Smart rus

Smart rus

bl

president1ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК
« Май 2020 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Байланыс

Мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қ., Толе би даңғылы 69А  

Телефон: 8(7262)-54-61-81

E-mail: ins_pk@mail.ru

Курстан кейінгі қолдау қашықтан жалғасуда

23 cәуір күні Жамбыл - «Өрлеу» «Қашықтықтан оқыту мен онлайн оқудың ерекшеліктері» тақырыбында WhatsApp жүйесіндегі байланыс арқылы онлайн-кеңес ұйымдастырды. 10 сәуір күнгі баспасөз-хабарламада министріміз Асхат Аймагамбетов қашықтан оқыту және онлайн оқыту бірдей емес екенін айтып өткен болатын.

Кеңесті мектепке дейінгі тәрбиелеу және инклюзивті білім беру кафедрасының тренері Андия Беисенкулова өткізді. Онлайн-кеңес педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Онлайн-кеңес барысында талқыланған ең басты мәселе онлайн оқыту мен қашықтан оқытудағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар туралы болды. Бастауыш сынып педагогтерінің атқарып жатқан жұмыстары мен бастауыш сынып оқушыларын қашықтан оқытудағы қиындықтары талқыланып, онлайн және қашықтан оқытуда пайдаланылатын түрлі модельдер қарастырылды.

Бастауыш сынып мұғалімдері Интернет, компьютерге немесе интернетке қосылған басқа да гаджетті пайдаланады, ал мұғалімдердің айтуынша, білім алушылар білім мен дағдыларын онлайн оқыту арқылы және телеарналардағы сабақтар, сонымен қатар Zoom,  Classroom т.б. түрлі бағдарламалар арқылы игеруде.

Онлайн оқыту мен қашықтан оқытудағы негізгі ұқсастық — өз бетінше білім алу, яғни жаңа білім мен дағдыларды алу үдерісі және қашықтықтан оқыту мен онлайн оқыту ұғымы тек оны пайдалану жиілігінде ерекшеленетінін және олар бірдей болып, келесі қасиеттерге ие: ыңғайлы кесте (кез келген уақытта жұмыс істеуге болады), ұтқырлық (оқыту барысында білім алушымен тиімді кері байланыс жүргізіледі).

Онлайн оқыту мен қашықтан оқытудағы бірегейліктеріне қарамастан, осы кеңес барысында мынаған көз жетті: мұғалімдеріміз IT-құзыреттіліктерді игеруге, ал Жамбыл – «Өрлеу» тренерлері – өзекті білім мен дағдыларды беруге дайын.

Магира Сопбекова,  МДТжИББ кафедрасының тренері

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

Наверх
 
nazarbayevПРЕЗИДЕНТ РК
 
МИНИСТР ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
 
akhmetovaПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ
АО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 
DSC 3926x3926 ДИРЕКТОР
ФАО "НЦПК "ӨРЛЕУ"
 

ВИДЕОГАЛЕРЕЯ