Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Ноябрь 2019 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

САМОМАРКЕТИНГ: ФОРМУЛА УСПЕХА

28 ноября кафедрой инновационного образования и информационных технологий  филиала АО «Национальный центр повышения квалификации Жамбыл - «Өрлеу» в рамках Года молодежи проведен областной молодежный форум «Самомаркетинг: формула успеха молодого лидера». Форум организован с целью объединения молодежных организаций и молодых лидеров, создания условий для поддержки талантливой и инициативной молодежи.
В форуме приняли участие молодые ученые вузов, руководители и педагоги школ,  частных дошкольных и учебных центров Жамбылской области, специалисты Палаты предпринимателей, молодые предприниматели, члены молодежного крыла «Жас Отан», победители  проекта «100 новых лиц Казахстана 2018»,  обладатели «Лучший учитель 2018 года», «Лучший студент 2018», «Лучший студент 2019»
 
 
Форум открыт  выступленим депутата Мажилиса Парламента РК Бахытжана Ертаева в прямом эфире с приветствием представителей молодежного форума Жамбылской области,  собравшихся для обсуждения актуальных вопросов развития молодежного сотрудничества, новых идей, конструктивных решений и плодотворного общения. Депутат разъяснил молодежи основные положения Послания Первого Президента РК и суть проводимых реформ в стране.
В рамках форума молодежь презентовала  социально значимые проекты, направленные на развитие добровольчества, самоуправления, развитие медиа и образовательных проектов, тем самым раскрывая секреты своего  успеха. 
«Формула успеха» для любого человека – это своеобразная цепочка действий, направленных на реализацию поставленной цели и достижение необходимого и желаемого результата. Только целеустремлённый и ответственный человек способен чётко определить свою формулу успеха.
                                  
Эльмира Мирзалиева, доктор PhD, заведующая  каф. ИОиИТ
 
 
Подробнее ...

ӨЗДІКМАРКЕТИНГ: ТАБЫС ФОРМУЛАСЫ

28 қараша күні Жамбыл - «Өрлеу» Институты инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен Жастар жылы аясында «Өздікмаркетинг: жас көшбасшының табыс формуласы» облыстық жастар форумы өтті. Форум жастар ұйымдары мен көшбасшы жастарды біріктіру, дарынды және бастамашыл жастарды қолдауға жағдай жасау  мақсатында ұйымдастырылды.
Аталған форумға Жамбыл облысындағы ЖОО-ның жас ғалымдары, оқу орталықтарының, жеке меншік мектепке дейінгі және орта білім ұйымдарының  басшылары мен педагогтері, кәсіпкерлер палатасы мамандары,  жас кәсіпкерлер және «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, «Үздік оқытушы 2018» байқауының жеңімпазы,  «2018 жылғы 100 жаңа есім» және «2018 жылғы 100 жаңа есім» жобаларының  жеңімпаздары қатысты.
 
 
Форумды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Ертаев Жамбыл облысы жастар форумы өкілдеріне арнаған бейне құттықтау сөзімен ашты. Депутат жастарға ҚР Тұңғыш Президенті Жолдауының негізгі ережелерін және елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін түсіндірді.
Форум аясында жастар өзін-өзі басқаруды дамытуға, әлеуметтік маңызды медиа және білім беру жобаларын дамытуға бағытталған жобаларымен таныстырып, өздерінің табысқа жету формуласымен бөлісті.
Кез келген адам үшін «табыс формуласы»  – бұл қойылған мақсаттарды іске асыруға және қажетті нәтижеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттердің тізбегі. Тек мақсатты және жауапты адам ғана табысқа жетудің өз формуласын нақты анықтай алады, яғни оны табыс деп аталатын нәтижеге әкелетін мақсат, ресурстар, құралдар және өзінің жеке мүмкіндіктері.
 
Эльмира Мирзалиева PhD докторы, ИББжАТ каф.меңгерушісі
 
 
Подробнее ...

ЕЛБАСЫ ӨНЕГЕСІ: «МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ – ӨТКЕНІ, БҮГІНІ, КЕЛЕШЕГІ»

28 қараша күні Тұңғыш президент күні қарсаңыңда  Тараз қаласының №9 орта мектеп базасында Жамбыл - «Өрлеу» оқытушылары «Қазіргі Қазақстан. Елбасының көшбасшылық өнегесі» атты ашық сабақ ұйымдастырды.
Ашық сабақты білім беру процесін педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., қауым.проф. Шынар Тойганбекова мен оқу жұмысы және мониторингтік қызмет бөлімінің бас маманы Инна Грицинина өткізді, сабақ барысында олар мемлекетіміздің бас байлығы егемендігі мен ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасып, дамуы мен нығаюына қосқан айрықша үлесіне көңіл бөлді. Елбасының стратегиялық көшбасшылығымен Қазақстан қарқынды әлеуметтік-экономикалық даму жолына түсіп, жаңа тарихи жағдайда халықаралық беделі жоғары табысты мемлекет болғандығын атап көрсетті. Елбасы әлемдік дипломатия тарихына жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы ретінде енді. Тұңғыш Президент жаңа мыңжылдықта ЕҚЫҰ-ның алғашқы және жалғыз саммитін ұйымдастырып, Еуразиялық қауіпсіздік туралы декларацияның қабылдануына қол жеткізе алды.Іс-шараның мақсаты: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы және дамытушысы, әсіресе, білім беру саласын түбегейлі жаңартқан, қазірден-ақ тарихи құжат деген атқа ие болып үлгерген елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласының іске асуын оқушылар, студенттер және оқытушылар арасында талқылап, пікір алмасу, ой бөлісу. Бұл мемлекетіміздің өркендеуіне, білім беру саласының және мәдениетіміздің дамуына бағытталған бүгінгі және ертеңгі іс-әрекетіміздің алгоритімі. Жамбыл - «Өрлеу» ұжымы барша Қазақстандықтарды Қазақстан республикасының Тұңғыш Президент күнімен құттықтайды! Бұл еліміздің өміріндегі  ерекше күн. Біз тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Елбасының орасан зор еңбегін мақтан тұтамыз!
 

Елена Бегалиева, ф.ғ.к., ББҮППҚ кафедрасының доценті

 
Подробнее ...

ЖАҢАШЫЛ МӘДЕНИЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ: ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДА

Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселесімен танысу және тәжірибе алмасу мақсатында Жамбыл - «Өрлеу» директоры, п.ғ.к., қауым.профессор Гульшат Медетбекова «Повышение квалификации учителей и развитие компетенций учащихся в области преподаваемых предметов STEAM» тақырыбында Литва Республикасында тағлымдамадан өтуде.
Бірінші күн Каунасс педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру Орталығының әдістемелік қызметі мен жобаларымен, сондай-ақ Литвадағы оқытудың заманауи технологияларымен танысуға арналды.
Білім беруді дамыту Орталығының директоры Гедрюс Вайдялистің «STEAM – формирование культуры инноваций в Европе и Литве» баяндамасы тыңдалды.
Сонымен қатар бірінші күні Каунасс әкімінің ағарту саласына жауапты орынбасары Она Висоцкенемен кездесу өтті. Каунасс педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру Орталығының директоры Раса Борткявиченмен халықаралық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
 
 
Екінші күні жаратылыстану және нақты ғылымдар пәндерінде 3D объектілер мен басқа да  электронды бағдарламаларды пайдалану әдістерімен танысу мақсатында Каунас гимназиясымен танысу өтті. Гимназияда инновациялық және заманауи 3D-сыныптар жабдықталған. 
Каунасс мектептерінің мұғалімдері мектептерде оқыту үдерісі анағұрлым қызықты болып отырғанын атап өтті, себебі оқушылар көрнекі және қызықты тапсырмаларды орындаумен айналысады.  Бұл - үйреншікті мектеп жағдайларында елестетуге мүмкін еместі егжей-тегжейі және бояулармен көрсететін  бірегей оқыту бағдарламасы. Геометрия, стереометрия, химиялық реакциялар мен қосындылар – осы бірегей бағдарламанычң көмегімен оқушылар өз көздерімен көретін мүмкіндіктер. Одан басқа, технологияның бойына көптеген тапсырмалар мен тестер жинақталған, оларды тапсырғаннан кейін оқушылар бірден нәтижелерін біледі және өз қателері бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Йонас және Пятрас Вилейшис атындағы Каунасс мектебінің  педагогтеріне  STEAM-оқытуды мектепте қолдануға мүмкіндік берілген. 
 
 
2015 жылдан бастап мектепте  STEAM-бағытталған білім беру мақсатты түрде жүзеге асырылады. Оқыту барысында мұғалімдер өз сабақтарында онлайн-ресурстарды (мысалы, robotukai.ru., Eduka.ru) пайдаланады, сонымен қатар авторлық сандық білім беру  ресурстарын жасайды. Білім беру ойлаудың анағұрлым жоғары сатысы - «Ойлау мектебі»мен («Mąstymo mokykla») кіріктіріледі.
Каунастағы біліктілікті арттырудың әрбір күні – білім беру тәжірибесінің мол қорын жинақтау және оларды Қазақстанда іске асыру жоспарын жасау уақытымен сәйкес келіп отыр.
 

    Айнур Сансызбаева,  PR, SMM маманы

 
Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ