Мектепке дейінгі тәрбиелеу және инклюзивті білім беру кафедра апталығының ашылуы
«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және инклюзивті білім беру» кафедрасы «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалдарының ПОҚ және педагог қызметкерлерін кафедра апталығының ашылуына шақырады.
Өткізілетін мерзімі: 11.05.2020ж., онлайн-форматта
Уақыты: сағат 10.00-де
Мақсаты: мектепке дейінгі, бастауыш және инклюзивті білім берудің инновациялық қызметінің педагогикалық тәжірибесін тарату: жаңа мазмұн, формалар, технологиялар; қашықтықтан оқыту жағдайында педагогтердің жұмысында заманауи әдістер мен амалдарды практикалық қолдануда көрсету.
2020 жылдың 11-15 мамыр аралығында кафедра тренерлері мен оқытушылары сіздерге көптеген қызықты, ақпаратты іс-шаралар өткізеді.
Іс-шаралардың барлығы ZOOM платформасында өтетін болады.
Сіздерді белсенді қатысуға шақырамыз!