«БАҚЫТ ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЕЙНЕ ИНТЕРНЕТ-ЖОБАСЫНЫҢ КОНКУРСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
Құрметті ата-аналар, облыс педагогтері!
Сіздерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жас ұрпақтың жоғары рухани-адамгершілік, әлеуметтік және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, сондай-ақ отбасының рөлі мен маңыздылығын арттыру мақсатында кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар арасында ұйымдастырып отырған «Бақыт отбасынан басталады» атты жаңа республикалық бейне интернет-жобасының конкурсына қатысуға шақырамыз.
Жобаға қатысуға өтінімдерді 2020 жылдың 25 сәуіріне дейін Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштаға жолдау қажет.
Конкурсқа қатысты барлық материалдар YouTube видеохостингінің базасында «Бақыт отбасынан басталады» атты арнасында орналастырылған.
Сілтемесі: https: //www.youtube.com.channel/UCDk8VTYbfi0IUgdXNR6Luw.
Конкурс туралы ережемен Жамбыл – «Өрлеудің» сайтындағы мына сілтеме арқылы таныса аласыздар: https://cloud.mail.ru/public/3xLw/QuruqonDB
#үйде отырыңыз #біз біргеміз