Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Июнь 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

Облыстық семинар-практикум жұмысы қашықтықтан өтті

Жамбыл – «Өрлеу» институты мектепке дейінгі тәрбиелеу және инклюзивті білім беру кафедрасының апталығы аясында аға оқытушылар Мадина Садибекова мен Магира Сопбекованың ұйымдастыруымен мектепке дейінгі жастағы балалардың  ұсақ моторикасы арқылы тілін дамыту мәселесінде педагогтердің құзыреттілік деңгейін көтеру мақсатында «Мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамытуда ұсақ моториканың маңызы» облыстық on-line семинар-практикумы өтті.

Іс-шараға Жамбыл облысына қарасты Тараз қаласы, Шу, Жуалы, Жамбыл, Байзақ, Меркі және Қордай аудандарының мектепке дейінгі ұйымдарының педагог қызметкерлері қатысты.

Еліміздегі төтенше жағдайды ескере, семинар-практикум жұмысы ZOOM платформасымен қашықтықтан өткізілді. 

Семинар-практикум барысында әр аудан қатысушылары өздерінің жаңашыл әдістерімен бөлісе отырып,  шебер-сынып көрсетті. Шебер-сынып барысында қатысушылар мектепке дейінгі жас баласын 4К моделіне сай жан-жақты тұлға болып қалыптасуында негізгі ұстанымдарын айқын көрсете біліп, ұсақ моториканы дамыту арқылы сөйлеу тілін қалыптастырудың оңтайлы жолдарын ұсынды.

№41 «Айналайын» бөбекжай-бақшасының әдіскері Гулнур Устаева және  №43 Еркеназ бөбекжай-бақшасының әдіскері Жарқынай Отошева семинар-практиумға қатысушыларға өздерінің тарапынан әдістемелік қолдау көрсете білді. Семинар-практикум жұмысы өз мақсатына толығымен жетті, институт оқытушылары қатысушылар үшін маңызды ой бөлісу алаңын құрып, қатысушылар Жамбыл – «Өрлеу» біліктілікті арттыру институына алғыстарын білдірді.

Жамбыл – «Өрлеу» әрқашан сіздермен бірге!

Лайля Темирханова, МДТжИББ кафедрасының меңгерушісі

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ