Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Октябрь 2019 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ – КӘСІБИ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

1 қазан күні Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназия базасында Жамбыл - «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының мектепке дейінгі тәрбиелеу және инклюзивті білім беру кафедрасының ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім беру: алғашқы нәтижелер, өзекті мәселелер, шешу жолдары» тақырыбында облыстық форсайт-сессия өткізді.
Форсайт-сессияның мақсаты: Білім беру мазмұнының жаңартылған бағдарламасы бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибелерін насихаттау, озық үлгілерді қарастыру және кәсіби дағдыларын жетілдіру
Форсайт-сессия жұмысына облыстық білім басқармасы мен қалалық білім бөлімдерінің мамандары, жалпы орта білім беру ұйымдарының директорлары, бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
 
 
Форсайт-сессия барысынды жаңартылған білім беру жағдайында сабақты жоспарлаудағы SMART-мақсаттың өзектілігі, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау механизмі, оқу үдерісін ұйымдастыруда саралау тәсілдері, инклюзивті білім беруді жүзеге асыру жолдарының өзекті мәселелері қаралып, тың ойлар мен нәтижелі жұмыстар көрсетілді. Қатысушыларға сұрақтар қойылып, тәжірибемен бөлісуге үлкен мүмкіндік берілді.
Сессия соңында бірегей сұрақтарға салмақты жауаптар алынып, ұсыныстар қабылданды. Тиімді кері байланыстар беріліп, грамота, алғыс хаттармен марапатталды.

Жұлдыз Кошербаева, МДТжИББ кафедрасының аға оқытушы

Подробнее ...

ҚАРИЯСЫ БАР ЕЛДІҢ ДАРИЯСЫ БАР

Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан  ардақты да аяулы қарттарымыздың мерекесіне орай, Жамбыл – «Өрлеудің» инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасы қариялар арасында шахматтан жарыс ұйымдастырды.
 
 
Ұйымдастырылған іс-шараға белсене қатысқан әрбір қариямыздың көңілі көтеріліп,  жүздеріңде қуаныш лебі  байқалды. Ойын барысында кафедраның оқытушысы Самеков Мейірбек қарсыласынан шахматтың жүру тактикасын жете меңгеріп те алды. Бүгінгі күнге риза болған Райымбек ата біздерге ақ батасы мен жүрекжарды тілегін жеткізді. 
Қарттарға көңіл аударып, қамқорлық жасау – әрбіріміздің азаматтық парызымыз!
Ләйлә Сейдазимова, ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы
 
Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ