ТІЛ БІРЛІГІ - ЕЛ БІРЛІГІ
Қазақстан Халқы тілдері күні мерекесіне орай «Жамбыл-Өрлеу» инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыс (гуманитарлық) пәндерді оқыту кафедрасының оқытушылары №23 орта мектеп қызметкерлерімен бірлесіп «Тіл бірлігі - ел бірлігі» тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты мемлекетік тіл беделін көтеріп, Қазақстан халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін сақтау болып табылады.
Іс-шара барысында «Туған тіл – халықтың рухани мұрасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде елдегі тілдік ахуалға байланысты қазақтың ұлы ойшылдарының еңбектері мен мерзімдік басылым мақалары орналастырылып, таныстырылды.
Бұған қоса, 5 сынып оқушылары арасында қазақтың мақал-мәтелдері, тұрақты сөз тіркестері мен қанатты сөздері жайлы танымдық ойын өткізілді.
Іс-шара соңында оқушылар ептілік пен шығармашылық танытып, адам өмірінде тілдің алар орны туралы постер жасап, қорғады.
Айгерім Абзалбекқызы, ИТжҒЖГПО кафедрасының аға оқытушысы