Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Тамыз 2019 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

 

2019 жылы 27 тамызда Жамбыл облыстық Абай атындағы драма театрында Жамбыл-«Өрлеу» «KELESHEKKE – KEMEL BILIMMEN» тақырыбында Тараз қаласы білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысуын жалғастырды.

 Тамыз конференциясын білім бөлімінің бастығы Мүбарақ Жинақбаева ашып берді.

Конференцияда Кембридж университетінің докторанты Гүлмира Қанаева, №41 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Олеся Полозкова, облыстық ата-аналар комитетінің төрайымы Эльмира Мырза-Ғали және «Benedіхmus» ЖШС жобасының менеджері Абзал Абдешевтің баяндамалары тыңдалды.

Конференцияда Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев және облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова құттықтау сөз сөйледі.

 

 

Тамыз конференциясы басқару мен инновацияның алға қойған мәселелерін, міндеттерді табысты орындау жолдарын талқылау үшін жыл сайынғы диалог алаңына айналды, білім беру қызметкерлерінің қалалық тамыз конференциясына қатысушылар қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде ұсыныстар жасады және білім беру жүйесін жаңғырту бойынша мемлекеттік саясаттың барлық ережелерінің орындалуын қамтамасыз етуді басшылыққа алды.

 

Шынар Қоянбаева, курстан кейнгі қолдау және инновацияларды

енгізу зертханасының PR SMM маманы

 

Подробнее ...

БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА САПАСЫ

 

Меркі ауданында И. Трубицин атындағы гимназия базасында «Білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз ету шарттары» тақырыбында мектеп директорларына арналған тамыз кеңесінің секциялық отырысы өтті.

Жамбыл-«Өрлеу» тренерлері Күнсұлу Таукебаева, Фарида Күлен, Бибі Скакова, Ербол Ізбасаров Меркі ауданы білім беру ұйымдарының бірінші басшыларының секция жұмысына белсене қатысты.

Секциялық жұмыста Қазақстан Республикасының орта білім беруді дамытудың қазіргі заманғы үрдістері, білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізумен байланысты жалпы білім беретін мектептерде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен мәселелері талқыланды, білім беру ұйымдары басшыларының жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірленді.

Секциялық отырыстың соңында білім басқармасы бастығының орынбасары Гүлнар Таңатова Жамбыл-«Өрлеу» тренерлеріне секцияның белсенді жұмысы үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта жемісті ынтымақтастық тіледі.

 

Бахыткул Махадиева, МДТжИББ кафедрасының аға оқытушысы

Подробнее ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ – ЖАҢА ЖЕТІСТІКТЕР БАСТАУЫ

 

Шу қаласында Мұқағали Мақатаев  атындағы тірек орта мектебінің базасында ауданның білім бөлімі басшылары, директорлар, мектеп директорларының орынбасарлары, гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндер, бастауыш сынып мұғалімдерінің қатысуымен аудандық тамыз кеңесінің секциялық отырысы болып өтті.  Секция отырысының жұмысына Жамбыл-«Өрлеу»  тренерлері Дина Сейданова, Бакытгул Махадиева  қатысып, «Бастауыш сыныптарда  саралап  оқытуды ұйымдастырудың тиімді жолдары», «Оқушылардың ойлау қабілетін CLIL әдісі арқылы арттыру» тақырыптарында  тренингтер жүргізді.

 

 

Тренинг барысында оқытуды саралау тәсілдерінің маңыздылығын анықтап, жаңа CLIL әдісті тәжірибеде жүзеге асырудың жолдары бойынша ұстаздар тәжірибе алмасты. Секциялық отырыс қорытындысында аудандық білім бөлімінің әдіскері Эльмира Наурызбаева  секция жұмысына қатысқан ұстаздар мен Жамбыл-«Өрлеу» институтының тренерлеріне ризашылығын айтып, алғыс білдірді.

                        

Кунсулу Таукебаева, т.ғ.к., «МДТ және ИББ» кафедрасының меңгерушісі

Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ