
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) – бұл тұрғын халық денсаулығын қорғау саласында халық мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғайтын мемлекеттік жүйе.
МӘМС жүйе қатысушыларына дер кезінде, қолжетімді, сапалы медициналық және дәрі-дәрмектік жәрдем көрсетуді қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың денсаулығы үшін жоғары жауапкершілігін қамтамасыз етуге, сонымен қатар медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін, бірінші кезекте, алғашқы медициналық-санитариялық көмектің әрі жеке медицинаның дамуы және медицина ұйымдары арасындағы бәсекелестіктің артуы есебінен жоғарылатуға мүмкіндік береді.
МӘМС жүйесі қалай жұмыс істейді? МӘМС мемлекеттің, жұмыс берушінің және әр адамның ынтымақты жауапкершілігіне негізделген: жұмыс берушілер – жалдамалы жұмыскерлер үшін (2%-дан (2017ж. бастап) кірістен 5%-ға дейін (2020ж.) жарна төлейді.
14 қыркүйек күні «Жамбыл - Өрлеу» ұжымы ҚР міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен (МӘМС) таныстырылды. Осы мәселе мен оның сақтандырудың практикалық ерекшеліктері туралы әкімшілік–ұйымдастыру жұмыстары басқармасының бастығы Гүлнара Мурахметова баяндама жасады. Өз сөзінде ол қатысушыларды МӘМС жүйесінің мынандай артықшылықтарымен таныстырды: амбулаториялық, дәрі-дәрмектік қамтамасыз ету желісін кеңейту жолымен халықтың қызметтерге қолжетімділігі; сапалы медициналық көмекке қолжетімділік деңгейі; азаматтардың денсаулықтары жақсарып, өмір сүру ұзақтығы ұлғаяды және т.б.
Сонымен қатар баяндамашы келесі мәселелерді ерекше атап өтті: МӘМС жүйесінде берілетін тегін медициналық көмекті Қазақстан Республикасының барлық азаматтары пайдаланады. МӘМС жүйесі – болашақ ұрпақтың денсаулық кепілі. Сондай-ақ іс-шараға қатысушылар өздерін толғандырған мынандай сұрақтарға жауап алды: Бүгінде қор кімдермен жұмыс жасайды? Жұмыс берушілерге МӘМС жүйесі бойынша нені білу керек?
Мемлекет кімдер үшін жарнаны енгізеді?
Семинар соңында қатысушыларға МӘМС жүйесі бойынша пайдалы кеңестер бірілді және ФМҚ Департаментімен кері байланыс жасау бойынша байланыс мәліметтері ұсынылды.
Баян Муртазаева, ҚБжББ