Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Тамыз 2019 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

 

Жамбыл-«Өрлеу»  ұжымы 26 тамыз күні Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында   өткен «KELESHEKKE – KEMEL BILIMMEN» атты педагог қызметкерлерінің облыстық тамыз конференциясының «Білім саласындағы жетістіктер мен жаңалықтар» атты панельдік сессия жұмыстарына қатысты.

Тамыз конференциясын облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова ашып берді.

Конференцияға халықаралық «Білім-Инновация» қорының Президенті Дархан Ермаханұлы, «EDTEN-KZ» халықаралық білім орталығының бас директоры Ғани Бектайұлы, ҚР білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ Президенті Асқар Ізімбайұлының баяндамалары тыңдалды.

 

 

Конференцияда облыс әкімі Мырзахметов Асқар Исабекұлы  сөз сөйледі.

Конференцияның «Ұсынымдарында» барлық білім мекемелерінде Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында жыл сайынға Жолдауларында, «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларында, ҚР білім туралы заңында Қазақстан республикасы президентінің 2016жылғы 1 Наурыздағы №205 жарлығымен бекітілген ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бағытындағы жасалатын істер атап көрсетілді.

Подробнее ...

ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЕКЦИЯСЫНДАҒЫ ТРЕНИНГ

 

Жамбыл-«Өрлеу» филиалы Инновациялық білім беру мен ақпараттық технологиялар кафедрасының тренері Сағадат Қарымбаева Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі ұйымдастырған тамыз кеңесі аясындағы «Әдістемелік жүйе қызметкерлері» секциясының жұмысына қатысты. Секция жұмысында тренер «Желілік қауымдастық – кәсіби педагогикалық орта құрудың тиімді жолы» тақырыбында тренинг өтті. Тренингтің мақсаты - әдіскерлерге педагогикалық кәсіби даму ортасын құруда желілік қауымдастықтың тиімділігін талдау және оны ұйымдастыру жолдарын ұсыну. Секция жұмысына Байзақ ауданы бойынша 43 мектеп директорының ғылыми-әдістемелік орынбасары қатысты. Тренингке қатысушылар қолданыстағы педагогикалық қауымдастықтың жұмысына талдау жасап, тиімділігі мен тиімсіздігін анықтады. Тиімсіздігіне жеке тоқталып оны жақсартудың жолдарын қарастырды. Жамбыл-«Өрлеу» филиалының тренері желілік қауымдастық жұмысының нәтижелілігін мысалдар арқылы меңгертіп, оны ұйымдастырудың тиімді жолдарын ұсынды. Секция жұмысын ұйымдастырған білім бөлімі әдістемелік оқу кабинетінің меңгерушісі Майра Есеналиева тренерге алғысын білдіріп, аудан бойынша педагогикалық желілік қауымдастықты ұйымдастыру жұмысын қолға алатынын айтты. 

 

 

Мейірбек Самеков, ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы

Подробнее ...

ЖУАЛЫЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРМЕН ӘРІПТЕСТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

 

Жуалы ауданы №1, №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиялары мен №15 мектеп-лицей базасында мектеп басшылары мен педагог қызметкерлеріне арналған Тамыз кеңесінің секциялық отырысы өтті. Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ерназар Джузбаев Тамыз кеңесінің секциялық отырысына қатысушыларды құттықтай отырып, ұйымдастырылып отырған іс-шарада Жамбыл- «Өрлеу» институтының тренерлерінің  жұмыс жүргізетіндігін, әріптестік тәжірибе алмасу мақсатындағы мұндай секциялық отырыстың құнды болатындығына тоқталды. Бағдарламаға сәйкес мектеп директорының орынбасарлары мен гуманитарлық - жаратылыстану пәндері бойынша секция жұмысын институт тренерлері Лайла  Сейдазимова, Жанар Хайрушева, Жанар Кошкимбаева, Ақжарқын Райымбекқызы жүргізді.

 

 

Аталған секция отырыстарында тренерлер «Жаңартылған білім беру жағдайында критериалды бағалау жүйесін пайдаланудың тиімді жолдары» тақырыбы аясында бөлім және тоқсандық бойынша жиынтық бағалауға қатысты мұғалімнің іс-әрекеттерін ұйымдастыру тәжірибелерімен бөлісті. Әріптестік қарым - қатынаста жүргізілген секциялық отырыс жуалылық педагогтер үшін өте нәтижелі жұмыс болды.

Секциялық отырыс қорытындысында аудандық білім бөлімінің басшысы Мәжит Айжанов жұмысты ұйымдастырушылар мен Жамбыл-«Өрлеу» институтының тренерлеріне ризашылығын айтып, алғыс білдірді.     

 

Ақжарқын Райымбекқызы, ИББжАТ кафедрасының тренері

Подробнее ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

 

Талас ауданында А. Байтұрсынов атындағы гимназия базасында ауданның білім бөлімі басшылары, директорлар, мектеп директорларының орынбасарлары, гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндер, бастауыш сынып мұғалімдерінің қатысуымен аудандық тамыз кеңесінің секциялық отырысы болып өтті. «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқу үдерісін жоспарлауда педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету» тақырыбы бойынша секциялық отырыста Жамбыл-«Өрлеу» тренерлері Андия Бейсенкулова, Гульбакира  Байтенова, Гаухар Таджибаева, Карлыгаш Бектурганова белсенді қатысты.

 

 

Секция барысында білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша оқу бағдарламалары мен әдістемелік кешеннің ерекшеліктері, Қазақстандағы орта білім берудің қазіргі даму тенденциялары талқыланды. Тамыз кеңесі «Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі» КММ басшысы Қожатаева Күлшат Кеңесқызы сөз сөйледі.Ол қорытынды жасап, қатысушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады. Іс-шара соңында аудан мұғалімдері мен әдіскерлері марапатталды.

 

Эльмира Мирзалиева, ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы

Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ