Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Май 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін графикалық органайзерлерді қолдану

Бүкіл әлем әлі де карантинде, ал Жамбыл – «Өрлеу» филиалы карантин жағдайына қарамастан, облыстың жалпы білім беретін мектеп педагогтеріне қашықтан курстан кейінгі әдістемелік қолдау көрсетуде. Институттың білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасы апталығының аясында кафедраның тренері Жанар Хайрушева  жалпы білім беретін мектептердің  орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері үшін ZOOM бағдарламасының негізінде «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін графикалық органайзерлерді қолдану» тақырыбында онлайн-кеңес өткізді.

Кеңесте тренер ерекше білім беру қажеттіліктері бар  балаларды оқытуда қолданатын  графикалық органайзер  ұғымына,  түрі мен мүмкіндіктеріне терең тоқталды. «Тарих картасы» (поезд тарихы), «Қалай? Сызбасы», «Неге? Сызбасы», «Сезім ағашы», «Желкен тарихы» және тағы басқа да графикалық органайзерлерді қолданудың   әдістемесінен мысалдар келтірілді.  Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға  жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеуде графикалық органайзерлердің түрлерін пайдаланудың  мәселесі де талқыланды.

Педагогтер кеңес беру іс-шарасының соңында теренерге құнды, пайдалы ақпарат пен  кеңес алғандығы туралы кері байланыс берді және де төртінші тоқсанның жиынтық бағалау тапсырмаларын құруда таптырмас әдістемелік нұсқау  болғандығы, сонымен қатар қашықтан ұсынылатын кеңестер  педагог үшін маңызды екендігі айтылды.

Облыс педагогтері онлайн-кеңесті ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді және осындай іс-шаралар қашықтан оқыту жағдайында керек екендігін атап өтті.

Баян Байхадамова, ББПППС кафедрасының аға оқытушысы

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ