Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Ноябрь 2019 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

III РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ФОРУМЫ: ҮЗДІКТЕР ДИАЛОГЫ

12 қараша күні Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап кітапханасында «Ұлы дала елі» ІІІ Республикалық этномәдени форумының қорытынды кезеңі мен марапаттау рәсімі өтті. Форум Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында өткізілді. 2018 жылғы қарашадан бастап форум бағдарламаның екінші бөлімі - «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласымен байланысты болды. Үш жыл бойы форумның ұйымдастырушысы «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты болып табылады.
Форумның негізгі мақсаты – Қазақстан халқының мәдениетін, ұлттық кодын сақтау үшін білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен білім алушыларының зерттеушілік, зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту.
2018 жылы II форумның «Қоныс аударушылар тарихы», «Менің ауыл/қаламның тарихы», «Ұлттық мәдениет», «Біздің ауыл адамдары» - төрт бағытына осы жылы бесінші «Менің туған өлкем» номинациясы қосылды. Демек, форумның шығармашылық әлеуетіне жаңа дауыстар қосылды!
Форум жарияланған күннен бастап екі айдың ішінде беделді байқау  комиссиясы жұмыс істеп, олар қатысушылар ішінен 220 үздік жұмысты анықтады. Қатысушылардың жұмыстарында біздің Отанымыздың географиясы: республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл облыстары кең көлемде ұсынылған. Салыстырмалы түрде, егер 2018 жылы Отанымызды ыстық ықыласпен дәріптейтіндер саны 100-ден астам болса, ал биыл форумға қатысушылар саны 2 есеге артты.
 
 
Форумды филиал директоры, п.ғ.к., қауымд.профессор Гульшат Медетбекова ашып, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының форумда айқындалған рухани дамудың жаңа құндылықтарының рөліне тоқталды.
Форумның құрметті қонақтары - облысымыздың және еліміздің танымал азаматтары: құрметті қонақтар мен қазылар алқасы мүшелерінің арасында Жамбыл облысының Іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері, қалалық мәслихаттың депутаттары, қаланың тарихшы-зерттеушілері, Тараз қаласының туристік индустриясының өкілдері және т.б. болды.
Құрметті қонақтар қатарында филиалдың тұрақты серіктестері: ақын Александр Карпинский - Тараз қаласының №1 арнайы және әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жазушысы, Айткүл Есентаева - №5 мектеп-гимназия кітапханасының меңгерушісі болды.
Форумға қатысушы Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоровка ауылы, Димитров атындағы №1 мектептің оқушысы Оксана Токсабаева «Мен – Федоровкамен мақтанамын!» жұмысында өзінің ауыл-аймағы туралы ыстық ықыластарын жазған. Сонымен қатар, Қостанай қаласының №1 мектеп-лицейінің «Қазақстанның ою-өрнектеріндегі ерекше мәдениеті» және «Қазақстан логотиптеріндегі ұлттық өрнектер» жобаларын дайындаған оқушылар: Айнұр Кәкімжанова, Сабина Рахимова, Арина Рожко, Альбина Пономарева  мен жетекшісі Эльмира Рахимованың ұсынған зерттеулері ең сапалы және танымдық маңызы жоғары деп танылды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері форумға тек құрметті қонақтар немесе әділ қазылар алқасының мүшелері ретінде ғана емес, қатысушылар ретінде де өз жұмыстарын ұсынды! «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Михаил Те корей барабандарының тарихы туралы өте қызықты туындысын таныстырды.
«Ұлы дала елі» ІІІ Республикалық этномәдени форумы аяқталып, 2020 - форумға дайындық басталды.
 
                         Елена Бегалиева, ф.ғ.к., ББПППС кафедрасының доценті
 
 
Подробнее ...

ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТ ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

 

Жамбыл - «Өрлеу» білім беру жүйесіндегі реформалардың оңтайлы нәтижесіне жетуде облыс мұғалімдеріне әдістемелік, кәсіби, психологиялық қолдау көрсетудің қажеттілігін ескере отырып, әдістемелік десант ұйымдастыруды жалғастыруда.
Десанттың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында біліктілікті арттыру курстарынан өткен мұғалімдердің іс-тәжірибелеріне курстан кейінгі әдістемелік қолдау көрсету. 
Осы мақсатты орындау барысында инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының тренерлері Қордай ауданы, Қордай ауылы, №1 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы базасында ауданның мұғалімдері үшін «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында қысқа мерзімді сабақ жоспарын әзірлеу әдістемесі», «Жиынтық бағалауға арналған заманауи сабақта белсенді оқыту әдістерін қолдану», «Критериалды бағалау жүйесі» тақырыбында секция жұмыстарын жүргізілді.  
Әдістемелік десант қорытындысы бойынша талқылау жүргізіліп, кері байланыстар берілді.
 
Лайла Сейдазимова, ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы
 
 
Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ