Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Сентябрь 2019 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЛАРЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ

Ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде Жамбыл-«Өрлеудің» профессор-оқытушылық құрамына «Мектепке дейінгі тәрбие және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы  Айгүл Абилова «Инклюзивті білім беру баланы емес, жүйені өзгертуді көздейді» ұранымен «Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздері» тақырыбында семинар өткізді.  

 

 

Семинар барысында оқытушылар «Инклюзивті білім беру» ұғымының заманау түсіндірмесін және оның әлемдік білім беру кеңістігіндегі эволюциялық дамуының негізгі кезеңдерімен; инклюзивті білім беру саласындағы халықаралық және отандық заңнама базасымен, ҚР-да инклюзивті білім берудің өзекті нормативтік қамтамасыз етілуімен танысты.

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қанағаттандырудың арнайы шарттары туралы түсінік берілді. Түзету-дамыту жұмыстарының әдістері мен технологиялары, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі мамандарының оқу бағдарламалары зерделенді. Жалпы білім беруге енгізілген ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау мен саралауға командалық тәсіл алгоритмін зерттеді.

Оқытушылар семинарға үлкен қызығушылықпен қатыса отырып, инклюзивтік тәжірибені дамытудағы институттың ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы бойынша ұсыныстар мен тың бастамалар айтты.

 

Шынар Қоянбаева, курстан кейнгі қолдау және инновацияларды

енгізу зертханасының PR SMM маманы

Подробнее ...

ГРАФИКАЛЫҚ ОРГАНАЙЗЕРЛЕР АРҚЫЛЫ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ

 

Жамбыл-«Өрлеу» Институтының ХХХ кафедрасының тренері Жанар Хайрушева Тараз қаласыдағы № 34 орта мектепбінің бастауыш және пән мұғалімдеріне «БЖБ және ТЖБ дайындауда графикалық органайзерлерді қолданудың ерекшеліктері» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинарда тренер, негізінен, графикалық органайзерлердің көптүрлілігі мен оның жиынтық бағалау үрдісінде қолданудың мүмкіндіктеріне ерекше мән берді.

 

 

Сонымен қатар, тыңдаушылармен бөлім және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын қолдануға бағытталған тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.

Семинар соңында мұғалімдер тақырып бойынша барлық қажетті ақпаратты алды.

 

Шынар Тойганбекова, ППСОП кафедрасының меңгерушісі

Подробнее ...

ТАҒЫ ДА КҮЗ. ТАҒЫ ДА АНАЛАР ҮЙІ

 

Жамбыл-«Өрлеу»-де «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасының қызметкерлері 5 қыркүйек күні Аналар үйінде Отбасы күнін атап өтті.

ҚР Президентінің 2013 жылғы 1 наурыздағы № 511 Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні деп бекітілді.

Жамбыл-«Өрлеу»-дің қызметкерлері аталған мерекені тойлауды жыл сайын дәстүрге айналдырған. Қоғамдағы бірлік пен келісім негізі ретінде отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында Аналар үйіне барып, Отбасы күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

 

 

Іс-шара барысында қатысушылар күнделікті өмірде жұмыста кездесетін қызықты жағдаяттарды құрастырып, осы жағдаяттардан шығудың оңтайлы жолдарын сахналап көрсетті. Бұл мерекені атап өту барысында кафедра келесі жылды еріктілер жылы деп жариялауға дайындалуда.

 

 

Елена Бегалиева, ББҮППҚ кафедрасының  доценті,  ф.ғ.к   

Подробнее ...

BLENDED LEARNING (АРАЛАС ОҚУ) КУРСЫ

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты  2019  жылдың 16.09-09.10.  аралығында төменде көрсетілген тақырып бойынша онлайын түрде Blended Learning (аралас оқу)  курсы өткізілетіндігін хабарлайды.

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілері»

Тыңдаушылар санаты: Мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен тәрбиешілері

Курсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Курс үш кезеннен тұрады: Бірінші кезең - күндізгі оқу 16 сағат курстың алғашқы және соңғы күні Жамбыл-«Өрлеу»-ге келеді.

Екінші кезең-қашықтықтан оқыту (онлайн-online) – өз жұмыс орындарында желі қосылған кабинеттерде (MS Word, MS Power Point,MS Excel) форматында жұмыс жасайды.

Үшінші кезең-өз бетімен оқу бұл кезенде тындаушылар жұмыс орындарында жүріп порталдағы мәтіндерді өз бетімен оқып білім алады.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес жіберілген тәрбиешілер төмендегілерді білуі міндетті:

- электронды почтаны аша білуі қажет;

- электронды фото суретін дайындап әкелуі қажет;

- MS Word, MS Power Point,MS Excel,Skype (скайп) форматында жұмыс жасай алуы қажет.

 

Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ