Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Январь 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

Білімді жетілдіру – педагогтің кәсіпқойлығының өсуі

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты  қаңтар айының  6-сы мен 17-сі  аралығында   «Қосымша білім беру жағдайында білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курсын өткізді. Жамбыл - «Өрлеу» тренерлері Эльмира Мирзалиева және Гульбакира Байтенова курс барысында  қосымша білім беруде балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы тиімді инновациялық әдістермен және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы белсенді әдіс-тәсілдермен, амалдармен және технологиялармен таныстырды. Курс соңында тыңдаушылар өз қызметтеріне  зерттеу жүргізіп, тәжірибе алмасып,  педагогикалық және басқару қызметінің интенсивті жағдайында заманауи АКТ технологияларды меңгерді.

 Гаухар Таджибаева, ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы

Подробнее ...

Әрбір оқушыға – жеке қолдау көрсету

22 қаңтар күні Жамбыл-«Өрлеу» филиалының тренерлері Тараз қаласындағы № 18 жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімдерімен «Инклюзивті білім беру тәжірибесінде гуманитарлық бағыт бойынша жеке оқыту бағдарламаларын қысқартуға және дайындау жолдары» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинарды Айгул Абилова, Жанар Хайрушева, Ақжарқын Райымбекқызы жүргізді. Семинар барысында тренерлер жаңартылған оқыту бағдарламасы аясында мұғалімдердің инклюзивті білім беру тәжірибесінде психологиялық-педагогикалық негіздеріне тоқтала отырып, жеке оқу бағдарламасын жасау керектігі, оқу мақсаттарын қысқартып алу, тапсырмаларды жеңілдетіп алу жолдарын талқылады. Сонымен қатар, орыс тілі пәні бойынша 5 сыныпқа арналған оқу бағдарламасы аясында ерекше білім беруді қажет ететін оқушыға қысқартылған бағдарламаны жасау тәжірибесін үйренді.

Келесі кезең 5 және 7 сыныпта оқитын нақты оқушыларға орыс және қазақ тілдері пәндері бойынша жеке білім беру бағдарламасы дайындалуға арналады. Семинар соңында оқытушылар өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті.

Лайла Сейдазимова, ИББжАКТ кафедрасының аға оқытушысы

Подробнее ...

Анонс мероприятий!

Уважаемые педагоги! Хотите быть в курсе мероприятий, проводимых Жамбыл-«Өрлеу»? Тогда подпишитесь на наши страницы в Instagram @orleu.taraz и Facebook @jambylorleu.kz. Следите за нашими анонсами! Участвуйте в наших мероприятиях! 

Подробнее ...

Іс-шаралар Анонсы!

Құрметті ұстаздар! Жамбыл-"Өрлеу" ұйымдастыруымен өткізілетін іс-шаралардан хабардар болғыңыз келе ме? Онда біздің Instagram-дағы @orleu.taraz және Facebook-тағы @jambylorleu.kz аккаунттарына жазылыңыз! Анонстарды қадағалаңыз! Біздің іс-шараларымызға қатысыңыз!

Подробнее ...

Шағын жинақты мектеп: сұраныс пен ұсыныс

22 қаңтар күні «Сіздің кәсіби дамуыңызға қандай көмек қажет?» тақырыбында Жамбыл облысының шағын жинақты мектеп педагогтері үшін әдістемелік кездесу ұйымдастырылды. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚБАИ тренерлері аймақтағы барлық педагогтерге курстан кейінгі қолдау жұмысын жоспарлы түрде жүргізіп отырады. Әсіресе облыстың шалғай аймақтарында орналасқан шағын жинақты мектеп педагогтерін назардан тыс қалдырмайды. Кезекті әдістемелік кездесу шағын жинақты мектеп тәжірибесіндегі оқу мен оқытуды жақсарту, педагогке кәсіби-әдістемелік қолдау жасау және педагог мәртебесін көтеру мақсатында өтті. 

Осы мақсатқа сәйкес алынған сауалнамада ШЖМ мұғалімдері топтық және жұптық талқылау барысында өздерінің оқытудағы кедергілерін анықтап, нақты сұрақтарын беріп, филиал тренерлері тарапынан өз сауалдарына нақты жауаптар алды. Әдістемелік кездесудің нәтижесінде 2020 жылға педагогтерді курстан кейінгі әдістемелік қолдау жоспарының бағыттары анықталды.

Ақжарқын Райымбеккызы, ИББжАКТ кафедрасының аға оқытушысы

Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ