Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Июнь 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

Психологиялық қызмет әрқашан өзекті

«Оқушының өзін-өзі ұстауы мен эмоционалдық жағдайы педагогтер мен ата-аналарды толғандырған мәселе болып келді және солай болып қала береді. Бүгінгі күні осы тақырып күн тәртібіндегі маңызды мәселенің біріне айналды, - деп атап көрсетті 29 сәуір күні Жамбыл - «Өрлеу»  білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушысы  Фарида «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің аспектілері: тәжірибесі мен жетістігі» атты Республикалық он-лайн  конференциясында «Психологическая служба в обеспечение безопасной образовательной среды»  тақырыбында жасаған баяндамасында.

Өз баяндамасында тренер филиалдың ББПППС кафедрасы оқытушыларының курстан кейінгі кезеңде қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етудегі психологиялық қызметті жетілдіру бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Спикердің басты назар аударған мәселесі Қазақстанда қолға алынған мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары, дегенмен алдыңғы қатарлы дамыған елдердегі буллингпен күресу шараларымен салыстырғанда елімізегі оның ауқым аз екенін де естен шығармау керектігі айтылды. Сондықтан ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан мектептердегі  агрессия, зорлық және кемсіту деңгейін төмендету бойынша психологтарға көрсетіліп отырған көмекті атап кету керек. Осы шара аясында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарында педагог-психологтардың біліктілігі үнемі арттырылып отырады.

Педагог-психологтардың біліктілігін арттыру бойынша қысқа және ұзақ мерзімді жоспарларға сәйкес, тақырыптық семинарлар, тренингтер, шебер-сыныптар өткізіледі. Буллингпен күрес барысындағы айтарлықтай бастаманың бірі педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарының білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтерге арналған «Жасөспірімдер арасында суицидтің, мектепте зорлық-зомбылықтың алдын алу және қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету»  тақырыбындағы білім беру бағдарламасы болып табылады.

Өз баяндамасын Фарида Кулен мынандай аксиомамен бітірді: буллинг – тек қана мектептің емес, сонымен қатар қоғамның да үлкен мәселесі екенін естен шығармау керек. Сондықтан, буллингтің алдын алу - бұл құбылыстың ауқымын қысқартуға, оған тартылған жасөспірімдер – «басқыншылар» және «құрбандар» мен олардың санын азайтуға көмектеседі.

Жамбылдық спикердің баяндамасы тақырыптың маңыздылығын ашып көрсетті және тиімді кері байланыс берді.

Елена Бегалиева, ф.ғ.к., ББПППС кафедрасының доценті

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ