Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Ноябрь 2019 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТ «СЕРТИФИКАТТАЛҒАН МҰҒАЛІМНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ: ӨЗГЕРІСТЕР, ШЕШІМДЕР, ТАБЫС»

 

25 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының тренерлері Тараз қаласының №35 орта мектебінің базасында пән мұғалімдеріне «БЖБ және ТЖБ  құру бойынша әдістемелік ұсыныстар» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз етудің бірден-бір жолы – педагогтерге біліктілік арттыру курстарынан кейін әдістемелік қолдау көрсету. Осы мақсатта  пән  мұғалімдерінің курстан кейінгі әрекеттерін қамтамасыз ету мақсатында кәсіби құзыреттіліктерін арттыру қажеттіліктері мен өзекті мәселелерін талқылай келе, әдістемелік десант ұйымдастырылды. Мектептегі тәжірибесін негізге ала отырып, пән мұғалімдері критериалды бағалауды ұйымдастыру технологиясы мен критериалды бағалау жүйесін құрастыру әдістемесінің негізгі аспектілерін айқындады.
Қорытындылай келе, қатысушылар іс-шараның мазмұндылығы мен өзектілігін атап өтті және ұсынылған іс-тәжірибе алмасу мүмкіндігіне алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, тыңдаушылармен бөлім және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын қолдануға бағытталған тәжірибелік жұмыстар жүргізді. Семинар соңында мұғалімдер тақырып бойынша барлық қажетті ақпаратты алды.
 
Карлыгаш Бектурганова, ББППС  кафедрасының аға оқытушысы
 

 

Подробнее ...

СЕМИНАР ПО СОСТАВЛЕНИЮ ОЦЕНОЧНЫХ ЗАДАНИЙ

 

В школе-гимназии №53 г.Тараза сотрудники кафедры инновационного образования и информационных технологий филиала Жамбыл – «Өрлеу» провели обучающий семинар на тему «Пути составления заданий по оцениванию учебных достижений учащихся» для учителей биологии  школ  Байзакского, Жамбылского, Кордайского района и  Тараза.
Целью семинара было повышение профессионального мастерства педагогов в области разработки и применения средств критериального оценивания в рамках обновления содержания среднего образования. На семинаре была представлена информация о разработке, видах заданий и требования к ним в организации системы критериальной оценки.
Участники  семинара ознакомились  с составлением  дескрипторов и  их типами, алгоритмами  открытых и закрытых заданий. Были обсуждены преимущества и недостатки заданий .
По итогам семинара проведена обратная связь.
Пердегул Танатарова,  ст.преподаватель кафедры ИОиИТ
 
 
Подробнее ...

БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУ БОЙЫНША СЕМИНАР

 

Жамбыл - «Өрлеу» инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен Тараз қаласы №53 мектеп гимназиясында биология пәні мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау тапсырмаларын құрастыру жолдары» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Семинардың мақсаты – орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау құралдарын құрастыру және оны қолдану саласында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру. Семинарда критериалды бағалау тапсырмаларын әзірлеу және оған қойылатын талаптар, тапсырманың түрлері жайлы ақпараттар берілді.    Ашық және жабық тапсырмалардың түрлерімен, оларды құрастыру алгоритмдерімен және дескриптор құрастырумен танысып, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылады. Семинар соңында кері байланыс алынды.

                 Пердегул Танатарова, ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы

 

Подробнее ...

«ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ: ЖЕКЕ БІЛІМ ТРАЕКТОРИЯСЫН ҚҰРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ON-LINE ВЕБИНАР

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспарына сәйкес, 25 қараша күні «Инклюзивті білім беру: жеке білім траекториясын құру ерекшеліктері» тақырыбында Облыстық on-line вебинар өткізді.
Вебинардың  мақсаты – инклюзивті білім беру аясында жеке білім траекториясын құру ерекшеліктері жағдайында туындаған өзекті мәселелерді талқылау. Вебинарға қатысушылар инклюзивті білім беру аясында оқытудағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтарының кепілдігін қарастыратын заңнамалық құжаттар, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқу процесін ұйымдастыру сияқты қазіргі таңдағы бірқатар  өзекті тақырыптар аясында сұрақтар қойды.
Вебинарға қатысушылар талқыланған тақырыптың өзектілігі мен осы мәселе бойынша материалдарды жоғары деңгейде өткендігін айтып, кері байланыс білдірді.   
Вебинар жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының  оқытушылары, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері, дефектологтер, психологтер, әлеуметтік педагогтер және қызығушылық танытқан өзге де тұлғалар қатысты.
 
Салтанат Курманова , МДТжИББ кафедрасының аға оқытушысы
 
 
Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ