Smart rus

springer

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Ноябрь 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

КОНТАКТЫ

• Адрес: Жамбылская область, г.Тараз, п-кт Толе би 69А  

• Телефон: 8(7262)-54-61-81

• E-mail: ins_pk@mail.ru

Сарқылмайтын тәрбие көзі

Жамбыл – «Өрлеу» педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату, педагог мәртебесін нығайтуға және оның имиджін арттыруға жәрдемдесу мақсатында өңірдің үздік педагогтарын тарта отырып, түрлі іс-шаралар ұйымдастырады.

13 қазан күні Тараз қаласы техникалық шығармашылық орталығының қосымша білім беру педагогы Ушикина Ольга Николаевна облыс педагогтеріне «Қазақ ұлттық стилінде тоқыма материалдарынан тұрмыстық заттарды   орындау» тақырыбында онлайн-шебер сынып өткізді.

Шеберлік сыныбының «Үйде қолданылатын дәстүрлі қазақ заттары және олардың көркемдік-эстетикалық құндылығы» атты бірінші бөлімі қазақ халқының қалыптасқан тұрмыстық дәстүрлері мен үйде қолданылатын заттары туралы шолу, танысу материалдарын қамтыды. Халықтық қолөнер дәстүрін ұстана отырып, киіз үйлердің  жабдықтары мен жиһаздары көшпелі тұрмыс талаптарына сәйкес болғаны белгілі.

Екінші бөлімде өскелең ұрпақты туған өлкенің дәстүрлі қолөнер техникаларымен таныстыра отырып, олардың бойында патриоттық сана-сезімді қалыптастыру мәселелері қозғалды. Өйткені балаларға ежелгі әдет-ғұрыптарды, қолөнерді, ата-баба дәстүрін көрсете отырып, біз оларда туған өлкеге, өз тарихымыз бен мәдениетімізге деген сүйіспеншілікті оятамыз.

Шебер-сыныптың үшінші бөлімінде «аяқ қап» аспалы сөмкесін жасау технологиясы көрсетілді. Оны жасау кезінде өткен дәуірлерден сақталған қолмен тігу, сәндеу жолдары көрсетілді.

Шебер-сынып соңында қатысушылар шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, ұзаққа созылған тарихта далалық кеңістік тұрғындары өскелең ұрпақты тәрбиелеуде бай тәжірибе жинақтады, халықтың шығармашылық тәжірибесі, адам мінез-құлқының ережелері, нормалары мен принциптері біріктірілетін әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді құрды деген қорытынды жасалды.  

Баян Муртазаева, курстани кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу зертханасының меңгерушісі

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926РАБОТНИК МЕСЯЦА
КАРЫМБАЕВА С.М.
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ