Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Ноябрь 2019 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

ЛАТЫН ГРАФИКАСЫ БОЙЫНША КУРС ТАРАЗДАН БАСТАЛЫП, НҰР-СҰЛТАНДА ЖАЛҒАСАДЫ

 

Жамбыл - «Өрлеу» тренерлері Айша Тулекова мен Зере Смаилова латын графикасы бойынша 28 қазан айынан  8 қараша айының аралығында өткен ең алғашқы 240 сағаттық курстың 80 сағаттық вебинар сабағын өз деңгейінде өткізді.  
Латын графикасы бойынша Тараз қаласының ЖОО профессор-оқытушыларына арналған  вебинар формасындағы он-лайн курсы сәтті аяқталды.  
Бұл курста тыңдаушылар қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында тілдік білімдерін жетілдіріп,  латын әліпбиінің негізінде қазіргі ұлттық әліпбиді білді.
Курста тренерлер оқытудың инерактивті түрлері мен әдістерін қолдану арқылы тыңдаушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытты. Сонымен бірге бұл курста жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану және латын графикасын АКТ-ға бейімдеу мен қолданудағы кәсіби дағдыларды меңгерді. Қалған 160 сағат латын графикасы бойынша күндізгі оқыту курсы  Нұр-Сұлтан қаласында жалғасын табады.
 
Гульбакира Байтенова, ИББ және АТ кафедрасының аға оқытушысы
 
 
Подробнее ...

БАЙҚАУ ЖҰМЫСТАРЫНА ЖАМБЫЛ-«ӨРЛЕУ» ӨҢІРЛІК САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕСІ БАҒА БЕРДІ

Білім берудің барлық деңгейіндегі қызметкерлердің заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін пайдалану бойынша озық педагогикалық идеяларын ұсыну және тарату, үздік педагогикалық тәжірибелерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 1 наурыздан 25 қазан аралығында Тараз және Жамбыл облысында жыл сайынғы «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейнесабақтар  Республикалық байқауының өңірлік кезеңі өткізілді.
Оған барлық деңгей бойынша 104 педагог қатысты. 62 қатысушы жеңімпаз атанды. Байқау жұмыстары 22-сі  номинация бойынша Сараптамалық кеңестің бағалауы үшін «Өрлеу «БАҰО» АҚ-ның әрбір филиалы базасында құрылған Өңірлік ұйымдастыру комитеттеріне жіберілді.
 
 
Облыстық сараптамалық кеңестің құрамына «Өрлеу» БАҰО» АҚ ұйымдастырған ауқымды жобаларға белсенді қатысқан үздік педагогтер, 2018 жылдың аймақтық кезеңінің жеңімпаздары, білім беру ұйымдарында алған білімдері мен дағдыларын іске асыратын біліктілікті арттыру курстарының табысты тыңдаушылары және Жамбыл-«Өрлеу» тренерлік - оқытушылар құрамы кірді.
2019 жылғы байқаудың қорытынды кезеңінде жеңімпаздарды таңдау ережелері өзгертілді. Енді республикалық кезең өңірлік сараптамалық кеңестердің дауыс беруі нәтижесінде үздік жұмыстарды іріктеумен аяқталады.
Әрбір сарапшы критерийлерге сәйкес, барлық филиалдардың конкурстық материалдары бойынша өз филиалының жұмысын қоспағанда, жиырма екі номинация бойынша дауыс береді. Дауыс беру нәтижесінде алынған жиынтық баллдар қорытынды болады.
Сараптама кеңесінің жұмысы шынайы, сапалы, білікті болады деген сенімдеміз және бағалау қорытындысы бойынша ерекше тәжірибесін тарататындай үздіктердің ең үздіктері анықталады.
 
Светлана Шевченко, зертхана меңгерушісі
 
 
Подробнее ...

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ОҢАЛТУДАҒЫ МЕРЕКЕНІҢ РӨЛІ

 

Жабық өмір салтына байланысты денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балалардың құрдастары арасында үнемі қарым-қатынасы жоқ және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік-мәдени оңалтудағы мерекенің рөлін асыра бағалау қиын.
Бүгін 2019 жылы 8 қарашада «А-Нұр» ЖҚБ балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығында «Алтын күз бізге келді!» керемет көңіл-күй сыйлаған мереке өтті! Бұл мерекеде Жамбыл-Өрлеу институты және аталмыш Орталықтың қызметкерлері мен балалары және олардың ата-аналары  қатысты.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды осындай мерекеге дайындау және оған қатыстыру әлеуметтік-мәдени оңалтудың маңызды әдісі болып табылады, бұндай іш - шаралар балаларды бір-бірімен жақындастыруға және шығармашылыққа баулуға, қуанышты сәттерге бөленуіне мүмкіндік береді. Мерекеде балалар жылы құшақпен және ізгі тілектермен Алтын күзді қарсы алып, өлеңдер айтып, ән шырқап, сабын көпіршіктеріне шомылуына қатысып, «Шалқан» халық ертегісінің қойылымына қатысып, флэш-моб биін билеп, ойындарды шебер ойнады.
Балалар қуанышқа, бақыт сезіміне, көздері толқу мен шаттыққа толы болды. Мереке жақсы өтті және балаларға өте қатты ұнады. 
 
Айгуль Абилова, PR SMM маманы
 
 
Подробнее ...

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ ЖҰМЫСЫ

 

Жамбыл - «Өрлеу» инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Қарымбаева Сағадат Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің мамандарымен бірге критериалды бағалау жүйесі және оқушының оқу жетістігін бағалау тапсырмаларын әзірлеу мен сараптау мәселелері бойынша әдістемелік жұмыстар жүргізді.  
Әдістемелік десанттың мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында критериалды бағалауды жоспарлаудың тиімді жолдары мен әдістерін қолдану дағдыларын дамыту.
Әдістемелік кездесу Тараз қаласындағы №30, 15 мектеп-гимназиясының және №3 мектеп-лицейдің мұғалімдеріне арналды. Әдістемелік кездесу барысында аға оқытушысы Қарымбаева Сағадат критериалды бағалау жүйесі және оқушының оқу жетістігін бағалау тапсырмаларын әзірлеу мен сараптау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қатысушылар өз сұрақтарына жауап алып, тәжірибелерінде кездескен кедергілерден шығудың тиімді жолдарын анықтады. Семинардың қорытындысы бойынша кері байланыс жүргізілді.
 
Избасарова Ербол, ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы
 
Подробнее ...

ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШУ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ НЕГІЗІ

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті бірлесіп «Латын графикасына көшу – рухани жаңғыру негізі» тақырыбында облыстық семинар өткізді. Семинардың мақсаты – жаңа әліпбидің ерекшелігі және қазақ жазуының жаңа нұсқасын қолданудың тиімді жолдарын меңгеру.
Семинарға облыстың білім бөліміне қарасты ұйымдардан 47 мұғалім қатысты. Семинарды облыстық білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің «Білім үдерісін ақпараттық-әдістемелік  қамтамасыз ету»  бөлімінің әдіскері Нұрмолдаева Айсұлу мен инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Қарымбаева Сағадат жүргізді.
Іс-шарада М.Х.Дулати атындағы ТарМУ Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті, Филология және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, педагогика магистрі Абдыханова Ғалия жаңа емле ережесіндегі мәселелер бойынша баяндама жасады. Қатысушылар мүдделес топтарға жиналып жаңа емле-ережесін талқылап, оқыту мәселесін жоспарлады. Тараз қаласы №19 мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ахынбаева Лаура тренинг өткізді. Семинардың қорытынды бөлімінде жаңа әліпбиден kаhoot бағдарламасымен тест тапсырып, жеңімпаздар анықталып, марапатталды.
 
 Ақжарқын Райымбекқызы, ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы
 
 
Подробнее ...

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

«Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және қалалық білім беру бөлімімен бірлесіп, Тараз қаласындағы №2, №13, №33, №4, №1, №7 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Әдістемелік кездесу барысында білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы Карлыгаш  Бектурганова критериалды бағалау жүйесі және оқушының оқу жетістігін бағалау тапсырмаларын әзірлеу мен сараптау мәселелері бойынша түсіндірме ақпарат берді.
Жұмыс қорытындысы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында жұмыс істейтін мұғалімдердің инновациялық тәжірибелерді табысты іске асыратынын, мектептегі білім беру сапасын арттыруға бағытталған өзгерістер динамикасының жоғары деңгейін көрсететінін айқындады.
 
Дина Сейданова, Жамбыл - «Өрлеу» тренері
 
Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ