Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Ноябрь 2019 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ-БОЛАШАҚТЫҢ БАҒЫТЫ

 

Президент Қасым – Жомарт Тоқаевтың барша қазақстандықтарға арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы Жолдауында білім беру сапасын жақсартуда саналы ұрпақ – жарқын болашақ кепілі екені айрықша атап айтты. Осыған орай  Жамбыл - «Өрлеу» институты, ББПППС кафедрасының аға оқытушылары Тараз қаласындағы №47 жалпы орта мектеп базасында Президент Жолдауының мазмұнын талқылау үшін пән мұғалімдеріне  семинар ұйымдастырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды міндеттер мемлекетті жан-жақты ілгері дамыту жолында жаңа мүмкіндіктерді іздестіруге екпін беретіндігіне тоқталып, тапсырмалардың тиісті сала басшылары мен құрылым мамандары тарапынан толық орындалатындығына нық сенім білдірді. Жолдауда айтылған барлық басымдықтар өте өзекті мәселелер. Сондықтан атамекеніміздің гүлденіп өсуіне, болашағымыздың жарқын болуы үшін ортақ мақсатта жұмыла жұмыс жүргізгеніміз жөн. Президент жүктеген міндеттердің жүзеге асырылуы оң нәтижесін беріп, биік белестерді бағындыра беретініміз анық.
 
Парида Каркабаева
ББПППС кафедрасының аға оқытушысы
 
 
Подробнее ...

ОБЛЫСТЫҚ ОN-LINE СЕМИНАР

 
26 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті бірлесіп, «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында сабақты жоспарлау және формативті бағалау әдістемесі» облыстық on-line әдістемелік семинар өтті.
Семинардың мақсаты – жалпы білім беретін орта мектептердегі пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету. Семинарға облыстың білім бөліміне қарасты аудандық және қалалық білім беру ұйымдарынан 323 мұғалім қатысты. Семинарды облыстық білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің «Білім үдерісін ақпараттық-әдістемелік  қамтамасыз ету»  бөлімінің әдіскері Гүлфайруз Телеуова мен инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Сағадат Қарымбаева жүргізді.
Тренер Сағадат Қарымбаева «Критериалды бағалау жүйесіндегі жоспарлау және бағалау үдерісі» тақырыбында әдістемелік-кеңес жүргізді.
Іс-шарада Тараз қаласындағы №47 орта мектебінің, №40 гимназияның және Жамбыл ауданы В.Чкалов атындағы орта мектебінің мұғалімі өз тәжірибелерімен бөлісті. Әдіскер Гүлфайруз Телеуова мен тренер Сағадат Қарымбаева қатысушылардың сұрақтары мен кері байланыстарына on-line түрінде жауап берді.  
 
Ақжарқын Райымбекқызы, ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы

 

Подробнее ...

БІЛІМ БЕРУДЕГІ 3D-ПРИНТИНГ ТЕХНОЛОГИЯ: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

 

26 қараша күні Жамбыл - «Өрлеу» ИББжАТ кафедрасының PhD докторы Эльмира Мирзалиева Абай атындағы гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен өткен «Информатика пәнін оқытуда мұғалімдердің заман талабына сай білім беру мазмұнын қолданудың теориясы мен тәжірибесі» тақырыбындағы қалалық семинарға қатысып, «Білім берудегі 3D-принтинг технология: болашаққа бағдар» тақырыбында баяндама жасады.
Семинардың мақсаты – білім беру жүйесіндегі жаңартылған ізденістер мен ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде пайдаланудың іс-тәжірибесімен таныса отырып, әріптестермен информатика пәнін оқытудың тиімді жолдарын зерделеу.
 
Ақжарқын Райымбекқызы, ИББжАТ кафедрасының тренері
 
Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ