Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Ноябрь 2019 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

Б.БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ БОЙЫНША САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ

 

«Жамбыл-Өрлеу» білім беру процесін психологиялық педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы, физика пәнінен жаңартылған бағдарлама курсының тренері Парида Каркабаева Тараз сервис және технология колледжінде пән мұғалімдеріне «Б.Блум оқу мақсаттары таксономиясына сәйкес заманауи сабақты жоспарлау» тақырыбында семинар өткізді.
Семинардың мақсаты – Б.Блумның білім беру мақсаттары таксономиясына сәйкес заманауи сабақты жобалаудағы мұғалімнің дағдыларын дамыту.
Семинардың барысында тренер Парида Пазыловна Б.Блум таксономиясының ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес сабақ мақсатын жоспарлау алгоритімімен таныстырды. Сонымен қатар мұғалімдерге жаңартылған білім беру бағдарламаларының маңызды мәселелері бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.
Семинар қорытындысын шығара отырып, қатысушылар семинар тақырыбының өзектілігін атап көрсетті.Б.Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарын құрудың ерекшеліктерін талқылады және тиімді тәжірибемен алмасқандары үшін тренер П.Каркабаеваға алғыстарын білдірді.
 
Шынар Тойганбекова,  ББПППС кафедрасының меңгерушісі
 
 
Подробнее ...

БАЙЗАҚ АУДАНЫНДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТ: АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП ПЕДАГОГІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН КӨТЕРУ

 

Жамбыл-«Өрлеу» тренерлері  Байзақ аудынында әдістемелік десант өткізді. Әдістемелік десанттың мақсаты – оқу мен оқыту процесін жақсартуда ауылдық мектеп жағдайында педагогтің біліктілігін көтеру. Әдістемелік десант ұйымдастыру Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 қыркүйектегі Жолдауында атап өткен ауылдық мектептердегі білім сапасын көтерудің тиімді жолы болып табылады.
Әдістемелік дамыту семинарына Байзақ ауданы білім бөлімінің әдіскерлерімен бірге Жаңатұрмыс шағын жинақты мектебінің, Қарасу және А.Пушкин атындағы орта мектептердің мұғалімдері қатысты. 
Әдістемелік кездесу барысында инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Қарымбаева Сағадат критериалды бағалау жүйесі және оқушының оқу жетістігін бағалау тапсырмаларын әзірлеу мен сараптау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қатысушылар өз сұрақтарына жауап алып, тәжірибелерінде кездескен кедергілерден шығудың тиімді жолдарын анықтады. Семинардың қорытындысы бойынша кері байланыс жүргізілді.
 
Гульбакира Байтенова, ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы

 

Подробнее ...

ЖАҢАРТЫЛҒАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТҮЗЕТУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГТАРЫНА

2019 жылдың 28 қарашасы мен 8 қарашасы аралығында Жамбыл – «Өрлеу» мектепке дейінгі тәрбиелеу және инклюзивті білім беру  кафедрасының аға оқытушысы Айгул Абилова «Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында арнайы білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында курс өткізуде.
Курстың мақсаты білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізуде арнайы түзету ұйымдары педагог қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін жетілдіру болып табылады.
Біліктілікті арттыру нәтижесінде педагогтер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мазмұнын, мақсаттары мен міндеттерін білу және түсіну; жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана білу; жаңартылған білім беру бағдарламасын оқыту мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін түсіну және қолдану; жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру кезінде қажетті іскерліктер мен дағдыларды меңгере алады. Сонымен қатар, инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, дербес тұтас логопедиялық технология және нейропсихологиялық бағыттағы түзету-дамыту жаттығуларының, логопедиялық массаж тәсілдер жүйесін меңгереді.
 
Мадина Садибекова, МДТжИББ кафедрасының аға оқытушысы
 
Подробнее ...

КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ СЕМИНАРЫ

 

Жамбыл - «Өрлеу» инновациялық  білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен, Қордай ауданы №51 орта мектебінде, ауданның химия және биология пәндері мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау тапсырмаларын құрастыру жолдары» тақырыбында семинар  өтті. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау құралдарын құрастыру және оны қолдану саласында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында өткізілген семинар барысында мұғалімдер критериалды бағалау құралдарын әзірлеудің тәсілдерін зерделеді. Тыңдаушылар тапсырмалардың түрлері мен сипатын ашып, бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеп, балл қою кестелерін құрастыруды үйренді.

                                             Пердегул Танатарова, ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы

 

Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ