ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС: ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ON-LINE БАЙҚАУЫ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің теориялық және тәжірибелік тұрғыдан кәсіби дамуын анықтау мақсатында 2019 жылдың 21 тамыз – 4 қазан аралығында «Шығармашылық жұмыс: ұстаз мәртебесі» тақырыбында облыстық on-line қысқа мерзімді сабақ жоспарының байқауын өткізеді.
Байқаудың ұйымдастырушысы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, мектепке дейінгі тәрбиелеу және инклюзивті білім беру кафедрасы.
Байқауға қазақ және орыс тілінде оқытатын барлық типтегі жалпы білім беру ұйымдарының, еңбек өтілі, біліктілік категориясы және жасына қарамастан бастауыш сынып мұғалімдері қатыса алады.
Байқау 2019 жылдың 21 тамыздан 4 қазан аралығында сырттай өткізіледі, байқау материалдары 22 қыркүйекке дейін қабылданады, байқау қорытындысы 4 қазанда orleu-taraz.kz сайтында жарияланады.
Байқау материалдары (сырттай) 2019 жылдың 23-30 қыркүйегіне дейін қаралып, сарапталады. Байқаудың ұйымдастырушылары қатысушылардың өтініштерін қарап, үздік жұмыстарды анықтайды.
Байқау Ережесімен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://cloud.mail.ru/public/2uU6/4R7J8i6kG