Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Ноябрь 2019 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

ЖАМБЫЛ – «ӨРЛЕУ» ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және «Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» атты Жолдауларын іске асыру шеңберінде 2018 жылы барлық деңгейдегі білім беру ұйымдары үшін «Педагогикалық идеялар панорамасы» жыл сайынғы бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің республикалық конкурсы өткізіледі.
2019 жылдың байқау қорытындысы бойынша Тараз қаласы мен Жамбыл облысының жеңімпаздары анықталды. 62 қатысушының ішінен Тараз қаласының №12 балабақша тәрбиешісі Ирина Зайнулина (Жамбыл-«Өрлеу» кураторы Светлана Шевченко), Тараз қаласының №2 орта мектебінің «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Айнар Спатной (Жамбыл-«Өрлеу» кураторы Фарида Кулен); Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Салтанат Каппарова (Жамбыл-«Өрлеу» кураторы Эльмира Мырзалиева) ең үздік конкурстық жұмыстары танылды.
Барлық филиалдардың аймақтық сараптамалық кеңестері аталған мұғалімдердің жұмыстарына жоғары баға беріліп, 1-ші орын берілді.
2-ші орын - Асел Иманмырзаеваға, Тараз қаласы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (Жамбыл-«Өрлеу» кураторы Гүлхан Аманова); Ақботе Қожамқұловаға, Т.Рысқұлов ауданы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі (Жамбыл-«Өрлеу» кураторы Назира Әбдікеримова).
3-ші орынды Байзақ ауданы, Сарыкемер мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлнара Керімбаеваға  (Жамбыл-«Өрлеу» кураторы Светлана Шевченко) иеленді. Бірінші орын алған қатысушыларды  марапаттау рәсіміне Өскемен қаласына шақырылды. 
Жеңімпаздарды құттықтаймыз, оларға сәттілік, шығармашылық шабыт және жаңа педагогикалық идеялар тілейміз!
 
Светлана Шевченко,
курстан кейінгі қолдау және инклюзивті білім
беруді енгізу зертханасының меңгерушісі
 
 
Подробнее ...

ЕШКІМ ДЕ, ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Жамбыл – «Өрлеу» «Ешкім де, ешқашан ұмытылмайды» атты іздестіру-зерттеу жобасын іске қосты. Соңғы жылдары ашылған тарихымыздың фактілерінен біз «халық жауының» балалары, олардың ата-аналары сияқты зардап шеккенін: лагерьге қамалып, арнайы қоныстандыруға жіберілгенін білеміз. Қуғын-сүргінге ұшыраған мұғалімдер туралы сауалымызға бірінші болып Қаратау қаласының № 1 мектеп-лицейі жауап берді. Халықаралық толеранттылық күні Қаратау қаласындағы №1 мектеп-лицейінде алғашқы көшпелі тақырыптық іс-шара өтті. «Білу және ұмытпау» азаматтық және ерлік сабағында оқушылар мен мұғалімдердің ата-аналары репрессияға ұшыраған, өздері де ұстаз болып қызмет атқарған Нина Емельянова Югай мен Ирина Романовна Шегаймен кездесу өтті.
«Қуғын-сүргінге ұшыраған жамбылдық мұғалімдер мен олардың ұрпақтары» атты зерттеу жұмысының тұсаукесерін «Жерлестер» секциясында лицейдің тарих пәнінің мұғалімі Ольга Попандопуло кеңінен ұсынды. Оқушылар мен мұғалімдер саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін «Өмір сүрген болсам...»  атты ақпараттық стендін дайындады.
Жамбыл – «Өрлеу» атынан Инна Грицинина «Саяси қуғын-сүргін сабақтары» атты буктрейлер көрсетті. Ал лицей кітапханашысы Валентина Тишкова «Бұл біздің жолымыздың тарихы» атты кітап көрмесін дайындады.
 
 
ББПППС кафедрасының доценті Елена Бегалиева шақырылған қонақтар - 85 жастағы Нина Емельяновна Югай және 84 жастағы Ирина Романовна Шегайдан сұхбат алды. Екеуі де осы мектептің мұғалімдері болған қуғын-сүргінге ұшыраған ата-аналардың балалары.
Жоғары сынып оқушылары өлең оқыды, ән айтты, қызықты және шынайы әңгімелері үшін өз алғыстарын білдірді. Тараздық мектеп оқушылары атынан өмір тазалығы белгісі ретінде және кездесу келген батырлар мен лицеистерге ұзақ өмір тілей отырып, оригами ақ тырналар сыйға тартылды.
Жобаның жалғасы ретінде алынған материалдар негізінде «Естелік беттерін парақтай отырып» атты  бейне-сюжет дайындалады.
 
Инна Грицинина, ОЖжМҚ бөлімінің кітапхана жұмысы бойынша бас маманы
 
 
Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ