Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Ноябрь 2019 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

«ӘР ЖҮРЕКТЕ ШЕБЕР ЖАН» БАЙҚАУЫ

Жамбыл - «Өрлеу» білім беру процессін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасы 2019 жылдың 07.10-18.11 аралығында «Әр жүректе шебер жан» тақырыбында білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған (онлайн) облыстық байқау өтізді.
 Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды,  барлық қатысушыларға сертификаттар сайтқа салынды.
Жамбыл «Өрлеу» кафедра психолого-педагогического сопровождения  образовательного  процесса с 07.10-18.11.2019года провела  областной дистанционный онлайн-конкурс «И в каждом сердце мастера душа» среди  общеобразовательных школ. По итогам конкурса победители были награждены Дипломами I, II, III степени, все участники получают сертификаты.
 
 
Подробнее ...

ЛИТВА ИННОВАЦИЯЛАРЫ ҚАЗАҚСТАН ҮШІН: ЖАЛҒАСЫ

 
Каунас қаласында болған 4-ші күні қазақстандық делегация, сондай-ақ Жамбыл – «Өрлеу» филиалының директоры Гульшат Медетбекова, Литва университеті Медицина Академиясының гимназиясында болды. Бұл гимназиядағы оқытудың басты бағыты -  биотехнология мен жаратылыстану ғылымдарының жобасымен айналысу.  Мектеп бағдарламасын бітірген түлектер ешқандай қиындықсыз осы университетке оқуға түседі. Оқушылар бұл жерде биоинженерия негіздерімен танысады, зерттеу жобаларымен айналысады, start-up жобаларға қатысады.
Гимназияда 14 мобильді зертхана бар және «ақылды» тақтайша орнатылған. Оқушылар белсенді өмір сүреді: спортпен айналысады, дебаттарға қатысады. Гимназияда француз тілі оқытылады. Тәжірибе алмасу үшін және шет тілдерін меңгеру дағдыларын жақсарту мақсатында оқушылар тағлымдамадан өтеді және Америка, Франция, Қытайда ұйымдастырылатын халықаралық байқаулар мен жобаларға қатысады.
Панемуне атындағы Каунас бастауыш мектебінде «Возможности применения STEAM в формальном и неформальном обучении» тақырыбында кездесу өтті. Мектептің миссиясы: 6-11 жастағы балаларға сәйкес дайындық пен тәрбие әдістерін қолдана отырып, әлеуметтік құзіреттілікті, жеке жауапкершілікті  дамыту және жоғары академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету. Бұл жерде бар-жоғы 25 оқушыдан 12 сынып қана бар. Мектеп SMART-тақталармен, 3D-принтерлермен, планшетті компьютерлермен, интерактивті проекторлармен және т.б. жабдықталған. Барлық сабақтар басқа пәндермен кіріктіріле оқытылады. 3-4 сынып оқушылары  3-минуттік роликтер түсіреді, оны сыныпта таныстырады.  
Бесінші күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының қызметкерлері жұмыс сапарымен Каунастағы Вяршву гимназиясында болды.  Бұл  гимназияның мақсаты: өз бетінше және белсенді түрде әрекет ететін тұлғаны дамыту, жаңа идеяларды ойлап табу және оларды іске асыру. Кәсіпкерлік барлық оқу пәндеріне енгізілген. Кабинеттер  SMART-тақталармен, 3D-принтерлермен, планшетті компьютерлермен, интерактивті проекторлармен, роботтармен жабдықталған Әрбір оқушы оқу жылында бір жобалық жұмысты таңдауы және оны гимназия оқушыларының алдында таныстыруы қажет.
 
Баян Муртазаева, курстан кейінгі қолдау және
инновацияларды енгізу зертханасының меңгерушісі
 
Подробнее ...

ЕЛБАСЫНЫҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ САБАҚТАРЫ  

 
29 қараша күні «Жамбыл – Өрлеу» филиалының  инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушылары Тараз қаласындағы №54 және Байзақ ауданы Ы.Алтынсарин атындағы мектептердің базасында  Тұңғыш Президент күніне орай іс-шаралар өткізді.
Іс-шаралардың мақсаты – мемлекеттің тұңғыш Президентінің ел үшін атқарған қызметіндегі өнегелі істерін дәріптеу, ел болашағын дамытуға қосқан үлесін насихаттау және жастарға үлгі ету. 
Атаулы күнге арналған тәрбие сағатына, тренингтер мен дөңгелек столдарға мектеп әкімшіліктері, педагогтері, кітапхана қызметкері мен оқушылары қатыстырылды. №54 орта мектебінің  ұжымы мен оқушылары 2009 жылы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасымен соғылған мектепті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзі ашып бергенін мақтаныш етеді. Ы.Алтынсарин атындағы мектептегі «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнінің тарихы мен тағылымы» тақырыбындағы іс-шара барысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың оқушылық кезеңі, көшбасшылық қасиеттері туралы, халық арасындағы сыйластық қарым-қатынастары, кейінгі жылдардағы жылылыққа толы кездесулері жайлы естеліктері айтылды.
Мектептегі кітапхана қызметкерлері «Өмірбаяндық материалдардың жинақталуы мен насихатталуы», «Жастардың бойында лидерлік қасиетті дамыту жағдайлары» тақырыбында баяндамалар жасады.
Оқушылар Елбасының ерен еңбектерін дәріптейтін өлеңдер оқыды, ән-жырлар айтты.
 
    Ербол Избасаров, ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы
 
Подробнее ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ – ИНКЛЮЗИВТІ ОРТАНЫ ДАМЫТУ

 
29 қараша күні Жамбыл - «Өрлеу» филиалы инновациялық білім беру және ақпаратандыру технологиялар кафедрасының тренерлері Талас ауданы, Қаратау қаласындағы «Үміт» қимыл-тірек аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының базасында «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі – инклюзивті ортаны дамыту» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өткізіп,  нормативтік құжаттарды таныстырып, тәжірибе алмасты.
Семинардың мақсаты - білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында инклюзивті оқытуды дамытудың өзекті мәселелерін талқылау, шешу жолдарын анықтау және  тәжірибе алмасу. Семинар жұмысына облыстық, аудандық білім басқармасының қызметкерлері, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері және психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру ұйымдарының қызметкерлері  қатысты. 
 
Ақжарқын Райымбекқызы, ИББжАТ кафедрасының тренері
 
 
Подробнее ...

III РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ЭТНОКУЛЬТУРНЫЙ ФОРУМ «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ»

20.11.18akjarkim

На базе Жамбылской областной универсальной научной библиотеки им. Ш.Уалиханова профессорско-преподавательский состав «Жамбыл-Өрлеу» провел ІІІ Республиканский этнокультурный Форум: «Ұлы дала елі». Форум, посвященный     28-летию независимости Казахстана, проводился в рамках реализации идей программной статьи Главы государства «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания».

Основной целью Этнокультурного Форума является стимулирование развития исследовательского и интеллектуально-творческого потенциала учителей и обучающихся организаций образования для сохранения культуры народа Казахстана и национального кода.

Главные направления исследований форума: история переселенцев, история моего села/города, национальная культура, люди нашего села .

Дипломы/Благодарственные письма

 

Подробнее ...

III РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ЭТНОКУЛЬТУРНЫЙ ФОРУМ «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ»

20.11.18akjarkim

На базе Жамбылской областной универсальной научной библиотеки им. Ш.Уалиханова профессорско-преподавательский состав «Жамбыл-Өрлеу» провел ІІІ Республиканский этнокультурный Форум: «Ұлы дала елі». Форум, посвященный     28-летию независимости Казахстана, проводился в рамках реализации идей программной статьи Главы государства «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания».

Основной целью Этнокультурного Форума является стимулирование развития исследовательского и интеллектуально-творческого потенциала учителей и обучающихся организаций образования для сохранения культуры народа Казахстана и национального кода.

Главные направления исследований форума: история переселенцев, история моего села/города, национальная культура, люди нашего села .

Дипломы/Благодарственные письма

 

Подробнее ...

ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ


      
29-қараша күні Жамбыл - «Өрлеу» филиалы  мен Тараз қаласындағы №35 А.Гайдар атындағы орта мектептің ұйымдастыруымен 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты мерекелік іс-шара  өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жастарды Елбасының өмір жолы, ерен еңбегімен таныстыру, тәуелсіз ел азаматы болуға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі тәрбиелеу және инклюзивті білім беру кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., профессор Күнсұлу Таукебаева Қазақстан Президенті оқушыларға жақсы оқып, алға қойған барлық мақсаттарына жете беруді тіледі.
 Мерекелік шарада оқушылар өнерлерін ортаға салып, өздерін басқа қырларынан жақсы көрсете білді.
 
Алмаш Айтуарова, МДТжИББ кафедрасының аға оқытушысы
 
Подробнее ...

БЕСІНШІ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

27 қараша күні Киев қаласында Украинаның Ұлттық Педагогикалық ғылымдар академиясы және Белоцерков үздіксіз кәсіптік білім беру институтының ұйымдастыруымен «Ересектердің үздіксіз білім берудегі психологиялық-педагогикалық аспектілері» V Халықаралық ғылыми-практикалық интернет-конференциясы өтті.Конференцияға 17 ғылым докторы, 22 ғылым кандидаты, жоғары, орта және кәсіптік білім беру мұғалімдері, 10 елдің: Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Латвия, Эстония, Польша, АҚШ, Финляндия, Украина білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.Қазақстан атынан Жамбыл - «Өрлеу»  филиалы инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Эльмира Мирзалиева «3 D принтинг технологиясы» тақырыбында баяндама жасады.
Конференция барысында келесі мәселелер талқыланды: мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық құзіреттілігін дамыту үшін жағдайлар үздіксіз кәсіби білім беру жүйесі; мұғалімнің жаңашылдыққа дайындығын дамыту; мұғалімдердің кәсіби қызметін ынталандыру; оқыту мен тәрбиелеу процесін гуманистік негізде ұйымдастыру; білім беру ұйымдарын басқаруды ізгілендіру қағидалары; мұғалімнің инновациялық қызметін модельдеу; еуропалық интеграция жағдайындағы институттың даму процесін басқару; ересектерге білім берудегі ақпараттық технологиялар (қашықтықтан оқыту, тренингтер, электронды оқыту және т.б.); заманауи еуропалық интеграция кеңістігінде инклюзивті білім беруді дамыту векторлары; тұрақты даму үшін білім беру.
Конференция баяндамаларын талқылау қорытындысы бойынша резолюция  қабылданды.
 
 Ақжарқын Райымбекқызы, ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы
 
 
Подробнее ...

ЛИТВА ИННОВАЦИЯЛАРЫНЫҢ ҮШІНШІ КҮНІ

Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселесімен танысу және тәжірибе алмасу мақсатындағы Жамбыл - «Өрлеу» директоры, п.ғ.к., қауым.профессор Гульшат Медетбекованың «Повышение квалификации учителей и развитие компетенций учащихся в области преподаваемых предметов STEAM» тақырыбында Литва Республикасында өтіп жатқан тағлымдамасы жалғасуда. Үшінші күні қазақстандық қатысушылар  Каунастағы КТУ инженерия лицейіне барды, ол жердегі кездесу тақырыбы - «Инженерия – метод обучения STEAM» болды. 2020 жылға қарай болашақта жұмыс істейтін мамандардың 80 %  STEM-құзыреттілігі болуы талап етеді.  
Лицей балаларға осындай білімді беріп қана қоймай, ғылыми әдістерді тәжірибеде қолдануды игеретін ортаға айналып отыр. Бұл жердегі оқыту инженерияның басқа да іс-шараларға кіріктірілген көппәндік және пәнаралық мәселелерді қамтиды. «Электронная система», «Проектирование», «Современные медиа» пәндерін игеру арқылы, білім алушылар education-менеджментпен айналысады, Фурштейн әдісін қолданады,  «Роботика» электронды жүйесімен танысады.
 
 
А.Пушкина атындағы Каунасс гимназиясында «Өрлеу» БАҰО» АҚ қызметкерлері ағарту саласындағы жаңалықтармен ғана емес, сонымен қатар Литва Республикасындағы көпсалалы мектепте оқытуды ұйымдастыру әдістерімен танысуға үлкен мүмкіндік алды.
Гимназияда 16-дан астам ұлт өкілдерінің балалары білім алады және барлық ұлттық және конфессияаралық қауымдастықтардың тең мүмкіндіктері сақталған. Бұл жердегі оқыту орыс және литва тілдерінде жүргізіледі.
Жалпы білім беретін пәндерге арналған кабинеттермен бірге оқушыларды әлеуметтік ортаға бейімдеу орталығы, кітапхана, ақпараттық технологиялар сыныбы, спорт залы, каратэ секциясы бар. Психолог, әлеуметтік педагог кәсіби қызметтер көрсетеді. Оқушылардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады.
Қазақстандықтар барып, танысқан екі гимназия да болашақ мектептердің үлгісі болып табылады.
 
Баян Муртазаева, курсан кейінгі қолдау және
инновацияларды енгізу зертханасының меңгерушісі
 
Подробнее ...

Ы.АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІНДЕ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

 
29 қараша күні күні Жамбыл - «Өрлеу» инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының тренерлері Байзақ ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп базасында «Мәтіндерді талдауда графикалық органайзерлерді тиімді қолдану» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды.
Семинар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін белсендіріп, схемалық кестелерді қолдану арқылы оқушылардың білімдерін, біліктерін, дағдыларын қалыптастыру мақсатында өтті.
Мұғалімдер графикалық органайзерлерді қолданудың тиімділігі, оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауға, ойлануға, ой-өрісін дамытуға көмектесетіндігі жайлы ой бөлісіп, тәжірибелерімен алмасты.
 
Гульбакира Байтенова, ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы
 
 
Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ