Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Май 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

Зорлық-зомбылықсыз оқшаулану

«Зорлық-зомбылықсыз карантин» жобасының аясында  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚБАИ базасында мұқтаж жандарға кеңес беру және психологиялық қолдау көрсету, сондай-ақ ата-аналардың балаларды тәрбиелеуінде оң мотивациясын қалыптастыру мақсатында Call-орталық құрылды. Call-орталықтың әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсетудің алдын алу бойынша тиімді іс-шараларын өткізу мүмкіндігі бар.

«Зорлық-зомбылықсыз оқшаулану» жобасы  құқық қорғау органдарының, көпшілік қауымның назарын аудару, Дағдарыс орталықтары мен  әйелдерді, балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелер инспекторларын тарту, қазіргі жағдайда тұрмыстық зорлық-зомбылық көріп отырғандарға жедел және  қолжетімді психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету мақсатын көздей отырып құрылды. Әйелдер мен балалар үйде мүлдем қауіпсіз жағдайда болуы керек.  

Call-орталықтың міндеттері: ата-аналар арасында кеңес беру-алдын алу жұмыстарын жүргізу, ата-аналармен баланы жанұяда тәрбиелеу мәселелерін талқылауды ұйымдастыру, ата-аналармен іскерлік қарым-қатынас орнату, ата-ананың жанұя алдындағы жауапкершілігі мен құзыреттілік деңгейін арттыру, жанұядағы эмоционалдық жағдайды жақсарту.

Отбасындағы балаларға қатысты қатыгездік пен  зорлық-зомбылық мәселесі тек қана олардың алдын алумен емес, сонымен қатар ата-ананың өздерінің балаларына қарым-қатынасын өзгерту, әңгімеге тарту, ата-аналар тарапынан тәрбие беру мотивациясын қалыптастырумен де байланысты.   Одан басқа, ата-аналар мен балалардың құқықтық сауаттылығына ықпал ететін іс-шаралар да өте қажет.  

Кеңесті психолог, филиалдың мектепке дейінгі тәрбиелеу және инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушысы Асия Сейтжапарова жүргізеді. Психологиялық көмек пен кеңесті мына телефондар арқылы алуға болады: 87782501111, 87475900686.

Біз де «Карантин без насилия» челленджінен шет қалмаймыз және оны қолдаймыз, осындай орталықпен бірге филиал «Мен, құрған үй-жай» жобасын іске қосты.

#үйде отырыңыз #өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз #біз біргеміз

Шынар Тойғанбекова, п.ғ.к., қауым.профессор, директордың орынбасары

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ