Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Декабрь 2019 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖҮРЕГІ

10 желтоқсан – қазақстандықтар үшін ерекше күн. 1997 жылдың 20 қазаны күні ҚР Тұңғыш Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың Қаулыға қол қойып, осы жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы болды. Жарты жылдан кейін ол Астана деп өзгертілді.
Осылайша, еліміздің Солтүстік аймағындағы шағын қаланың үлкен өмірі басталды. Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласының милионнан астам тұрғыны бар.
Жамбыл – «Өрлеу»  оқытушылары облыстық дарынды балаларға арналған  IT лицей-интернатының ұжымы мен оқушыларына арнап, астананың көшірілу Күніне байланысты ақпараттық сессия өткізді.
 
 
Іс-шараның мақсаты – қатысушыларды Нұр-Сұлтан қаласының тарихымен, көрнекі жерлерімен таныстыру, оқушылар бойында патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Ақпараттық іс-шара барысында Жамбыл – «Өрлеу»  филиалының кітапхана ісі бойынша Инна Грицинина қатысушыларға Елбасының көшбасшылық қасиеттерін қамтыған буктрейлер ұсынды.
 
Баян Муртазаева, курстан кейінгі қолдау және
инновацияларды енгізу зертханасының меңгерушісі
 
 
Подробнее ...

САПАЛЫ ОҚЫТУ НЕГІЗІ - САБАҚТЫ ТИІМДІ ЖОСПАРЛАУ

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ білім беру процесін педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушысы Парида Каркабаева Т.Рысқұлов ауданы, Ақтоған орта мектебінің пән мұғалімдеріне «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында қысқа мерзімді сабақ жоспарын әзірлеу әдістемесі» тақырыбында семинар өткізді.
Семинардың мақсаты - пән мұғалімдерінің оқу бағдарламаларының мазмұнын түсіну, ерекшеліктерін меңгеру, қысқа мерзімді жоспарды жасау.
Семинарда мұғалімдер пәндік аспектілердің мақсат-міндеттерімен, оқу үдерісін ұйымдастырудағы қолданылатын педагогикалық әдістемесімен танысып, өзара пікір алмасты. Семинарға қатысушылар пәндік аспектілердің ерекшеліктерін топтарда талқылап, өзіндік көзқарастарын білдірді.
Топтардың жұмыс нәтижелерін презентация түрінде таныстырды. Барлық топтардың жұмыстары бағаланып, «Екі жұлдыз бір тілек» әдісімен кері байланыс берілді. Мұғалімдер қысқа мерзімді жоспарды жасау барысындағы оқу мақсатына сәйкес тапсырмалар жасау, ол тапсырмаларға дескриптор құру, кері байланыс беру бойынша тапсырмаларды орындады.
 
      Шынар Тойганбекова, п.ғ.к., қауым.проф., ББПППҚ кафедрасының меңгерушісі
 
Подробнее ...

ЛАТЫН ГРАФИКАСЫН МЕҢГЕРТУ БОЙЫНША СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

10 желтоқсан күні Жамбыл – «Өрлеу» филиалының  инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушылары және Жамбыл облысы әкімдігі білім басқарамасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Латын графикасына көшудегі емле ережелердің ерекшелігі» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өтті.
Іс-шараның мақсаты: Латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиі емле ережелерінің ерекшелігін қарастыру және меңгертудің тиімді жолдарын талқылау. Семинар-тренингке Жамбыл - «Өрлеу» филиалының тренерлері, ЖОО профессор-оқытушылық құрамы, тілдерді оқыту орталығының әдіскерлері, білім басқармасының, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің қызметкерлері, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері және талқыланатын мәселеге қызығушылық білдірген тұлғалар қатысты.
 
 
Семинар-тренинг барысында инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының тренерлері Гүлхан Аманова және Айша Тулекова «Жаңа қазақ емлесінің негізгі ережелерінің ерекшеліктеріне» қатысты латын графикасына негізделген әліпбидің  жобасын талқылап,өз ойларын ортаға салды.
Семинар-кеңеске белсенді қатысып, тың ұсыныс-пікір білдірген қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Ақжарқын Райымбекқызы, ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы
 
 
Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ