Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Май 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

Жасөспірімдер арасындағы қақтығыстардың алдын алу

18 мамыр күні Жамбыл – «Өрлеу» білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасы апталығының аясында «Жасөспірімдер арасындағы қақтығыстардың алдын алу ерекшеліктері» тақырыбында  облыстық онлайн - дөңгелек үстел өтті. Іс-шара жасөспірімдердің виртуалды кеңістікте және отбасы, мектеп, қоршаған ортадағы құқық бұзушылықтың алдын алу және агрессия деңгейін төмендету жолдарын талқылау мақсатында ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге Жамбыл  ювеналды полиция және заң кеңсесінің қызметкерлері, облыстық және аудандық білім басқармаларының өкілдері, жалпы және арнаулы орта  білім беретін мектеп  психологтері мен  әлеуметтік педагогтер қатысты.

Жамбыл – «Өрлеу» филиалының директоры Гульшат Медетбекова іс-шараны кіріспе сөзбен ашты және буллинг пен кибербулингтің алдын алу бүгінгі күннің өзекті тақырыбы екенін атап көрсетті.

Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы Бахыт Жақсылықова өз баяндамасында «Баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы ic-қимыл және жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау мәселелерін шешу жөніндегі» Жол картасымен таныстырды.

Жамбыл облысы ІІД КЖИ ювеналдық полиция бөлімінің жетекшісі, полиция подполковнигі Қуанышбек Қалжанов өз сөзінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне тоқталып өтті. Жамбыл облысы білім Басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов «Оқушылар мен колледж студенттері арасындағы кибербуллинг» тақырыбында баяндама жасады.

Жасөспірімдердің қақтығысқа байланысты мәселелерін шешудегі әлеуметтік ұйымдардың өзара байланысы туралы Жамбыл - «Өрлеу» тренері Фарида Кулен айтып өтті. Жуалы ауданы білім бөлімінің әдіскері Зейнеп Дауренованың баяндамасы  «Әлеуметтік ортадағы буллинг» тақырыбына арналды. Тараз қаласындағы №7 орта мектеп директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Юлия Фризен жасөспірімдердің  мектеп пен отбасындағы психологиялық жайлылығы мен  қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәжірибесімен бөлісті. №39 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Перизат Орашеваның баяндамасы «Мектептегі құқықтық  тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы және психологиялық қызмет» тақырыбына арналды.

Онлайн-іс-шараға 100-ден аса қатысушы тіркелді, ол дегеніміз – көтеріліп отырған мәселенің өзектілігінің көрсеткіші.  Дөңгелек үстелдің соңында іс-шараның модераторы Фарида Кулен қатысушылар қабылдаған ұсынымдармен таныстырды.

 

Елена Бегалиева, к.ф.н., доцент кафедры ППСОП

Подробнее ...

Жамбыл - «Өрлеу» Республикалық бейне-сабақтар байқауының жеңімпаздарын құттықтайды

Ағымдық жылдың наурыз-сәуір айларында ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ орта білім беру бойынша 23 пәннен  Республикалық бейне-сабақтар байқауын ұйымдастырды.

Байқаудың ең нәтижелі жетістіктігі – 4-ші тоқсан пәндері бойынша қашықтан оқытуға байланысты ең үздік бейне-сабақтар банкінің жасақталуы болды.

Жамбыл облысынан Республикалық кезеңге орта мектеп мұғалімдерінің 35 байқаулық жұмысы жіберілді. Олардың ішінен 7-еуі сараптамалық кеңестің қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылды.

Республикалық байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз және олардың шығармашылығы мен бастамашылдығына ризашылық білдіреміз. Бұдан ары қарай да кәсіби жетістіктерге жете берулеріне тілектеспіз!

Республикалық байқау жеңімпаздары туралы ақпаратпен мына сілтеме бойынша толық танысуға болады:  : http://orleu-taraz.kz.

             

      Баян Муртазаева,  курстан кейінгі қолдау және иннновацияларды енгізу зертханасының меңгерушісі

Подробнее ...

Использование графических органайзеров при обучении русскому языку и литературе детей с особыми образовательными потребностями

19 мая в 15.00 ч. (время Нур-Султана)  Жамбыл  – «Өрлеу» приглашает  на онлайн- консультацию по теме «Использование графических органайзеров при обучении русскому языку и литературе детей с особыми образовательными потребностями».

Цель: рассмотреть особенности использования графических органайзеров при обучении детей с особыми образовательными потребностями русскому языку и литературе в условиях дистанционного обучения.

Модератор: Хайрушева Жанар Сакиповна, Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., сот.тел. 87074567596

Подключиться к конференции Zoom https://us04web.zoom.us/j/2261374202?pwd=T3Nmc1JPSGRoNGlEOWRSL29EOHZ0Zz09 Идентификатор конференции: 226 137 4202

Пароль: 55555

Жамбыл – «Өрлеу» всегда поддержит Вас. #оставайтесь_дома #мы_вместе

Подробнее ...

Орыс тілі мен әдебиеті бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуда графикалық органайзерлерді қолдану

19 мамыр күні сағат 15.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты) Жамбыл – «Өрлеу»  сіздерді «Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларды оқыту кезінде графикалық органайзерлерді қолдану»  тақырыбы бойынша онлайн кеңеске шақырады.

Мақсаты: қашықтықтан оқыту жағдайында орыс тілі мен әдебиетінен ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларды оқыту кезінде графикалық органайзерлерді қолдану ерекшеліктерімен таныстыру.

Модератор: Хайрушева Жанар Сакиповна, Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., ұ.тел. 87074567596

Zoom конференциясына қосылу сілтемесі:

https://us04web.zoom.us/j/2261374202?pwd=T3Nmc1JPSGRoNGlEOWRSL29EOHZ0Zz09

Конференция идентификаторы: 226 137 4202

Пароль: 55555

Жамбыл – «Өрлеу» сіздерді әрдайым қолдайды. #үйде_болыңыздар #біз_біргеміз

Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ