Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Декабрь 2019 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

ОТАНШЫЛДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, Жамбыл - «Өрлеу» №35 А.Гайдар атындағы орта мектебінде «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына және «Жас қыран» ұйымына қабылдау іс-шарасын ұйымдастырды.
Іс-шара өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі  тәрбиелеу және инклюзивті білім беру  кафедрасының меңгерушісі Кунсулу Таукебаева балаларды мерекесімен құттықтап, жүрек жарды лебізін білдірді. Кафедра оқытушылары мен тренерлері оқушыларды «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына» және «Жас қыран» ұйымына қабылап, төсбергілерін және галстуктарын тақты.
Мерекелік іс-шара  балалардың концерттік бағдарламасымен жалғасып, Жамбыл - «Өрлеу» Тараз ұжымының атынан балаларға сыйлықтар табыс етілді.
Мектеп әкімшілігі осындай тағылымды іс-шара өткізген филиал ұжымына өз ризашылықтарын білдірді.                                                                                                                    
Алмагул Айтуарова, МДТжИББ кафедрасының аға оқытушысы
 
 
Подробнее ...

ОБЛЫСТЫҚ ОNLINE СЕМИНАР

10 желтоқсан күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті бірлесіп «Қалыптастырушы бағалау стратегияларын қолдану дағдыларын дамыту» облыстық online семинар өтті. Семинардың мақсаты – жалпы білім беретін орта мектептердегі пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету. Семинарға облыстың білім бөліміне қарасты аудандық және қалалық білім беру ұйымдарынан 172 мұғалім қатысты. Семинарды облыстық білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің «Білім үдерісін ақпараттық-әдістемелік  қамтамасыз ету»  бөлімінің әдіскері Телеуова Гүлфайруз бен инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Қарымбаева Сағадат жүргізді. Тренер Қарымбаева Сағадат «Критериалды бағалау жүйесіндегі жоспарлау және бағалау үдерісі» тақырыбында әдістемелік-кеңес жүргізді. Іс-шарада Тараз қаласының мектеп және гимназияларының тәжірибелі мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар online семинардың барысында сұрақ қойып, кері байланыс жасап отырды.
 
 Ақжарқын Райымбекқызы, ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы
 
 
Подробнее ...

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ

10 желтоқсанда Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті базасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қазақстандық патриотизмді дамытудың негізгі аспектілері» тақырыбында on-line режимінде облыстық әдістемелік семинар өтті.
Семинардың мақсаты - педагогикалық инновациялық тәжірибемен алмасу үшін білім беру ұйымдарында тарих мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Әдістемелік семинар жұмысына білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушысы Аманкуль Есмырзаева  қатысты.
Семинарға қатысушылардың сұрақтарына on-line режимінде жауаптар берілді. Кері байланыс кезінде педагогтер Елбасы Н. Назарбаевтың барлық бастамаларын қолдайтынын көрсетті.
 
Шынар Тойғанбекова, п.ғ.к., қауым.профессор, ББПППС каф. меңгерушісі
 
Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ