Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Июнь 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

Қашықтан оқытудағы критериалды бағалау жүйесі

28 сәуір күні Жамбыл-«Өрлеу» институтының тренері Аманкуль Есмырзаева Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетімен бірлесе отырып  «Білім беруді  жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбында қашықтықтан бағалауды қалай ұйымдастыруға болады деген  өзекті тақырыпта  on-line режиміндегі оқу-әдістемелік семинар өткізді.

Семинар пән мұғалімдеріне қашықтықтан оқыту жағдайында пәнді оқытудың ерекшеліктері, сабақты жоспарлау, кері байланысты ұйымдастыру ұсыну жолдарын талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қатысушылар еліміздегі індет пандемиясына байланысты ҚР Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағанбетовтың берген тікелей сұхбаты аясындағы мәліметтермен бөлісті. Атап айтқанда, ағымдағы жылғы ҰБТ тапсырудың жаңа шарттары, 1-11 сыныптардағы ІҮ тоқсанды қорыту ерекшеліктері,  қосымша санитарлық шектеу шараларының қабылдануы, ҰБТ-ға қатысуға өтінім беру уақыты т.б. мәселелер де назардан тыс қалған жоқ.

 

On-line режиміндегі оқу-әдістемелік семинар барысында жыл соңында бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) мен тоқсандық жиынтық бағалауды (ТЖБ) қашықтан қалай ұйымдастыру қажеттілігі айтылып, облыстың әдістемелік кабинеттерінің әдіскерлері мен педагог қауымына соңғы тың ақпараттар берілді.

Сонымен бірге семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, кері байланыс жасалды.

Іс-шара соңында педагогтер қазіргі еліміздегі қалыптасып отырған төтенше жағдайға сабырмен қарауды ұсынып, #БІЗ БІРГЕМІЗ# ұранымен тәмамдады.

Кунсулу Таукебаева, т.ғ.к., ББППС кафедрасының  меңгерушісі

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ