Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Тамыз 2019 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

БІЛІМ БЕРУ РЕФОРМАСЫ-ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ АСПЕКТІСІ

 

№12, 30 орта мектептері мен № 45 гимназия базасында Тараз қаласының бастауыш сынып, гуманитарлық және жаратылыстану пәндері мұғалімдеріне арналған тамыз кеңесінің секциялық отырысы өтті. Отырысты ұйымдастыруға және өткізуге білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., қау/профессор Шынар Тойғанбекова мен кафедраның аға оқытушысы Айгерім Абзалбекқызы, сонымен қатар мектепке дейінгі тәрбие және инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушысы Лейла  Темірханова қатысты. Секция отырысында «Білім беру үдерісін нормативті-құқықтық қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша Шынар Тойғанбекова сөз сөйледі, мұнда білім беру қызметіне, педагогикалық қызметкерлердің құқықтық және әлеуметтік мәртебесіне қатысты білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талқыланды. Айгерім Абзалбекқызы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша тәжірибелік жұмыс көрсетті, Л. Темірханова бастауыш сынып оқушыларын оқытуда саралау тәсілдерін қолдану жөнінде өз тәжірибесімен бөлісті.

 

 

Қатысушылар Жамбыл-«Өрлеу» филиалының директоры, п.ғ.к., қауым.профессор Гүлшат Медетбекованың бейне-үндеуін тыңдады және You Tube желісінде орналасқан «Өрлеу» білім порталындағы  бейнесабақтарды тамашалады. Кеңес барысында «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының аймақтық кезеңі туралы ағымдағы ақпарат берілді және бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер туралы түсінік жұмыстары жасалды. Секция соңында филиал қызметкерлері мен мұғалімдер Казақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың Республикалық тамыз кеңесінің пленарлық отырысында жасаған баяндамалары жөнінде өзекті ақпаратпен бөлісті.

 

Елена Бегалиева,  ф.ғ.к., ББҮППС кафедрасының доценті

Подробнее ...

ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗДІҢ ЖЕМІСІ!

 

Жамбыл-«Өрлеу» филиалының директоры, п.ғ.к., қауым.профессор Гульшат Медетбекова ұжымды «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының қызметін бағалаудың рейтингтік жүйесіне сәйкес, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында бірінші орынды иеленуімен салтанатты түрде құттықтады.

Филиал директоры өз сөзінде филиалдың 2017 жылы - 3 орын, 2018 жылы - 2 орынды иеленгендігін айта отырып, 2019жылы  - 1 орын алуы заңдылық екендігін айтты.

Себебі Жамбыл-«Өрлеу» ұжымы жеңіске жоспарлы түрде жетті. Ұжым осы жолда бар күш-жігерін аямай еңбек етті, бірлік пен берекенің арқасында, «жүкті жұмыла көтеру» арқылы жеткен жеңіс, шын мәнінде, лайықты деп бағалануы тиіс. Сонымен қатар филиал басшысы осы жеңісті ары қарай жалғастыру керек екендігін айта отырып, ұжым алдында атқарылуы тиіс міндеттер мен мақсаттарды да межелеп берді.

Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ