Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Октябрь 2019 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ

4 қазан күні  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында салтанатты мерекелік іс-шара болып өтті. Ұлағатты ұстаздарға арналған салтанатты жиынды Жамбыл - «Өрлеу» директоры, п.ғ.к, қауым.профессор Гүлшат Медетбекова өзінің құттықтау сөзімен ашып, ұжымды кәсіби мерекелерімен құттықтап, филиалдың бір топ оқытушыларын ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Өрлеу»  БАҰО» АҚ, Жамбыл облысы бойынша білім басқармасының, «Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігі филиалының, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының алғыс хаттарымен, құрмет грамоталарын табыстады.

 
Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасы ұйымдастырған концерттік бағдарламада домбырамен арнау, челлендж, ән, би,  ұжымдық  флешмоб көрсетілді. Аталмыш мерекеде орындалған әсем ән мен тәтті күй кафедра тарапынан көрсетілген өнер – жиналған  қауымның жүрегіне жол тапты.

Гульбакира Байтенова, 

ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы

 

 

Подробнее ...

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ

Мұғалім - ең алдымен, «алыс қашықтықтағы зерттеуші  мамандық, жердегі ең маңыздысы».
Мұғалімдер күніне орай Жамбыл - «Өрлеу» институтының инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушылары Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, осы ұйымның басшысы  Лазат Тұрсынәліқызы Мырзабековаға жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін институт әкімшілігінің атынан алғыс хатын табыстады.
Филиал қызметкерлері бүкіл ұжымға шығармашылық табыс пен белсенді студенттер, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

            Эльмира Мирзалиева, ИББжАТ кафедрасының меңгерушісі, PhD  докторы

 

Подробнее ...

БІЗ ЖАС ҚАРИЯЛАРМЫЗ


Осы жолдар Александр Карпинскийдің «Өмір деген неткен ғажап» өлеңдер жинағынан алынды. Тараз қаласының №1 арнайы әлеуметтік қолдау көрсету Орталығында Қарттар күніне орай Жамбыл облысы Іскер әйелдер Ассоциациясы («Әйелдер және саясат» секциясы) және «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру Институты ұйымдастырып, өткізген іс-шарада ақынның өлеңдер жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.
Ұйымдастырушылар мерекелік іс-шараның жанға жайлы, ақ қөңілден және үй жағдайындағыдай өтуі үшін барлық күш-жігерін салды. Осылайша,  Жамбыл облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Е.Б.Быкыбаев қарттарымызды мерекесімен құттықтай отырып, Орталық тұрғындарын «сыпайы жастағы» адамдар деп атады. Орталықтың аңызға айналған тұрғыны, әйел-саясаткер Ғалия Исабекова туралы  Жамбыл – «Өрлеу» филиалы жасаған «Әйел тағдыры бір тармақта...» бейнеролигі көрсетілді. Орталықтың ардагерлерінің тағдыры туралы 60 жылдан бергі ақ халатты абзал жан, Жамбыл облысы ІӘА мүшесі  Л.А.Ахметова өзінің жылы сөздерін айтты.
Өз сөзінде №1 АӘҚКО  директоры Г.У.Кушанова 25 жыл бұрын осы жерде өз тағдырларын біріктіріп, бас қосқан Орталықтың тұрғындары Аман Андакулов пен Салтанат Агебаеваны  мерейтойларымен құттықтады.
 
 
Жамбыл облысы ІӘА төрағасы Г.А.Нурумова, Жамбыл облысы әйел-саясаткерлер Клубының төрағасы  Г.Р.Орынбаева Орталық тұрғындарына өздерінің жылы тілектерін арнады. Біздің іскер әйелдер мерекелік дастарханға үлкен торт сыйға тартты!  
Облыстық мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізу Орталығының бөлім бастығы О.А.Сагындыкова осы ұйымдарды біріктіретін заңдықтар туралы айтып өтті. Ольга Александровна Орталық балаларының майлы бояумен салынған суреттерінен көрме ұйымдастырды.
Жамбыл – «Өрлеу»  филиалының директоры,  п.ғ.к., қауым.профессор Гульшат Медетбекова егде жастағы тұрғындарға арнаған өз құттықтауында оларға деген ризашылық сезімі мен жүрегінен шыққан шынайы ниеттерін  арнай отырып, денсаулық пен шаттық тіледі.  
Орталықтың тұрғындары үшін өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау Орталығының тәрбиеленушілері арнаған әндер мен билер нағыз сыйлық болды (ұйымдастырушы Татьяна Гута – орталықтың қосымша білім беру педагогі, театр кружогының жетекшісі). Елдің барлығы шыр айналып би биледі! Барлығы қуанышты көңіл-күйде болды!
Қарттар күнінде жылдың барлық күнін мерекеге айналдыратын «Ғажайыпқа толы өмір» жобасы өзінің бастауын алды.

                                                                                                                               

Мадина Садибекова, МДТжИББ кафедрасының аға оқытушысы

Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ