Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Февраль 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

Өзін-өзі тану – сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы

Жамбыл - «Өрлеу»  тренерлері Тараз қаласының №18 мектеп мұғалімдеріне арнап әдістемелік десант  өткізді. ОЖжМҚ бөлімінің кітапхана ісі жөніндегі бас маманы Инна Грицинина ПҚБАИ оқытушыларының әдістемелік нұсқаулары мен құралдары қойылған кітап көрмесін ұйымдастырды. Филиал тренерлері Жанар Хайрушева мен Карлыгаш Бектурганова орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне кеңес жұмыстарын жүргізді. 

Десант аясында рухани-адамгершілік Бағдарламасы бойынша тренер Фарида Кулен пән мұғалімдеріне «Өзін-өзі тану – сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында оқыту семинарын өтті. Семинар барысында өзін-өзі тану – білім беру процесінің біртұтастығын, кісілгін және жігерлілігін қамтамасыз ететін  метапән екендігі және кез келген пән балаларды рухани-адамгершілік бағытта тәрбиелеу құралына айналатындығы туралы айтылды.

Тренер мәңгілік құндылықтар (ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау) білім берудің өзегі екендігі және біз үйретін барлық нәрсенің біртұтастығын қамтамасыз  ететін тетік болып отырғанын атап көрсетті.

 

Жанар Кошкимбаева, ББПППС кафедрасының аға оқытушысы

Подробнее ...

Адам үшін - кішкентай, ал адамзат үшін - үлкен қадам

Осы анықтама 5 ақпан күні Ш.Уалиханов атындағы облыстық әмбебап кітапханасында «Ерікті болу - ерлік!» тақырыбында өткен Сommunity-форумына жиналған еріктілерге арналды. Сommunity-форум жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының оқытушылары мен қызметкерлері, қайырымдылық қорлары мен ұйымдары, «Nur Оtan» партиясының, білім беру мен мәдениет саласының,  Қазақстан іскер әйелдер Ассоциациясының Жамбыл облысы бойынша филиалының өкілдері, форумды өткізуші бастамашыл топ қатысты. Ерекше талқылау алаңына айналған іс-шараны  Жамбыл - «Өрлеу» филиалы ұйымдастырды.Форум Тараз қаласындағы  еріктілер қозғалысының қалыптасуы мен дамытудың мүмкіндіктері туралы форум қонақтары және қатысушылармен бірлесіп әріптестеріміздің тәжірибелерін қарастырып, талдау жұмыстарын жүргізу мақсатында өтті. Филиал үшін Сommunity-форум Волонтерлер жылының ресми ашылу салтанатына айналды. Форумды құттықтау сөзбен ашқан Жамбыл - «Өрлеу» филиалының директоры, п.ғ.к., қауым.профессор Гульшат Медетбекова, волонтерлік – бұл жоғары мандатқа ие болу ғана емес, өзіміздің жанымызда жүрген абзал жандарға мейіріммен қарау екенін атап өтті.Форумға қатысқан «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалы жанындағы «Jas Otan» жастар Қанаты бөлімшесінің басшысы Ерғали Әбуғали құттықтау сөз арнады.Волонтерлер жылының ашылу салтанаты ОЖжМҚ бөлімінің бас маманы Инна Грицининина дайындаған «Қайырымдылық істер уақыты - Волонтерлік қозғалыс сағатын» іске қосумен басталды.  

Ш.Уалиханов атындағы ОӘК директоры Эльмира Абдин «Кітапхана және волонтерлер – жаңа мүмкіндіктер алаңы»  тақырыбында өз баяндамасын жасады. Пікір алмасу алаңының Бағдарламасы белсенділердің  Волонтерлер жылымен бейне-құттықтауларымен жалғасты. Тараз қаласындағы «Қамқор жүрек» ҚҚ құрушыларының бірі Элизабет Турнок қазақ және ағылшын тілдерінде Сommunity-форумда Тараздың ең зиялы қауымының жиналғанын, бізде өзіміз бар екеніміз естен шықпай, онымен басқалармен бөлісе білу керек екені туралы айтты.  Филиалдың волонтерлік қызметі туралы «Әлемді өзгертетін идеялар» бейне-шолу ролигін  филиал директорының орынбасары, п.ғ.к., қауым.профессор  Шынар Тойганбекова таныстырды.  «Бізге бірге болу маңызды!» бөлімінде филиалдың тұрақты серіктестері Аналар үйі мен арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығының өкілдері өз ойларымен бөлісті.

Мектеп олимпиадалары мен сыныптан тыс жұмыстардың облыстық орталығы әлеуметтік-мәдени бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі Ольга Сагандыкова мен Тараз қаласының техникалық шығармашылық орталығының педагогы Марина Шапконың «Еріктілер бастамасы» туралы ой-пікірлерін аудитория жылы қабылдады. Ж.Жабаев атындағы №5 мектеп-гимназия кітапханасының меңгерушісі Айткуль Есентаеваның басшылығымен  аталмыш мектеп оқушылары дайындаған «Құрт» театрландырылған скейтчі» «Мейірімділік оты сөнбесін» ұранымен өтті. «Еріктілер бастамасының» шыңы болған «Менің алтын сөрем» Жамбыл - «Өрлеу» директоры, қызметкерлері мен оқытушыларының дауыстарымен оқылып, жазылған «Абай-дана, Абай-дара» аудио-кітабының тұсаукесері болды.  - презентация ниги, озвученной сотрудниками и преподавателями.

Елена Бегалиева, ф.ғ.к., ББПППС кафедрасының доценті

Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ