Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Декабрь 2019 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ - БІЛІМДІ ЖАСТАР

Жамбыл - «Өрлеу» мектепке дейінгі тәрбиелеу және инклюзивті білім беру кафедрасы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «2019 жыл - Жастар жылы» Жарлығын іске асыру мақсатында 2019 жылдың 20 қарашасы мен 13 желтоқсан аралығында жас педагогтер арасында қашықтықтан облыстық үздік эссе байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты: жас мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіріп, педагогикалық шеберлігін шыңдау.
Байқауға Тараз қаласы және Жуалы, Жамбыл, Талас, Байзақ, Т.Рысқұлов, Меркі, Мойынқұм аудандарының педагогтері қатысты. Жалпы байқауға барлығы: педагогтардың 60 шығармашылық жұмыстары келіп түсті.
Байқау Ережесі бойынша эссенің негізгі идеясы мен тақырыбына сай материалдар іріктеліп, жеңімпаздар анықталды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.
                                                                                                                                
Андия Беисенкулова, МДТИББ кафедрасының аға оқытушысы
 
Подробнее ...

ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУДЫ МІНДЕТТІ ШАРТЫ – БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІНІҢ БОЛУЫ

23 желтоқсан күні инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының тренерлері техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушыларына «Критерийлерді бағалау - оқу үрдісінде маңызды фактор» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинар барысында мұғалімдер білім мазмұнын жаңартудың ресурстарымен танысып, оны талдап, өздерінің жетістіктері туралы қорытынды жасады.
Өзін-өзі бағалауды жүзеге асырудың міндетті шарты - жұмыстарды бағалау критерийлерінің болуы, оны оқушыларды тақырыпты зерттеу басталғанға дейін және жұмыстың басталуына дейін танысу керек.
Білім беру қажеттіліктеріне сай келетін жаңартылған мазмұн бағдарламасы, тез өзгеретін әлемдік оқиғалармен алға қадам жасап, функционалды сауатты болуды талап етеді.
Семинардың практикалық бөлімінде ТжКБ оқытушылары тақырыпқа арналған критерийлер мен дескрипторларды әзірледі және әртүрлі әдістермен бір-бірін бағалады.
Семинардың қатысушылары ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдаудың құндылығымен мен танымының, мазмұнының жоғары деңгейін атап өтті.
 
Сагадат Карымбаева, ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы
 
Подробнее ...

ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕП ТӘЖІРИБЕСІ - АУДАН НАЗАРЫНДА

Байзақ аудынының Жаңатұрмыс шағын жинақты мектебі мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚБАИ арасында ынтымақтастық және бірлескен әрекеттер барысында 23 желтоқсан күні мектеп базасында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағында жаңартылған білім беруге көшудегі оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өтті.
Семинардың мақсаты – алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабақтарында оқушылардың бойында патриоттық білімдерін дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдерді енгізу бойынша мұғалімдердің теориялық және тәжірибелік білімдерін жетілдіру. Семинар барысында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында тиімді оқытудың маңызы мен оны ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Іс-шараға аудан бойынша 52 мұғалім қатысты.
Аудандық семинарда Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Сағадат Карымбаева АӘД пән мұғалімдері арасындағы желілік қауымдастықты тиімді ұйымдастыру бойынша тренинг өткізді. Семинарда «Жергілікті жерді картасыз бағдарлау», «Мен елімді мақтан тұтамын», «Сабақ кезеңдерінде әдістерді қолданудың тиімді жолдары» тақырыптарында ашық сабақ пен тәрбие сағаты, коучинг өткізілді.
Семинардың қорытындысы бойынша кері байланыс алынып, келесі кездесудің тақырыбы анықталды.
 
Байтенова Гулбакира, ИБжАТ кафедрасының аға оқытушысы
 
Подробнее ...

БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕСІ

Бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігінде педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттілігін арттыру мен  қазіргі педагогикалық тәжірибені  жалпылау және насихаттау  мақсатында  «Өрлеу» БАҰО "АҚ барлық филиалдар бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен  биыл екінші  жыл, әуелі облыстық этап, содан кейін республикалық  этап «Педагогикалық идеялар Панорамасы» Республикалық  бейне-сабақтар және бейне-дәрістер  жүргізілді. Конкурс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында өткізілді. Жамбыл облысы бойынша 2019 жылы 6 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. 1-ші орын алған қатысушылар Өскемен қаласына марапаттау рәсіміне шақырылып, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасының төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Гүлнас Кенжетайқызы Ахметованың қолынан дипломдармен, ақшалай сертификаттармен және сыйлықтармен марапатталды. 2-ші және 3-ші орын алған қатысушыларға филиал базасында онлайн-режимде ресми марапаттау рәсімінде дипломдар мен ақшалай сертификаттармен марапатталды.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ  Жамбыл облысы бойынша филиалы Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің директоры Мырзабекова Ляззат Тұрсынәліқызына арнайы пәндер оқытушысы Қаппарова Салтанат Саматқызының  «Педагогикалық идеялар панорамасы» үздік бейне-сабақтар мен бейне-лекциялардың республикалық конкурсына қатысуына қолдау көрсеткені үшін «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Г.К.Ахметованың атынан Алғыс хатпен марапаттады.
 
                                 Эльмира Мирзалиева, PhD доктор, ИББжАТ каф.меңгерушісі
 
 
Подробнее ...

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМБЕРЕТІН 18 МЕКТЕПТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-МЕДИЦИНАЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕСІ

 

20 желтоқсан күні Тараз қаласындағы 18 жалпы орта білім беретін мектебі мен Жамбыл-«Өрлеу» бірлескен психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум өткізді.
Өткізілген консилиумның қызметі ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды дамыту жəне оқыту мəселелерін зерделеу ерекшеліктерін, шешу тəсілдерін кешенді қамтамасыз етуге бағытталды.
Бірлескен ынтымақтастықта, оқу қиындықтары бар балаларды уақтылы анықтау және жан-жақты тексеру барысында психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мен мұғалімдер ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың дамуының бірыңғай стратегиясын жасады.
Балалардың резервтік мүмкіндіктерін анықтай отырып, жалпы және түзетуші оқыту мен тәрбиелеу процесінде жеке сараланған тәсілді қамтамасыз ету үшін білім беру процесінің қатысушыларына ұсыныстар әзірлеу.
 
Айгуль Абилова, PR SMM маманы
 
Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ