Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Октябрь 2019 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

Байқаулар

«Азаматшылдық және отаншылдық – Қазақстандық білім берудің басымдықтары» Республикалық байқауын

25.04.17bnr

«Өрлеу» БАҰО» АҚ 2017 жылдың Жедел жоспарына сәйкес «Өрлеу» БАҰО» Акционерлік қоғамының филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2017 жылдың 1 маусымынан 25 маусымы аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған «Азаматшылдық және отаншылдық – Қазақстандық білім берудің басымдықтары» Республикалық байқауын (әрі қарай – Байқау) өткізетіндігін хабарлайды.

Подробнее ...

Республикалық «Үздік ашық сабақ» қысқа мерзімді жоспар байқауы қорытындыланды

 

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспарына сәйкес 2017 жылдың 19 қаңтар мен 20 ақпан аралығында Республикалық «Үздік ашық сабақ» қысқа мерзімді жоспар байқауы ұйымдастырылды. Байқауға жаңартылған білім беру бағдарламасы шеңберінде сертификатталған және соның негізінде бірінші сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер қатысты.

Подробнее ...

«МЕН ОСЫЛАЙ ЖАСАЙМЫН!» ОБЛЫСТЫҚ ON-LINE БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2017 жылдың 1-25 ақпан аралығында «Мен осылай жасаймын!» атты облыстық on-line байқауын өткізді.

Подробнее ...

«Үздік кафедра» байқауы


«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Үздік кафедра» байқауын ұйымдастыру  дәстүрге айналды. Іс-шараны ұйымдастырушы - біліктілікті арттыру институтының әдістемелік дамуды инновациялық қамтамасыздандыру бөлімі.

Байқау 2016 жылдың 1 қарашасынан 30 қарашасына дейінгі аралықта өткізіледі. Байқауға «Инновациялық технологиялар және  жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі», «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру», «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру», «Басқару және білім сапасы» кафедралары қатысады.

Байқаудың басты мақсаты - кафедралардың жалпы жағдайларын зерделеу,  белсенділігін арттыру және ынталандыру, педагог оқытушылар құрамы арасында корпоративтік ахуалды қолдауға жағдай жасау, сондай-ақ бәсекелестік элементтерін  енгізу.

Кафедра оқытушыларының тәжірибелік жұмыстары келесі  критерийлермен бағаланады:

  • әдістемелік жұмыс;
  • оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын ендіру;
  • ғылыми-зерттеушілік іс-әрекет;
  • шет мемлекеттердің білім беру және ғылыми ұйымдарымен халықаралық ынтымақтастық;
  • баспа қызметі;
  • курстық дайындықтар, семинарлар, вебинарлар негізінде біліктілікті көтеру;
  • оқытушылардың жұмысы;
  • кафедра отырыстарының нәтижелілігі;
  • кабинеттердің безендірілуі;
  • кафедраның негізгі жұмыс бағытына сәйкес эмблемасы, девизінің болуы;
  • филиалдың ресми сайт беттеріндегі кафедраның жағдайы.

Үздіктердің үздігі атағына үміткерлер, соңғы уақыттағы педагогикалық теория мен тәжірибедегі барлық жетістіктерін көрсетеді. Ал қызметкерлер жұмысының  шынайы бағасын байқаудың әділқазылары береді.

Институттың ішінде осындай іс-шараларды өткізу кәсіби деңгейдің өсуіне, отандық білім жүйесіндегі ортақ  істі орындауға талпыныстағы ұжымның бірлігіне ықпал етеді. Педагогикалық шеберлік, озық тәжірибе мен көшбасшылардың қатарында болуға ұмтылыс – табыстың негізін құрайды.

Байқау ережесі

Подробнее ...
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ