Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Тамыз 2019 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: ЖАҢА МАҚСАТ, ЖАҢА МІНДЕТ

 

Ағымдағы жылдың 20 тамызында Сарысу ауданында Ш.Уәлиханов мектеп-гимназиясында «Келешекке – кемел біліммен» тақырыбында аудандық білім беру ұйымдарының басшылары мен  директордың орынбасарларына дәстүрлі Тамыз педагогикалық кеңесі өтті. Кеңеске аудандық қызмет көрсету басшылары, аудан әкімдері және аудан әкімдерінің орынбасарлары, білім басқармасы қызметшілері, білім беру ұйымдарының директорлары мен педагог қызметкерлері және Жамбыл-«Өрлеу» білім беру сапасын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушылары Аманкуль Есмырзаева мен Биби Скакова қатысты.

 

 

 

Тамыз кеңесінде 2018-2019 оқу жылының қорытындысы шығарылып, 2019-2020 оқу жылына білім беруді дамытудың келешегі айқындалды. Сонымен қатар білім беру мазмұнын жаңарту және білім беруді инновациялау жөнінде мәселелерге ерекше зейін қойылды.  Кеңес барысында Жамбыл-«Өрлеудің» жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курс тренерлері  практикалық жұмыстарымен бөлісіп, мотивациялық тренингтер өткізді. Сарысу аудандық білім бөлімінің басшысы Ильяс Баймағамбетов «Жамбыл-Өрлеу» тренері Бибі Скакованың кәсіби шеберлігі мен мол тәжірибесін, еңбегіне нәтижелі табыс тілей отырып, алғыс хатпен марапаттады.

 

 

Шынар Тойганбекова, ББПППС кафедрасының меңгерушісі

Подробнее ...

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШУДІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

 

20 тамыз күні Жамбыл-«Өрлеу» институтының білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушылары Гульжан  Джаркинбаева, Парида Каркабаева және Зере Смаилова  Жамбыл  ауданындағы  №1 орта мектеп базасында бастауыш сынып, гуманитарлық және жаратылыстану пәндері мұғалімдеріне арналған тамыз кеңестері аясында өткізілген секциялық отырыстарға белсенді қатысты. Әріптестер өз тәжірибелерімен бөлісіп, тақырыптарына баяндама жасады.

 

 

«Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында  латын графикасына көшудің алғышарттары» тақырыбы бойынша, латын графикасына көшудің стратегиясы, ауызша тіл мен жазба тіл ұғымдары  туралы  талқыланды. Сонымен қатар тамыз кеңесінің қатысушылары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің республикалық кеңестің пленарлық отырысында жасаған баяндамаларын талқылауда белсенділік танытты. Сондай-ақ, тамыз кеңесіне қатысқан мұғалімдерге «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының аймақтық кезеңі туралы ақпарат берілді және бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер туралы түсінік жұмыстары жасалды.

 

Жанар Хайрушева, ББҮППҚ кафедрасының аға оқытушысы

Подробнее ...

CLIL ӘДІСТЕМЕСІ ТӘЖІРИБЕДЕ

 

Жамбыл-«Өрлеу» білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының тренерлері Шынар Тойғанбекова және Дина Сейданова ұйымдастыруымен «CLIL - оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту әдістерінің бірі» тақырыбында оқу семинарын өткізді. Семинарға Тараз қаласының ағылшын және орыс тілдерінің мұғалімдері қатысты. Семинардың мақсаты - мұғалімдердің ҚР білім беру жүйесін жаңарту жағдайында CLIL әдісін қолдану бойынша педагогикалық шеберліктерін жетілдіру. Семинар барысында қатысушылар CLIL әдіснамасының даму тарихымен танысты, мұнда қатысушылар CLIL мен ЕО арасындағы байланысты табуға тырысты.

Семинардың теориялық бөлігін бекіту үшін тренер Шынар Тойғанбекова CLIL & 4C әдіснамасының мәнін түсіндіріп, алынған ақпаратты тәжірибеде жинақтауды ұсынды,

«Мозаика» әдісін қолдана отырып, қатысушыларды топтарға бөлу: CULTURE, CONTENT, COMMUNICATION, COGNITION, онда топтар белсенді бір тапсырма қолдану арқылы белгілі бір сызбаға сәйкес CLIL бойынша велосипедтің бөліктерін оқушыларға қалай ұсыну керек.

 

 

CLIL әдіснамасын түсіну үшін сұрақтар қойылды:

Тандемнен немесе қарапайым велосипедтен қай велосипед жылдамырақ?

Тандем велосипедін CLIL-мен қалай байланыстыруға болады?

Семинар рефлексиямен аяқталды:

   - Қандай тапсырма қиын болды?

   - Бұл әдісті сабақта қалай қолданасыз?

Семинарға қатысушылар оқу семинарының ұйымдастырушыларына ақпараттылығы, қол жетімділігі және оны өткізуге қызықты көзқарасы үшін алғыстарын айтты.

 

 

 

Айгерим Абзалбекқызы, Жамбыл-«Өрлеу»  тренері 

Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ