарқын өткізді.

Педагогтерді әдістемелік қолдау мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, зертеушілік құзіреттіліктерін дамыту жолдары, зерттеу жұмыстарының  жалпы жүйесінің негізгі кезеңдері қарастырылды.

Семинар барысында оқушылардың өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес өзі ашатындығы айтылды.

 

Лайла Сейдазимова, ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы

Подробнее ...

Инклюзивті білім беру тәжірибесі: технологиялар мен тәсілдер

Жамбыл – «Өрлеу» 27 мамыр күні «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында инклюзивті білім беру: проблемалары және оларды шешу жолдары» атты облыстық онлайн-дөңгелек үстел өткізді.

Қатысушылар білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында инклюзивті білім беруді дамытуды қарастырып талқылады, проблемаларды, оларды шешу жолдарын анықтады. Облыстық дөңгелек үстелге отандық және шетелдік ғалымдар, инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін білім басқармаларының (бөлімдерінің) мамандары, білім беру ұйымдарының педагогтары (мектепке дейінгі ұйымдар, жалпы білім беретін және арнайы түзету мектептері), жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелді «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Гульшат Медетбекова кіріспе сөзбен ашып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Проблемалық мәселелерді талқылауды мектепке дейінгі тәрбиелеу және инклюзивті білім беру кафедрасының жанынан құрылған курстан кейінгі қолдау және инклюзияны енгізу зертханасының мамандары ашып, дөңгелек үстелге қатысушылар үшін арнайы дайындалған «Инклюзия идеясы жұмыс істеуі тиіс» атты тақырыпта бейнероликті көруді ұсынылды.

Алматы қаласының түзету педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының арнайы мектептегі білім беру зертханасының меңгерушісі Ирина Елисеева арнайы білім беру жүйесін ешқандай жағдайда инклюзивті біліммен ауыстыруға болмайтынына сенімді. Бұл екі жүйе бір-бірімен өзара тығыз байланыста дамуы тиіс. Қарағанды қаласының «Перспектива» ерте дамыту және түзетуді қолдау орталығының жетекшісі Арман Баграмов, өз сөзінде ҚР Білім беру ұйымдары инклюзивті тәжірибені енгізу немесе жетілдіруі  қай кезеңде жүріп жатқаны туралы мәселе көтерді.

Ресей Федерациясының педагогтері – Екатерина Бредихина, бастауыш сынып мұғалімі, Снежана Пакиева, Башқұртстан Республикасының логопед мұғалімі - инклюзивті интеграция саласындағы үздік тәжірибені көрсетті. «Қамқор жүрек» Қорының спикерлері Елизабет Турнок пен Виктория Шарбоне АҚШ-та инклюзивті білім беруді дамыту тәжірибесін ұсынды.

Жамбыл - «Өрлеу филиалының кітапхана ісінің бас маманы Инна Грицинина тақырыптық Кітап флэшбук дайындап, көрсетті.

Облыстық дөңгелек үстелдің жұмысы біздің өңірде және одан тыс жерлерде инклюзивті білім беруді ұйымдастыру бойынша педагогтардың шығармашылық әлеуетін көрсетті.

 

Айгул Абилова, с.ғ.к., МДТжИББ кафедрасының аға оқытушысы

Подробнее ...

Уважаемые учителя!

Жамбыл – «Өрлеу» с 01.06 по 12.06.2020 г. проводит краткосрочные 72-часовые онлайн курсы повышения квалификации на тему  «Научно-методологические основы предмета «Самопознание».

Подробнее ...

Құрметті ұстаздар!

Жамбыл - «Өрлеу»  01.06-12.06.2020ж. аралығында «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық  негіздері» тақырыбында қысқа мерзімді 72 сағаттық онлайн біліктілікті арттыру  курсы өтетіндігін хабарлайды.

Подробнее ...

Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру жолдары

27 мамыр күні инновациялық білім беру және ақпаратандыру технологиялар кафедрасы апталығы аясында  Жамбыл – «Өрлеу» аға оқытушысы Ербол Избасаров жалпы білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру жолдары» тақырыбында онлайн кеңес өткізді.

Онлайн кеңесте қатысушылар қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары, оқу процесін ұйымдастыру тәртібі, оқу процесіне қатысушыға қойылатын талаптар және пайдалы интернет ресурстарға сілтемелер мен «YouTube арнасында онлайн трансляцияны жүргізу жолдарына тоқталып өтті.

 

Эльмира Мирзалиева, ИББжАТ кафедрасының меңгерушісі

Подробнее ...

Рефлексия в педагогической практике

29 мая в 15-00 часов состоится онлайн-встреча с тренером Жамбыл – «Өрлеу» Гаухар Таджибаевой на тему «Рефлексия в педагогической практике».

Цель онлайн-встречи: рассмотреть роль рефлексии в педагогической практике и ее значение в профессиональном росте.

К участию в работе  конференции приглашаются ППС филиалов АО «НЦПК» «Өрлеу»,  преподаватели вузов, руководители, педагоги организаций образования и другие заинтересованные лица.

Телефон: 8 7021536306  

Формат проведения: onlinе.ripkso.kz/taraz платформасы

Регистрация участников: 14.50-15.00 часов

Приглашаем вас участвовать!

Жамбыл – «Өрлеу» всегда с вами!

Подробнее ...

Педагогикалық тәжірибедегі рефлексия

29 мамыр күні сағат 15:00-де Жамбыл – «Өрлеу» тренері Гаухар Таджибаева өткізетін «Педагогикалық тәжірибедегі рефлексия» тақырыбындағы тренермен онлайн-кездесуге қатысуға шақырамыз.

Іс-шараға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының ПОҚ, жоғары оқу орындарының оқытушыларын, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтерді және  қызығушылық танытқан өзге де тұлғалар қатыса алады.

Онлайн-кездесудің мақсаты: Педагог тәжірибесіндегі рефлексияның ролі мен кәсіби өсуіндегі маңызын қарастыру.

Байланыс телефоны: 8 7021536306  

Өтілу форматы: on-linе режимінде, onlinе.ripkso.kz/taraz платформасы

Сіздерді қатысуға шақырамыз!

Жамбыл – «Өрлеу» Сіздермен бірге

Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926ЛУЧШИЙ РАБОТНИК МЕСЯЦА
Каркабаева П.П.
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ