Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Май 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

Жаңалықтар (1690)

Рефлексия – педагогтің кәсіби өсуінің бір тетігі

29 мамыр күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ фейсбук желісінде «Педагогикалық тәжірибедегі рефлексия» тақырыбында тренермен онлайн-кездесу өтті. Республика көлемінде өткен бұл іс-шараға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілінін арттыру институтының тренері Гаухар Таджибаева қатысты.

Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар каферасының аға оқытушысы, жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша тренер Гаухар Тойлыбайқызы кездесу барысында педагог тәжірибесіндегі рефлексияның рөлі мен кәсіби өсуіндегі маңызын қарастырды.

Рефлелексивті ойларды қашан, қалай және қандай сұрақтар арқылы педагог тәжірибесін жетілдіруге болатындығы сөз болды. Ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келетін рефлексияның сұрақтарын ажыратып айқындады.

Кездесу соңында филиал тренері рефлексияны қалай жүргізетіндігі туралы өз тәжірибесімен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді.

Жамбыл – «Өрлеу» сіздермен бірге.

Эльмира Мирзалиева, ИББжАТ кафедрасының меңгерушісі

Подробнее ...

Жамбыл-«Өрлеу» Республикалық бейне-сабақтар байқауының жеңімпаздарын құттықтайды

Ағымдық жылдың наурыз-сәуір айларында ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ орта білім берубойынша 23 пәннен  Республикалық бейне-сабақтар байқауын ұйымдастырды.

Байқаудың ең нәтижелі жетістіктігі – 4-ші тоқсан пәндері бойынша қашықтан оқытуға байланысты ең үздік бейне-сабақтар банкінің жасақталуы болды.

Жамбыл облысынан Республикалық кезеңге орта мектеп мұғалімдерінің 35 байқаулық жұмысы жіберілді. Олардың ішінен 7-еуі сараптамалық кеңестің қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылды:

1 орын: Дуйсенбаев Базарбай Рысбаевич, облыстық «Дарын» дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

Тлеужанова Толқын Ашимбековна, Темірбек Қожакеев атындағы №39 орта мектебінің  өзін-өзі тану пәні мұғалімі, Меркі ауданы;

2 орын: Баубекова Гульзира Аскарбековна, Темірбек Қожакеев атындағы №39 орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі,   Меркі ауданы;

Мейрахатқызы Назген, №30 мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі, Тараз қаласы;

3 орын: Курегенова Турсынай Исахановна, №47 орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі, Тараз қаласы; Монастырская Валентина Николаевна, учитель русского языка и литературы ШГ. №1 имени Динмухамеда Конаева, Кордайский район;

Досжанова Рахия Каюмовна, №47 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Тараз қаласы;.

Байқаудың барлық жеңімпаздары марапатталды. Жеңімпаздардың жұмыстары «Өрлеу» БАҰО» АҚ YouTube каналының Білім беру порталында орналастырылды.

Республикалық байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз және олардың шығармашылығы мен бастамашылдығына ризашылық білдіреміз. Бұдан ары қарай да кәсіби жетістіктерге жете берулеріне тілектеспіз!

Республикалық байқау жеңімпаздарының дипломдары мен сертификаттарын  мына сілтеме бойынша жүктеп алуға болады:  https://cloud.mail.ru/public/2zVQ/fU47o7Hw8

Подробнее ...

Халықаралық конференция: инклюзивті білім беруді дамыту

29 мамыр күні Жамбыл – Өрлеу филиалының ғылыми-зерттеу жұмыс жоспарына сәйкес, «Инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі бағыттары» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік on-line конференция өтті. Конференцияның мақсаты – әлемдік және Қазақстан Республикасының білім беру саласында инклюзивті білім берудің қазіргі жағдайы мен болашағын талқылау. Модераторлары инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Гульбакира Байтенова және мектепке дейінгі тәрбие және инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушысы Айгуль Абилова болды.

Конференция мынадай  негізгі жұмыс бағыттары арқылы жүргізілді:

  1. Инклюзия бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуда біліктілікті арттыру жүйесінің рөлі.
  2. Инклюзивті білім берудің қазіргі жағдайы мен мәселелері.
  3. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыруда білім беру ұйымдарының тәжірибесі.
  4. Инклюзивті сыныптарда инновациялық технологиялар мен әдістерді қолдану.

Конференция жұмысын Жамбыл – «Өрлеу» филиалының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, қауымдастырылған профессор Гульшат Медетбекова алғы сөзімен ашып, конференция тақырыбының өзектілігі туралы, сондай-ақ басқа республикалардағы әріптестермен одан әрі ынтымақтастықта болуды айтып өтті. 

Халықаралық конференция жұмысына отандық және шетелдік әріптестер, атап өтетін болсақ, Россия, Латвия, Украина сияқты елдерден инклюзивті білім беру бағытын зерттеумен айналысатын ғалымдар, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының профессорлық-оқытушылар құрамы, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері және  осы салада қызмет жасайтын өзге де тұлғалар белсенді қатысты. Конференция барысында шетелдік тәжірибе мен отандық тәжірибені дамытудың ортақ мәселелері анықталып, тиімді әдістері талқыланды. Конференция барысында филиалдың ғылыми-зерттеу тақырыбы аясында мазмұнды әрі терең ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері көрініс тауып, қатысушылар арасында сындарлы диалог орнатылды. Конференция соңында баяндамашыларға алғыс хаттар тапсырылды.

 

Эльмира Мирзалиева, ИББжАТ кафедрасының меңгерушісі

Подробнее ...

«Мұғалімнің кәсіби дамуындағы сыншы дос тәсілі» тақырыбындағы вебинар

Жамбыл – «Өрлеу»  институты ZOOM платформасында тікелей эфирде облыстағы жалпы білім беретін мектептердің педагогтеріне арналған «Мұғалімнің кәсіби дамуындағы сыншы дос тәсілі» тақырыбында вебинар  өткізді.  

Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби дамуындағы  сыншы достың  ынтымақтастық тәсіл ретіндегі ролін айқындау.

Вебинар барысында «Сыншы дос», «Тиімді сыншы дос» ұғымының мәні айтылды.  Сыни достық – өз тәжірибесі туралы рефлексиялай отырып, көшбасшылық ұғымын терең түсінуге жетелейтін, әріптестер арасында өзара қарым-қатынасты дамытуға бағытталған үдеріс екендігі сараланды. Қоғамдастық аясындағы сыншы достың қызметі мен сыни достық аясында қолданылатын кейбір әдіс-тәсілдерге шолу жасалды.

Вебинар жұмысына «Сыни достық қолданылатын салалар» тақырыбында Жуалы ауданы, А.С.Пушкин атындағы жалпы білім беретін орта мектептің биология пәні мұғалімі Эльвира Тұрмағамбетова, «Тиімді сыншы дос деген кім?» тақырыбында Тараз қаласы, №42  жалпы білім беретін орта мектептің биология пәні мұғалімі Индира Кемелова, «Сыни достық аясында қолданылатын кейбір әдіс-тәсілдер» тақырыбында Меркі ауданы, №39 жалпы білім беретін орта мектептің биология пәні мұғалімі Арай Шекенова  қатысып, сөз сөйледі. Вебинар соңында қатысушылардан кері байланыстар алынды.

Пердегул Танатарова,  ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы

Подробнее ...

Баланың бәрі бақытты болу үшін жаралған!

Жаздың бірінші күні, әлемнің көптеген елдеріндегі секілді, Қазақстанда да Халықаралық балаларды қорғау күні тойланады. Осы Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында Жамбыл – «Өрлеу» еріктілері, Байзақ ауданының кәсіпкері Талғат Сейдазимов және Киікбаев атындағы мектеп-гимназияның мұғалімі Шолпан Кубеева  Аналар Үйінің балақайларын мейрамдарымен құттықтай отырып, оларға көптеген сыйлықтар алып келді. Бұл – қалыптасқан тәжірибе: Жамбыл – «Өрлеу»  еріктілері балақайларға үнемі келіп, оларға қажетті заттарды алдын ала біліп отырады, сосын сыйлықтармен келеді.  

Балаларды қорғау күні еліміздің барлық аймақтарындағы нұротандықтардың басты назарында,  себебі бұл күні партия бүкіл Қазақстан бойынша ауқымды акциялар өткізеді. 

Ия, бала қайда болса да, жанұяда, одан тыс жерде тәрбиеленіп жатса да оның бақытты балалық шағы болуы қажет. Себебі балалар – үлкен бақыттың кішкентай бір бөлшегі, олар әрбір ересек адамның өмірін қуаныш пен жылылыққа толтырады. Оның үстіне балалар -  сүйіспеншілік пен қамқорлыққа, ата-аналардың ыстық ықыласына өте мұқтаж жандар. Сондықтан, әрбір бала  бақытты болу үшін жаралған дейміз.

Осы мереке қарсаңында балалардың шат күлкісі біздің ғаламшарымызды шуақтандырып тұрсын, әрбір кішкентай тұрғынымыздың денсаулығы мықты, өзі бақытты болсын деп тілейміз.

Осындай керемет те шуақты мерекемен балапандарымызды құттықтаймыз, оның негізінде өміріміздегі ең құнды және қымбат нәрсені сақтау жатқанын естен шығармайық!

Әрқайсысымыздың балаларымыздың балалық шағы бақытты және алаңсыз болсын, балаларымыз сүйспеншілік пен қамқорлыққа бөлене берсін. Балалық шақты сақтаңыздар!

 

Баян Муртазаева, курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу зертханасының меңгерушісі

Подробнее ...

Сыни ойлаудың жаңа тәсілі

Жамбыл – "Өрлеу" филиалының аға оқытушысы Айша Тулекова кафедра апталық аясында «Визуалды айғақтар арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту» тақырыбында қашықтықтан онлайн – семинар өткізді. Семинардың мақсаты: сыни ойлауда визуалды айғақтардың маңызын және бірлесіп жұмыс жасауда пайдалану ерекшелігін қарастыру. Облыстық семинарға орта білім беру ұйымдарының педагогтері және Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» оқытушылары қатысты. Бұл тақырып мұғалім мен оқушылар арасында диалогтік өзара әрекеттестік арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналды.Сонымен бірге онлайн – семинар барысында қатысушылар тиімді әдіс – тәсілдерді қарастырып, өз сұрақтарына жауап алды.

Жамбыл – «Өрлеу» сіздермен бірге!

                             

Сағадат Қарымбаева, ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы

Подробнее ...

Оқушылардың ғылыми ізденушілікке қызығушылығын қалыптастыру

28 мамыр күні  Жамбыл – «Өрлеу» филиалының инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының апталығы аясында Zoom платформасы арқылы «Ғылыми-зерттеушілік жұмыстарды ұйымдастыру, ШЖМ сабақтарында оқушылардың зерттеушілік құзіреттіліктерін дамыту» тақырыбында on-line семинар өтті. Семинарға облыс бойынша орта білім беру ұйымдары басшылары мен мұғалімдері қатысты.

Семинарды кафедраның аға оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі Райымбекқызы Ақжарқын өткізді.

Педагогтерді әдістемелік қолдау мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, зертеушілік құзіреттіліктерін дамыту жолдары, зерттеу жұмыстарының  жалпы жүйесінің негізгі кезеңдері қарастырылды.

Семинар барысында оқушылардың өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес өзі ашатындығы айтылды.

 

Лайла Сейдазимова, ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы

Подробнее ...

Инклюзивті білім беру тәжірибесі: технологиялар мен тәсілдер

Жамбыл – «Өрлеу» 27 мамыр күні «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында инклюзивті білім беру: проблемалары және оларды шешу жолдары» атты облыстық онлайн-дөңгелек үстел өткізді.

Қатысушылар білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында инклюзивті білім беруді дамытуды қарастырып талқылады, проблемаларды, оларды шешу жолдарын анықтады. Облыстық дөңгелек үстелге отандық және шетелдік ғалымдар, инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін білім басқармаларының (бөлімдерінің) мамандары, білім беру ұйымдарының педагогтары (мектепке дейінгі ұйымдар, жалпы білім беретін және арнайы түзету мектептері), жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелді «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Гульшат Медетбекова кіріспе сөзбен ашып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Проблемалық мәселелерді талқылауды мектепке дейінгі тәрбиелеу және инклюзивті білім беру кафедрасының жанынан құрылған курстан кейінгі қолдау және инклюзияны енгізу зертханасының мамандары ашып, дөңгелек үстелге қатысушылар үшін арнайы дайындалған «Инклюзия идеясы жұмыс істеуі тиіс» атты тақырыпта бейнероликті көруді ұсынылды.

Алматы қаласының түзету педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының арнайы мектептегі білім беру зертханасының меңгерушісі Ирина Елисеева арнайы білім беру жүйесін ешқандай жағдайда инклюзивті біліммен ауыстыруға болмайтынына сенімді. Бұл екі жүйе бір-бірімен өзара тығыз байланыста дамуы тиіс. Қарағанды қаласының «Перспектива» ерте дамыту және түзетуді қолдау орталығының жетекшісі Арман Баграмов, өз сөзінде ҚР Білім беру ұйымдары инклюзивті тәжірибені енгізу немесе жетілдіруі  қай кезеңде жүріп жатқаны туралы мәселе көтерді.

Ресей Федерациясының педагогтері – Екатерина Бредихина, бастауыш сынып мұғалімі, Снежана Пакиева, Башқұртстан Республикасының логопед мұғалімі - инклюзивті интеграция саласындағы үздік тәжірибені көрсетті. «Қамқор жүрек» Қорының спикерлері Елизабет Турнок пен Виктория Шарбоне АҚШ-та инклюзивті білім беруді дамыту тәжірибесін ұсынды.

Жамбыл - «Өрлеу филиалының кітапхана ісінің бас маманы Инна Грицинина тақырыптық Кітап флэшбук дайындап, көрсетті.

Облыстық дөңгелек үстелдің жұмысы біздің өңірде және одан тыс жерлерде инклюзивті білім беруді ұйымдастыру бойынша педагогтардың шығармашылық әлеуетін көрсетті.

 

Айгул Абилова, с.ғ.к., МДТжИББ кафедрасының аға оқытушысы

Подробнее ...

Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру жолдары

27 мамыр күні инновациялық білім беру және ақпаратандыру технологиялар кафедрасы апталығы аясында  Жамбыл – «Өрлеу» аға оқытушысы Ербол Избасаров жалпы білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру жолдары» тақырыбында онлайн кеңес өткізді.

Онлайн кеңесте қатысушылар қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары, оқу процесін ұйымдастыру тәртібі, оқу процесіне қатысушыға қойылатын талаптар және пайдалы интернет ресурстарға сілтемелер мен «YouTube арнасында онлайн трансляцияны жүргізу жолдарына тоқталып өтті.

 

Эльмира Мирзалиева, ИББжАТ кафедрасының меңгерушісі

Подробнее ...

БАҚ материалдарымен жұмыс жасау

26 мамыр күні Жамбыл – «Өрлеу»  тренері Мейрбек Самеков «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының апталығы аясында жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне «БАҚ материалдарымен жұмыс жасау» тақырыбында on-line режимде   вебинар-кеңес өткізді.

Кеңес беру барысында пән мұғалімдері бұқаралық ақпарат құралдарын қашықтықтан тиімді пайдалану жолдары мен газет-журнал материалдары бойынша тапсырмалар әзірлеуге қызығушылық танытты. Ресурс ретінде БАҚ құралдарын пайдалану оқушы бойындағы зерттеушілік қабілетінің артуы мен оқырмандық сауаттылығының жетілуіне әсер ететіні айтылы.

Сонымен қатар, БАҚ материалдарының маңыздылығы, оларды сабақ мақсатына сай таңдау, іріктеу және жіктеу бойынша мысалдар келтіріліп, талқылау жүргізілді. Вебинар кеңес соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, қашықтықтан онлайн кеңес алудың тиімділігіне тоқталып өтті.

Ербол Избасаров,  ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы

Подробнее ...
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ