Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Ноябрь 2019 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

ОЙЛАП ТАБУ, ЖЕТІЛДІРУ, ДАМЫТУ – ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА АПАРАР БАСТЫ ЖОЛ

Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көп нұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер педагогтардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсіби шеберлікті талап етеді.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Білім беру ісіндегі шығармашылық еңбегінің нәтижесі мен тәжірибе алмасу мақсатында Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №55 орта мектебінің директорының орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі  Роза Сатилова 20 қараша күні Жамбыл – «Өрлеумен» бірлесе отырып, «Ойлап табу, жетілдіру, дамыту – жаңашылдыққа апарар басты жол» атты шығармашылық есеп берді. Шығармашылық есептің мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұны бойынша кәсіби тәжірибемен бөлісу арқылы педагогтардың шеберлігін, жаңашылдық әрекеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
 
 
«Білім негізі – бастауышта» қағидасына сай шәкірттерді бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, тәжірибелік-сынақтық әрекеттерге дайын болуға дағдыландыру бағытында жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдана отырып, «Бәрі сенің қолында» атты бейнекөрсетілім ұсынды, «Педагогтік шеберлік-дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі» атты шеберлік-сынып көрсетіп өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар Жамбыл –«Өрлеу» институтының мектепке дейінгі тәрбиелеу және инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушысы Несипкул Курмашева жас мамандардың өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін, жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру мақсатында  «Жаңаша оқыту-жетістік көзі» атты жас мамандар арасында коучинг жүргізді.
Бүгінгі жас ұрпақтын білім алуда өз бетінше әрекет ете алатын, қоршаған және өз ортасын құрметтейтін тұлға етіп қалыптасыру болашақтың талабы болып отыр. Сондықтан да білім берудегі бүгінгі бетбұрыстың үлкен мәні бар. Олай болса, жаңарған Қазақстанға–жаңаша білім беру үрдісін жетілдіретін, қиындығы мен қызығы мол жұмыста
Сатилова Роза Тохтапулатовна  сүбелі өз үлесін қоса беретініне сеніміміз мол!
 
Кунсулу Таукебаева, МДТжИББ кафедрасының меңгерушісі
 
 
Подробнее ...

«ӘР ЖҮРЕКТЕ ШЕБЕР ЖАН» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

 

Жамбыл - «Өрлеу» білім беру процессін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасы 7 қазан мен 18 қараша аралығында аралығында тақырыбында білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Әр жүректе шебер жан» облыстық онлайн-байқауын өткізді.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды,  барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.
Байқаудың мақсаты – білім мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру ұйымдарының мамандарын қолдау, педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру және озық тәжірибелерін тарату
 
Жанар Кошкимбаева,  ББСОПП  кафедрасының аға оқытушысы
 
 
Подробнее ...

ШЖМ СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ

Байзақ ауданы «Жаңатұрмыс» шағын жинақты мектептің сынып жетекшілеріне, психологтар және әлеуметтік педагогтарына Жамбыл – «Өрлеу» тренерлері Қарымбаева Сағадат және Сейтжапарова Асия тренингтер өткізді. Өзін-өзі бұзатын мінез-құлық (ӨБМ) және жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу мәселелері қаралды. Тренинг нәтижесінде қатысушыларды суицидтер мен ӨБМ алдын алу жұмыстарына қажетті психологиялық-педагогикалық, клиникалық-психологиялық теориялық, педагогикалық негіздерді зерттеуге бағыттау қажеттілігі анықталды.
 
 
Соңғы уақытта ӨБМ халық арасында кеңінен таралып барады. Жеке тұлғалық бойында осындай белгілер бар балалар мен жасөспірімдер саны өсуде. ӨБМ проблемаларын жасөспірімдерге жеке қарау арқылы, жеке тұлғалық-сенімділік қарым-қатынас қажеттілігін қанағаттандыру, өскелең ұрпақтың психикалық денсаулығын қорғау және оның алдын алу мәселелерімен айналысатын мекемелер мен органдармен ынтымақтастық жасау, әлеуметтік проблемалардың алдын алу басымдығы арқылы, олардың алдын алатын психологтардың, әлеуметтік педагогтар мен мұғалімдердің, тәрбиешілердің көмегімен тиімді шешуге болады. Мектеп әкімшілігі осы мәселенің өзектілігін дер кезінде түсінген және институттың жоғары кәсіби білікті мамандары мәселенің шешімін табуда мектеп ұжымына ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қолдау көрсетті.
 
Шынар Тойганбекова, п.ғ.к, қ/профессор, ББПППҚ каф.меңгерушісі
 
 
Подробнее ...

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЗАМАНАУИ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ТАҚЫРЫБЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ВЕБИНАР

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспарына сәйкес, 21 қараша күні ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс істеу кезінде АКТ-ны тиімді қолдану арқылы баланың танымдық процестерін (зейін, естіп, көріп есте сақтау, көрнекі-бейнелі және сөздік-логикалық ойлау, қиялдау) дамыту мақсатында «Инклюзивті білім беру жүйесінде заманауи ақпараттық және инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбында Республикалық вебинар өткізді.
Вебинар жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының  оқытушылары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері, БАҚ өкілдері және қызығушылық танытқан өзге де тұлғалар қатысты.
Вебинардың қорытындысы бойынша қатысушылар сертификат, баяндамашылар алғыс хаттармен марапатталды.
 
Избасаров Ербол, ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы
 
 
Подробнее ...

КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Жамбыл - «Өрлеу» институты мектепке дейінгі дейінгі тәрбиелеу және инклюзивті білім беру кафедрасының бастауыш білім беру тренерлері Жулдыз Кошербаева мен Салтанат Курманова Тараз қаласының №60 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдеріне «Бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеудің оңтайлы жолдары» тақырыбындаәдістемелік десант ұйымдастыруды жалғастыруда.
Әдістемелік десант жұмысының мақсаты – бастауыш  білім беру мазмұнын жаңарту аясында біліктілікті арттыру курстарынан өткен мұғалімдердің іс-тәжірибелеріне курстан кейінгі әдістемелік қолдау көрсету. 
Жұмыс барысында тренер Жулдыз Кошербаева тыңдаушылардың сұрақтары бойынша тәжірибелік талдау жұмыстарын жүргізді, мұғалімдер үшін жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында қысқа мерзімді сабақ жоспарын бағалау, тапсырмаларын әзірлеу бойынша, тренер Салтанат Курманова жиынтық бағалау, критериалды бағалау құралдарын құрастыру және оны қолдану саласында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізді.
Сонымен қатар, бастауыш сынып мұғалімдері түрлі тапсырмалардың түрлері мен сипатын ашып, бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеп, балл қою кестелерін құрастыруды үйренді.
 
Мадина Садибекова, МДТжИББ кафедрасының аға оқытушысы
 

 

Подробнее ...

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

20 қараша күні Жамбыл - «Өрлеу» институтының мектепке дейінгі тәрбиелеу және инклюзивті білім беру кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында, мұғалімдердің қатысуымен «Рухани жаңғыру-заман талабы» тақырыбында  облыстық дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы бағдарламалар, міндеттер мен жобалардың өзектілігі, қоғамдық сананы жаңғырту. 
Іс-шарада Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы бағдарламалар, міндеттер мен жобалардың өзектілігі, құндылықтар, жастарды рухани тәрбиелеудегі рөлі, ХХІ ғасырда ұлттық сана туралы, рухани-адамгершілік жаңғыруға қол жеткізудің негізгі құралы – қоғамдық сананы жаңғыртуы мәселелері туралы өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.
Дөңгелек үстел барысында өзара өзекті ой бөліскен ұстаздар Елбасы тапсырмаларын тиянақты орындау, жаңа заманның тарихын қалыптастыратын қайсар да өр, білімді де білікті, жоғары мәдениетке ие, рухани дүниесі бай жастарды тәрбиелеу басты міндеттер, азаматтық парыз екендіктеріне баса назар аударды.
 
Алмагуль Айтуарова, МДТжИБ кафедрасының аға оқытушысы
 
 
Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ