Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Июнь 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

Жасөспірімдер арасындағы қақтығыстардың алдын алу

18 мамыр күні Жамбыл – «Өрлеу» білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасы апталығының аясында «Жасөспірімдер арасындағы қақтығыстардың алдын алу ерекшеліктері» тақырыбында  облыстық онлайн - дөңгелек үстел өтті. Іс-шара жасөспірімдердің виртуалды кеңістікте және отбасы, мектеп, қоршаған ортадағы құқық бұзушылықтың алдын алу және агрессия деңгейін төмендету жолдарын талқылау мақсатында ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге Жамбыл  ювеналды полиция және заң кеңсесінің қызметкерлері, облыстық және аудандық білім басқармаларының өкілдері, жалпы және арнаулы орта  білім беретін мектеп  психологтері мен  әлеуметтік педагогтер қатысты.

Жамбыл – «Өрлеу» филиалының директоры Гульшат Медетбекова іс-шараны кіріспе сөзбен ашты және буллинг пен кибербулингтің алдын алу бүгінгі күннің өзекті тақырыбы екенін атап көрсетті.

Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы Бахыт Жақсылықова өз баяндамасында «Баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы ic-қимыл және жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау мәселелерін шешу жөніндегі» Жол картасымен таныстырды.

Жамбыл облысы ІІД КЖИ ювеналдық полиция бөлімінің жетекшісі, полиция подполковнигі Қуанышбек Қалжанов өз сөзінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне тоқталып өтті. Жамбыл облысы білім Басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов «Оқушылар мен колледж студенттері арасындағы кибербуллинг» тақырыбында баяндама жасады.

Жасөспірімдердің қақтығысқа байланысты мәселелерін шешудегі әлеуметтік ұйымдардың өзара байланысы туралы Жамбыл - «Өрлеу» тренері Фарида Кулен айтып өтті. Жуалы ауданы білім бөлімінің әдіскері Зейнеп Дауренованың баяндамасы  «Әлеуметтік ортадағы буллинг» тақырыбына арналды. Тараз қаласындағы №7 орта мектеп директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Юлия Фризен жасөспірімдердің  мектеп пен отбасындағы психологиялық жайлылығы мен  қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәжірибесімен бөлісті. №39 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Перизат Орашеваның баяндамасы «Мектептегі құқықтық  тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы және психологиялық қызмет» тақырыбына арналды.

Онлайн-іс-шараға 100-ден аса қатысушы тіркелді, ол дегеніміз – көтеріліп отырған мәселенің өзектілігінің көрсеткіші.  Дөңгелек үстелдің соңында іс-шараның модераторы Фарида Кулен қатысушылар қабылдаған ұсынымдармен таныстырды.

 

Елена Бегалиева, к.ф.н., доцент кафедры ППСОП

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ