Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Июнь 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

Абай мұрасы әлемдік руханият кеңістігінде

Жамбыл – «Өрлеу» филиалының инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі Сағадат Қарымбаева   4 мамыр күні Қайнар академиясы тілдер және журналистика кафедрасы ұйымдастырған ұлы ақын, философ, аудармашы, композитор, қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай мұрасы әлемдік руханият кеңістігінде» атты Халықаралық онлайн-конференцияға қатысты. Онлайн-конференцияның мақсаты – әлем мойындаған дана ұстаз, адамзаттың ақыны, ұлы ойшылдың шығармашылық мұрасын дәріптеу. Абайдың асыл мұрасы мен даналық сөздері бүкіләлемдік қазынаға қосылған алтын қор екенін дәлелдеу. Вебинар жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізілді. Конференция жұмысына Франция, Түркия, Нидерланд, Греция, Польша және Қазақстан елдерінің ғалымдары қатысты. Ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференцияда Қарымбаева Сағадат Абайдың әлемдік деңгейде тұлғалық бейнесіне берілген жоғары бағасына куә болды және ұлы жазушының ұрпағы Әуезова Зифа Мұратқызының «Қазақ әдебиетінің мәңгілік оты» тақырыбындағы ғылыми еңбегімен танысты.

Қайнар академиясы тілдер және журналистика кафедрасы ұйымдастырған Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық онлайн-конференция ҚР Президенті Қ-Ж.Тоқаевтың Семейде ақынның жерлестерімен кездесуде айтқан: «Абай, шын мәнінде, қазақ болмысының айнасы. Ақынның дара тұлғасы – халқымыздың руханиятын әлемге танытатын теңдесі жоқ құндылық. Дүниежүзі әдебиетінде Абай сияқты ақын, ағартушы, ойшыл, сыншы кемде-кем. Абай, шын мәнінде, қазақтың біртуар перзенті», - деген сөзінің дәлелі болды. Бүгінде Абай мұралары әлемдік деңгейде талқыланып, өзінің биік бағасын алып жатыр. Ұлы ақынның шығармалары бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпағандығының дәлелі. Абайдың ой-тұжырымдары адамзат баласына қашанда рухани азық болған және солай болып қала береді.

Эльмира Мирзалиева, ИББжАТ кафедрасының меңгерушісі

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ