Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Февраль 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

Қысқамерзімді курстар – табысты білім беру кепілі

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚБАИ өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне арналған ««Өзін-өзі тану»  пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері» тақырыбында қысқамерзімді курс ұйымдастырды. Педагогтің тұлғалық-кәсіби дамуы «Өрлеу» БАҰО» АҚ  біліктілікті арттыру жүйесінің стратегиялық бағыты болып табылады. Курстың мақсаты қазіргі заманғы білім беру кеңістігін ізгілендіру және педагогикалық шарттарын, негізгі бағыттарын, әдістерін және оқушылардың рухани құндылықтарды дамыту жолдарын  анықтау болып табылады. Қысқа мерзімді курс аясында білім берудің өзекті мәселелері зерделенді. 

Бұл курс рухани-адамгершілік құндылықтарды арттыруға, отандық және ұлттық дәстүрлер, мемлекеттік, қоғамдық және отбасылық тәрбие теңгерімі, тәрбиенің қазіргі заманғы тетіктері мен оның басымдықтары негізінде тәрбиенің мазмұны мен құрылымдық жүйесін дамытуға бағытталған. Білім беру жүйесінде рухани-адамгершілік тәрбиелеуді ұйымдастырудың мақсаттарын, міндеттері мен бағыттарын, сондай-ақ білім беру мекемесінің тәрбие практикасын дамытумен байланысты бірінші кезектегі шараларды анықтайды.

            Гаухар Таджибаева, ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы

Подробнее ...

Тәжірибемен бөлісу семинары

Жамбыл – «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтында 17 ақпан күні «Біліктілікті арттыру курстарында тиімді оқыту ортасын құру шарттарын тәжірибеде қолдану» тақырыбында тренерлерге арналған оқыту семинары өтті. Семинарды инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Гаухар Таджибаева өткізді. Семинар біліктілікті арттыру курстарында тиімді оқыту ортасын құру шарттарын тәжірибеде қолдану жолдарын таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Инновациялық тәжірибені зерттеу жоспарына сәйкес өткізілген семинарда тренер оқыту ортасын құру шарттарының тәжірибеде қолдану жолдарымен таныстырды. Қолданылатын әдіс-тәсілдер мен ресурстардың түрлеріне тоқталып, өз тәжірибесімен ой бөлісті.

Эльмира Мирзалиева, PhD докторы, ИББжАТ кафедрасының меңгерушісі 

Подробнее ...

Инклюзивті білім беру: жеке білім траекториясын құру ерекшеліктері

Ақпан айының 10 мен 21 аралығында мектепке дейінгі тәрбиелеу және инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушысы Салтанат Қурманова мен білім беру процесін педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушысы Парида Каркабаева  «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды үй жағдайында оқытуды ұйымдастыру бойынша педагогтің құзыреттілігін дамыту» курсын өткізуде. Курстың мақсаты – мұғалімнің ақпараттылығын қамтамасыз ететін,даму мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарына қатысты сауаттылықты арттыратын жалпы білім беретін мекемелердің оқу-тәрбие үдерісіне даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қосу туралы нормативті-құқықтық негіздерді білуі. 

Сонымен қатар мұғалімдер әр тапсырманы өз тәжірибесімен байланыстырып, келешекте жақсартудың жолдарын қарастырды. Курс тыңдаушылары сабақ барысында өз біліктіліктері мен шеберліктерін арттыра отырып, оқытудың үдемелілігін, педагогикалық тәсілдерді қолданудың тиімді жолдарын анықтады.

               Кунсулу Таукебаева, т.ғ.к., қауым.профессор, ББПППСкаф. меңгерушісі

Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ