Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Декабрь 2019 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

ЖАМБЫЛ – «ӨРЛЕУ» ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНА МАРАПАТТАУ РӘСІМІНЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында бүкіл елдің педагогикалық қоғамдастығы тағы бір маңызды оқиға – Республикалық  «Педагогикалық идеялар панорамасы» үздік бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін тағатсыздана күтуде. Салтанатты рәсім 11 желтоқсанда Өскемен қаласында өтеді.
Байқауға қатысушылардың күресі, қатаң сарапшылардың шынайы бағасы да артта қалып, жеңіс қуанышы келді. Алда Жамбыл облысы өкілдерін қоса алғанда, ең үздік, лайықты педагогтерді марапаттау рәсімі тұр.
Жамбыл облысы бойынша 2019 жылы 6 қатысушы жүлделі орындарға ие болды:
1 орын: тәрбиеші Зайнулина Ирина Владимировна, Тараз қаласы, № 12 бөбекжай-балабақшасы; өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Спатова Айнар Амангелдіқызы, Тараз қаласы, №2 ОМ; Қаппарова Салтанат Саматқызы, Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.
2 орын: Иманмырзаева Асел Досмаханбетқызы, Тараз қаласы, А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі; Қожамқұлова Ақбота Құрманғалиқызы, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі,  Гагарин атындағы орта мектеп, Т. Рысқұлов ауданы.
3 орын: Керимбаева Гульнара Саметовна, Сарыкемер мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім,  Байзақ ауданы.
1-ші орын алған қатысушылар Өскемен қаласына марапаттау рәсіміне шақырылды. Бүгін Жамбыл – «Өрлеу» жеңімпаздарды шығарып салып, оларға ақ жол, керемет кездесу және ұмытылмас әсер тіледі!
2-ші және 3-ші орын алған қатысушыларға филиал базасында онлайн-режимде ресми марапаттау рәсімінде дипломдар мен ақшалай сертификаттар беріледі.
 
Ақжарқын Райымбекқызы, ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы
 
 
Подробнее ...

ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ РӨЛІ

6 желтоқсан күні Жамбыл – «Өрлеу» мен «Тілдерді дамыту огрталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бірлесуімен,  «Қоғамдық келісімді нығайтудағы мемлекеттік тілдің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 
Дөңгелек үстелдің мақсаты -  тілдік мұраны сақтау және қоғамдық өмірдің барлық саласында қазақ тілінің қолданылуын қамтамасыз етіп, оның барынша дамуына қол жеткізу.
Бүгінде Елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауында белгіленген басым бағыттардың бірі – барлық қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы ретінде мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға басты назар аударылып отыр. Сондықтан қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту және оның әлеуметтік-коммуникативтік міндеттерін кеңейту еліміздің саясатының басты стратегиялық басымдығы болып қала береді.
Қоғамда, әсіресе, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға толық негіз бар.
 
Ақжарқын Райымбекқызы, ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы
 
 
Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ