Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Февраль 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

Дархан даланың дара тұлғасы – Абай

Жамбыл – «Өрлеу» біліктілікті арттыру институты және Тараз қаласы №23 орта мектебінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Дархан халықтың дана Абайы!» әдеби-сазды кеші өтті. Ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы – Абай Құнанбайұлының мерейтойын бүкіл әлем тойлауда. Кешті Жамбыл-Өрлеу институтының директоры Гульшат Медетбекова мен № 23 орта мектебінің директоры Ардақ  Рысбаева Абайдың нақыл сөздерімен ашты. Іс-шарада мектептің жас мамандары ұлы ақынның шығармашылығына жіті тоқталып, өнерлерін паш етті. Абайдың қара сөздері, күйлері, әндері мен өлеңдері өшпес мұра! Осы орайда, №23 мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Санигүл Жаңабаева жыл басында жариялаған «Кітапханаға 175  кітап» акциясын қорытындылап, жеңімпаздарға институт тарапынан сыйлықтар берілді.

Жамбыл - "Өрлеу" иснтитутының кітапхана меңгерушісі Инна Грицинина Абай Құнанбаевтың 175  жылдық мерейтойына арналған буктрейлерінің тұсауын кесіп, ұлы ақынның алғашқы еңбектеріне ерекше тоқталып өтті. Институт оқытушылары Жулдыз Кошербаева мен Мадина Садибекова дана ақынның әндерін орындап, білім, ғылым, оқу тақырыптарына арналған өлеңдерін көрерменге тарту етті.

Шынар Тойганбекова, филиал директорының орынбасары м.а.

Подробнее ...

Инклюзия мәселелерін бірге шешеміз

Білім беру жүйесіндегі инклюзия: тиімді немесе жалған ба? Осы мәселе бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының базасында 7 ақпан күні инклюзивті білім беру мәселелері бойынша таныстыру-кеңес беру кездесуінің қатысушылары пікір алмасты. Кездесу барысында біліктілікті арттыру жүйесінде инклюзивті білім беруді жүзеге асыруда филиал оқытушыларын дайындау және кеңес беру жұмысы жүргізілді. Кездесуге спикерлер «Мейірім» облыстық мамандандырылған түзету мектеп-интернаты, Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, «А-Нұр» балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы, «Қамқор жүрек» қоғамдық қорының өкілдері қатысты. 

Өткізілген іс-шара барысында қатысушылар ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың сапалы білім алуы, олардың табысты әлеуметтенуі, қоғам өміріне толыққанды қатысуын қамтамасыз етудің, кәсіби және әлеуметтік қызметтің әртүрлі түрлерінде тиімді өзін-өзі іске асыруы негізгі және ажырамас шарттарының бірі болып табылатынына көз жеткізді. Спикерлер өз сөздерінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу және инклюзивті білім беру жағдайында педагогтердің психологиялық дайындығы мәселелерін, Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық базасының ерекшеліктерін ашты.  

Кездесуге қатысушылар сонымен қатар ЕББҚ бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің табысты тәжірибесімен бөлісті. Кездесу қатысушылардың пікірлері бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырудағы өзектілікті және Жамбыл облысында инклюзивті білім беруді тиімді дамытуда ортақ күш-жігерді шоғырландырудың маңыздылығын растады.

Светлана Шевченко, курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу зертханасының меңгерушісі

Подробнее ...

Кәсіби өзін-өзі дамытудағы жетістік стратегиясы

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде нейропсихолог Әсия Сейтжапарова «Кәсіби өзін-өзі дамытудағы жетістік стратегиясы» тақырыбында интерактивті дәріс оқыды. Дәріс «Дарынды Ұстаз» факультетінің ұйымдастыруымен жас оқытушыларға арналған «Менторлар» клубында өтті. Интерактивті дәрістің негізгі мақсаты тыңдаушыларды кәсіби өзін-өзі дамыту және стратегияны табысты құру тәсілдерімен таныстыру. Кәсіби өзін-өзі дамыту - әрбір табысты педагогтің өмірлік жолының міндетті құрамдас бөлігі. Кәсіби өзін-өзі дамыту тек адам туылғаннан бастап бойымыздағы талант пен қабілетке ғана байланысты емес.

Бұл жерде адамның өз саласындағы өсуге деген ынтасы да маңызды. Тек осылай, ынталандыра отырып, таңдалған істе жоғары кәсіпқойлыққа қол жеткізуге болады. Дәріс барысында интерактивті әдістер қолданылды, мысалы, «Нейрогимнастика», «Мені түсін», «Қорқынышты жең» және т.б. Егер адам кәсіби өзін-өзі дамыту бағытында қозғала алмаса, кәсіби жеке тұлға ретінде өсе алмайды.

Шынар Коянбаева, PR-SMM-маманы

Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ