Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Май 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

Қашықтықтан жиынтық бағалау жүргізу

13 мамыр күні Жамбыл-«Өрлеу» бастауыш сынып мұғалімдеріне ZOOM платформасында «Бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау: ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында рефлексивті вебинар өткізілді. Вебинарды мектепке дейінгі тәрбиелеу және инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушысы, тренер  Салтанат Курманова жүргізді.

Вебинардың мақсаты - қашықтықтан оқыту жағдайында жиынтық бағалау жұмыстарын ұйымдастырудың жолдарына түсінік беру.

Қатысушылар қашықтықтан бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізу барысының тиімді жақтары мен туындаған кедергілерді талқылады.

Вебинар барысында жиынтық бағалауды ұйымдастыру мен өткізілу жолдары талқыланып, қашықтықтан оқыту кезінде жиынтық бағалау материалдарды қолданудың тиімді жолдарына кеңес берілді.

Рефлексивті вебинар өз мақсатында жетті, оқытушы Салтанат Надирбековна қатысушылар арасында маңызды пікірталас үшін ашық алаң құрды, қатысушылар ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді.

Жамбыл – «Өрлеу» әрқашан сіздермен бірге.

#үйде_болыңыз  #біз_біргеміз

Жулдыз Кошербаева, МДТжИББ кафедрасының  аға оқытушысы

Подробнее ...

Оқу жетістіктерін бағалау – нәтижелі білім берудің табысты құралы

12 мамыр күні Жамбыл – «Өрлеу»  тренерлері Назира Абдикеримова мен Жұлдыз Көшербаева бастауыш сынып пәні мұғалімдеріне арналған  «Қашықтан оқыту жағдайында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүргізудің тиімді жолдары» тақырыбында on-line режимде семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – қашықтан оқыту жағдайында бастауыш сыныптарда білім   алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды ұйымдастырудың тиімді жолдарын қарастыру.

Семинар  барысында қашықтықтан оқыту жағдайында жиынтық жұмыстарды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар құжатын басшылыққа алып жұмыс жасау керек екені тереңінен түсіндіріліп өтті. Сонымен қатар қашықтан оқыту жағдайында бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалауды  өткізу, қалыптастырушы және жиынтық бағалауды ұйымдастырудың тиімді жолдары, бастауыш сыныптарда «Өзін-өзі тану» пәні бойынша сынақ қою ерекшелігі, қашықтан оқыту жағдайында  тиімді оқу платформаларын пайдалану сұрақтары аясында семинар тыңдаушылары өз тәжірибелерімен бөлісті.

Бұл семинар қашықтықтан оқыту және оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалауды дұрыс түсініп, тиімді қолдана білген мұғалімнің кәсіби шеберлігінің артуына, бастама нүктесін дәл анықтап әрі қарай дамуына, жаңа идеяларға ұмтылуына серпіліс берді.

Жамбыл – «Өрлеу» әрқашан өз тыңдаушыларымен бірге.

Мадина Садибекова, МДТжИББ кафедрасының аға оқытушысы

Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ