Қашықтан оқыту кезінде оқу-процесін ұйымдастыруды әдістемелік қолдау
21 мамыр күні Жамбыл – «Өрлеу» тренері Назира Абдикеримова өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне арналған «Қашықтан оқыту жағдайында «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері: мәселе, шешу жолдары» тақырыбында on-line режимде семинар өткізді.
Іс-шара өзін-өзі тану пәні мұғалімдері үшін қашықтан оқыту жағдайында «Өзін-өзі тану» пәнінен жобалау жұмысы мен бағалауды ұйымдастырудың тиімді жолдарын қарастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар жұмысы барысында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша жобалау жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру жолдары; қорытынды сабақтарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың жұмысын бағалаудың маңыздылығы; қашықтан оқыту жағдайында тиімді оқу платформаларын пайдалану мүмкіндіктері сияқты мәселелер талқыланды. Аталған іс-шараға Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласынан өзін-өзі тану пәні мұғалімдері қатысып, семинарда қарастырылған негізгі мәселелер бойынша өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар жұмысы өте жоғары деңгейде өтті, барлық қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, алдағы уақыттарда да бірлескен әрекетте жұмыс жасаймыз деп аяқтады.
Шынар Коянбаева, PR SMM-маманы