Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Ноябрь 2019 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚЫТУҒА ЖАҢАША КӨЗҚАРАС

16 қараша күні Жамбыл - «Өрлеу» институтының аға оқытушысы Андия Беисенкулова Тараз қаласы, Қ.Тұрысов атындағы мектеп-гимназиясында қаланың мектепалды даярлық топ педагогтеріне, «Мектепке дейінгі білім беруде 4К моделін тиімді жоспарлау» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Аталған іс-шарада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аудару» қажет екенін атап көрсетті.
Басты мақсат - мектепалды даярлық топ мұғалімдерінің кәсіби дағдыларын дамытудың стратегиялық бағыттарын анықтау және білім берудегі 4K моделін зерделеудің өзекті мәселелерін талқылау болды. Семинар барысында № 20 орта мектептің мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Айдана Сапакбаева баланы сыни ойлауға бағыттайтын инновациялық дамыту жұмыстарын жүргізу тәжірибесін ортаға салды.
Семинар-тренингке қатысушылар келесі мәселелерді талқылады: білім беру білім мазмұнын жаңарту аясында педагогтың білім беру тәжірибесіндегі 4К модель үлгісін көрсету; 4K моделін жүзеге асыру бойынша біліктілікті жетілдіру жүйесінде педагогтердің кәсіби шеберлігін дамытудың тиімді жолдары.
Семинар-тренинг тыңдаушылардың кәсіби біліктіліктерін арттырумен қатар, АКТ-ны тиімді қолдану құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал етті.
Қорытындылай келе, педагогтер даярлық топта оқу қызметін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерін тиімді жоспарлау бойынша тәжірибелері мен тұжырымды пікірлерін ортаға салып, өз ойларымен бөлісті.
 
Магира Сопбекова, МДТжИББ кафедрасының аға оқытушысы
 
 
Подробнее ...

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЭКПЕРИМЕНТАЛЬДЫ АЛАҢЫ

2019 жылдың 23 қыркүйегінен бастап «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №18 орта мектебі» КММ жалпы білім беретін мектеп жағдайында ерекше білім беруді қажет ететінбалалармен жұмыс жасауға қажетті материалдарды сынақтан өткізу және эксперименттік зерттеу үшін Жамбыл-Өрлеу институтының ғылыми-эксперименталдық алаңы болып бекітілді. Эксперименттің алғашқы дайындық кезеңі бойынша: ынтымақтастық және бірлескен қызмет туралы шартқа қол қойылып, инклюзивті білім беру қағидаттары бойынша ұжымға болып жатқан өзгерістер туралы хабардар етілді.  
№18 орта мектеп инклюзивтілік қағидатын негізге ала отырып, мектепті дамыту концепциясын жасады. Білім беру процесінің барлық қатысушыларын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша  мектепшілік топ құрылды,мамандардың лауазымдық міндеттері (нұсқаулары) және психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум (командалық өзара іс-қимыл тәсілі) туралы ереже бекітілді.
18 қараша күні Жамбыл – «Өрлеу» №18 орта мектебінің базасында мектеп ұжымына ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды білім беру үдерісіне қосу үшін арнайы жағдайлар жасау, дайындық кезеңін аяқтау нәтижелері туралы ақпарат беру мақсатында семинар өткізілді.
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің мектеп қызметі педагогтермен бірге командалық талқылау: бастапқы бақылау, мұғалімнің педагогикалық зерттеуі, тереңінен зерделеу, ата-аналармен әңгімелесу және сауалнама жүргізу, коммуникативтік паспорт және жиынтық сипаттамаларының мазмұны бойынша ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларын анықтады. Нәтижесінде, 1607 оқушының 973-і  екі мен жетінші сыныптарға дейін тексерілді. Бастауыш буында 17 оқушы және орта буында 12 оқушы анықталды. Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды үш деңгейлі қолдау басталды.
 
Айгуль Абилова, PR SMM маманы
 
 
Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ