Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Май 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

Ұлы тұлғаны ұлықтау

Жамбыл-«Өрлеу» филиалының мектепке дейінгі тәрбиелеу және инклюзивті білім беру кафедрасы мамыр айының 1-нен бастап 15-не дейінгі аралықта кафедра апталығын ұйымдастыруда. Апталықтың бірінші күні кафедраның аға оқытушылары Несипкул Курмашева, Андия Бейсенкулова және кітапхана ісінің бас маманы Инна Грицинина Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдыға арналған«Әл Фараби әлемі» атты онлайн тарихи-танымдық викториналық ойын ұйымдастырып өткізді. Викториналық ойынның мақсаты – ойшыл-ғалым Әл-Фарабидің өмірбаянымен, шығармашылығымен жақын танысу, оның ғылыми еңбек мұраларын ой-електен өткізу, ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы әңгімелеу, өзара пікір алмасу. Командалық ойынға Талас ауданы, Қаратау қаласы мектеп-лицейінің және Тараз қаласы №53 Қ.Тұрысов атындағы мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Іс-шара барысында Әл-Фарабидің ғылыми еңбектері туралы виртуалды кітап көрмесі көрсетілді. Ойын интеллект пен эрудицияны қолдануға негізделді, командалар ғұлама ғалымның өмірі, ғылыми еңбектері, шығармашылығына байланысты бейне сұрақтарға жауап берді, сөзжұмбақ шешті. Сонымен қатар практикалық тапсырмалар орындады. Несипкул Курмашева  «Тегтер бұлты» атты браузер арқылы жүргізген онлайн шебер сыныбы педагогтердің  шығармашылығы мен кәсіби біліктілігін шыңдай түсті.

Танымдық викториналық ойын соңында қатысушыларға алғыс хаттар тапсырылды.

Қорытындылай келе, педагогтер оқыту процесінде  ұлы ғалымның тұжырымдамаларын ұлттық құндылықтар ретінде тақырыптармен тиімді байланыстыруға болатынына көз жеткізді.

Жамбыл – «Өрлеу» өз серіктестеріне үнемі қолдау көрсетеді.  

#үйде_болыңыз #біз_біргеміз

 

Магира Сопбекова,МДТИББ кафедрасының аға оқытушысы

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ